Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

2 Тапсырма

Келесі бекітулерді толықтырыңыз.

  1. Өкпе эмфиземасы дегеніміз ......(29 сурет)

  2. Өкпе эмфиземасының негізгі клиникалық белгілері....

  3. Тыныс жеткіліксіздігі дегеніміз.....

  4. Тыныс жеткіліксіздігінің түрлері:

  1. ...

  2. ...

  3. ...

  1. Тыныс жеткіліксіздігін ағымына байланысты келесі түрлерін ажыртамыз:

  1. ...

  2. ...

  1. Пневмосклероз дегеніміз ....

  2. Өкпелік жүрек дамиды мынаның нәтижесінде...

29 Сурет

Ситуациялық есептер

1 есеп

Науқас И. 45 жаста. Ер кісі 13 жасынан бері тас кесуші болып жұмыс атқарады. Жұмысқа шықпай тұрып өзін денім сау деп есептеген, бірақ үш жыл бұрын науқастан шаң тозаңдық бронхит анықталған. Бүгін жұпыны кілегейлі қақырықпен ұстама тәрізді жөтелге, айқын эспираторлы ентігуге, әсересе жатқан кезде күшейеді, жалпы әлсіздік, тершеңдікке шағымданып келді.

Тексергенде: кеуде клеткасы бөшке тәрізді, диффузды цианоз байқалады. Перкуссияда өкпе үстінде қорапты дыбыс анықталады. Тынысы қатқыл, өкпенің барлық беткейінен әсіресе дем алған кезінде құрғақ сырылдар естіледі.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Кеуде клеткасының рентгенограммасында нені анықтауға болады (30 сурет)?

  3. СТҚ зерттеуінің болжамды қорытындысы.

30 Сурет

2 есеп

Науқас В. 47 жаста. Ер кісі асқазан ойық жара ауруына операция жасалуына байланысты хирургиялық бөлімшеде жатты. Операциядан кейін сол аяғы тромбофлебитпен асқынды. 7 күннен кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады, ентігу, кеуде клеткасында ауырсыну, қан қақыру пайда болды. Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, сол жақ балтырының ісінуі байқалады. ТАЖ минутына 28 рет, ентігу науқас вертикальды жағдайында күшейеді. Өкпені перкуссиялағанда өкпелік дыбыс, аускультацияда везикулярлы тыныс естіледі. Тамыр соғысы минутына 120 рет, ырғақты, жүрек тондары таза. Өкпелік артерия үстінен 2 тон акценті күшейген. АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Ішін палпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр мен көк бауыр ұлғаймаған. Үлкен дәреті мен кіші дәреті қалыпты, температурасы 37,1 С. Зәр анализінде патологиялық өзгеріс жоқ. ПТИ 98%, қан ұю уақыты 2 минут 10 с.

  1. Диагнозды тұжырымдаңыз және негіздеңіз (31 сурет). 31 сурет

  2. Дифференциалды диагноз жүргізіңіз.

  3. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексерулер жүргізу қажет?

  4. Емдеу тактикасын анықтаңыз.

  5. Хирургиялық және терапиялық алдын алу әдістерін атаңыз.

  1. есеп

Науқас Б. 24 жаста. Ер кісі ауруханаға оң жақ кеуде клеткасының бірден қатты ауырсынуына, ауырсыну қолтық асты аймағына, оң жақ жауырын астына және іштің жоғары аймағына берілуіне, ентігуге шағымданып келді. Ауырсыну футбол ойнап жүргенде кенеттен басталған.

Келіп түскен кезде: жағдайы ауыр, диффузды цианоз, тынысы қиындаған, ТАЖ минутына 30 рет, денесін суық тер басқан. Тамыр соғысы минутына 110 рет, жіп тәрізді. Мойын веналары ісінген, оң жақ кеуде клеткасы кеңейген, қабырғааралықтары тегістелген. Өкпені перкуссиялағанда қорапты дыбыс естіледі. Оң жақта дауыс дірілі жоқ, тынысы әлсіреген. Сол жағында аускультацияда – өкпелік дыбыс, тынысы везикулярлы, бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұрады.

  1. Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.

  2. Ауру пайда болуына әрекет еткен себептерді атаңыз?

  3. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексерулер жүргізу қажет? 32 суретте қандай зерттеудің нәтижесі көрсетілген?

  4. Науқасты жүргізу іс әрекетін таңдаңыз?