Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

2 Тапсырма

Қосымша келесі бекітулер.

  1. Пневмония жіктелуінің келесі түрлері:

  1. ...

  2. ...

  3. ...

  4. ...

  1. Ауруханадан тыс пневмония деген…

  2. Ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғышы -…

  3. Ауруханадан тыс пневмония дамуына әкелетін қауіпті факторларға жатады:...

  4. Ауруханаішілік пневмония дамуына әкелетін қауіпті факторлар:...

  5. Бөліктік пневмонияның даму сатысы:

  1. ...

  2. ...

  3. ...

  1. Бөліктік пневмонияның бастапқы сатысында аускультатцияда тыңдалады....

  2. Жедел пневмония асқынуы:....

  3. Пневмонияны негізгі диагностикалық әдістері-…

3 Тапсырма

Сұрақтарға (1-6) қатысты дұрыс жауаптарын (А-Е) табыңыз.

  1. Ауруханаішілік пневмонияға тән сипаттамасы?

  2. Ауруханаішілік пневмонияның қауіпті факторы.

  3. Пневмонияның негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.

  4. Пневмония асқынулары қалай бөлінеді?

  5. Пневмонияның өкпелік асқынуына не жатады?

  6. Пневмонияның этиотропты емін немен жүргізеді?

  1. Өкпелік және өкпеден тыс.

  2. Мүмкін болса қоздырғышына сезімтал антибиотиктер.

  3. Жасы, өкпенің, жүректің, бүйректің, АІЖ созылмалы аурулары, иммунтапшылық жағдай, темекі тарту, алкоголизм, саяхаттау (поезд, самолет, вокзал, қонақ үй), құстармен, кеміргіштермен және басқа да жануарлармен қатынас болса, желдеткіш, суықтың жиналуы.

  4. Науқас стационарға түскеннен кейін 48 сағаттан кейін дамитынауыр ағымды, жиі ауыр асқынулар.

  5. Өкпе абцессі, плеврит, плевра эмпиемасы, бронхообструктивті синдром, жедел тыныс жеткіліксіздігі.

  6. Кеуде клеткасының ауырсынуы, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, ентігу,жөтелдің бірден басталуы. Объективті тексергенде: зақымдалған аймақтың тыныс алу актісінен қалыңқылығы, перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда - ылғалды сырылдар, сықыр, бронхофония күшейген.

4 Тапсырма

Ауруханадан тыс (А) және ауруханаішілік(Б) пневмонияға қатысты белгілерді бөліңіз:

  1. Жиі эпидемия уақытында дамиды.

  2. Стационарға түскеннен кейін екі тәулік және одан да көп уақыттан кейін дамиды.

  3. Ауыр ағым, асқынуының тез дамуы, жоғары өлім көрсеткіші тән.

  4. Қоздырғышы жиі пневмококк болып табылады.

  5. Грамм теріс бактериялардың жиі қоздырғышы болып табылады: көк ірің таяқшалары, клебсиелла, ішек таяқшалары, протей, стафилакокк.

  6. Дамытатын қауіпті факторы:реанимация және интенсивті терапия бөлімшелерінде болуы, септикалық жағдай, операциядан кейінгі уақыт, жасанды өкпе вентиляциясы, бронхоскопия және тағы басқалары.

  7. Дамытатын қауіпті факторы: жасы, темекі тарту, өкпенің созылмалы аурулары, иммунтапшылықты жағдай, суықтау, құстармен, кеміргіштермен қатынас, саяхаттау және тағы басқа.

  8. Клиникалық белгілері:қақырық аралас жөтел, ентігу, зақымдалған аймағында дем алғанда ауырсыну сезімі, қалтырау, тершеңдік, өкпенің бөліктік тығыздалу синдромының объективті белгілері.

Ситуациялық есептер

1 есеп

Науқас 40 жаста реанимация бөлімшесінде жатқан ауыр операциядан кейін, үшінші тәулікте дене температурасы 39 С дейін көтерілді, сары түсті қақырық аралас жөтел пайда болды. ТАЖ минутына 26 рет. Өкпесінде дыбыс перкуторлы – оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде тұйықталған өкпелік дыбыс естіледі. Аускультацияда – әртүрлі калибрлі ылғалды сырыл естіледі. Тамыр соғысы минутына 90 рет, ырғақты, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Іш аймағын пальпациялағанда құрсақты тітіркендіру белгілері жоқ.

Кеуде клеткасының кең ауқымды рентгенограммасында –оң жақ өкпенің 6-8 сегментте біртекті емес ошақты инфильтрация байқалады.

  1. Болжамды диагнозды құрастырыңыз және негіздеңіз.

  2. Болжамды инфекция қоздырғышы.

  3. Осы патологияда науқасты тексерудің диагностикалық әдісін атаңыз? Ұсынылған жалпы қан анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№1 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 20.01.08 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :5. Дәрігерге : Семенова Каверин, 40 жас.

Көрсеткіштер

СИ мөлшер бірліктері

Гемоглобин

Е

Ә

105 г/л

130,0- 160,0

120,0-140,0

г/л

Эритроциттер

Е

Ә

3,4 х 10 12/л

4,0-5,0

3,9-4,7

Х 10 12/л

Түстік көрсеткіш

0,85-1,05

Гемоглобиннің 1 эритроциттегі орташа құрамы

30-35

пг

Ретикулоциттер

2-10

0/00

Тромбоциттер

180,0-320,0

Х 10 9/л

Лейкоциттер

9,0 х 10 9/л

4,0-9,0

Х 10 9/л

% х 10 9/л

Метамиелоциттер

% х 10 9/л

Таяқша ядролы

9%

1-6

0,040-0,300

% х 10 9/л

Сегментядролы

60%

47-72

2,000-5500

% х 10 9/л

Эозинофилдер

2%

0,5-50

0,20-0,300

% х 10 9/л

Базофильдер

0-1

0-0,065

% х 10 9/л

Лимфоциттер

20%

19-371

200-3000

% х 10 9/л

Моноциттер

9%

3-11

0,090-0,600

% х 10 9/л

Плазматикалық клеткалар

% х 10 9/л

Эритроциттердің тұну жылдамдығы

Е

Ә

38 мм/сағ

2-10

2-15

мм/сағ

  1. Емдеу схемасын құру.

  2. Рецептті тағайындау парағына рәсімдеңіз.

2 есеп

Науқас И. 18 жаста, қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригдасымен құрғақ жөтел, әлсіздіктің күшеюіне, ентігуге, дене температурасының 38,5 -39 С дейін жоғарылауына шағымданып келді. Суықтаған, ауруы жедел басталды, оң жақ кеуде клеткасының ауырсынуы, дем алғанда ауырсыну күшейеді. Кешкі уақытта дене температурасы жоғарылады, ентігу пайда болады. ТАЖ минутына 28 рет, тері жамылғысы бозғылт, еріндеріне ұшық шықан. Науқас тыныс алғанда оң жақ кеуде клеткасы қиындықпен қатысады. Перкуссияда – бүйірінде және оң жақ кеуде клеткасының төменгі бөліктерінде перкуторлы дыбыстардың тұйықталады, аускультатцияда бронхиалды тыныс естіледі. Сол жақта везикулярлы тыныс. Тамыр соғысы минутына 100 рет, ырғақты. АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Кеуде клетканың кең ауқымды рентгенограммасында – оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде массивті инфильтрациялық көлеңке анықталады.

  1. Диагнозды құрастырыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру жоспары қажет? Мына рентгенограммаға түсініктеме бер (16 сурет).

16 сурет.

  1. Ұсынылған жалпы қан анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№5 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 07.01.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :5. Дәрігерге : Семенова Ильин, 18 жас.

Көрсеткіштер

СИ мөлшер бірліктері

Гемоглобин

Е

Ә

120 г/л

130,0- 160,0

120,0-140,0

г/л

Эритроциттер

Е

Ә

3,5 х 10 12/л

4,0-5,0

3,9-4,7

Х 10 12/л

Түстік көрсеткіш

0,88

0,85-1,05

Гемоглобиннің 1 эритроциттегі орташа құрамы

30-35

пг

Ретикулоциттер

2-10

0/00

Тромбоциттер

280 х 10 12/л

180,0-320,0

Х 10 9/л

Лейкоциттер

12,0 х 10 9/л

4,0-9,0

Х 10 9/л

% х 10 9/л

Метамиелоциттер

% х 10 9/л

Таяқша ядролы

15 %

1-6

0,040-0,300

% х 10 9/л

Сегментядролы

65 %

47-72

2,000-5500

% х 10 9/л

Эозинофилдер

1 %

0,5-50

0,20-0,300

% х 10 9/л

Базофильдер

0-1

0-0,065

% х 10 9/л

Лимфоциттер

13 %

19-371

200-3000

% х 10 9/л

Моноциттер

9 %

3-11

0,090-0,600

% х 10 9/л

Плазматикалық клеткалар

% х 10 9/л

Эритроциттердің тұну жылдамдығы

Е

Ә

41 мм/сағ

2-10

2-15

мм/сағ

  1. Науқасты жүргізу жобасын таңдаңыз. Науқасты емдеудің негізгі принциптері.

  2. Рецептті тағайындау парағына рәсімдеңіз.

3 есеп

Науқас 32 жаста түсі «татты» қақырық аралас жөтелге, тыныс алғанда оң бүйірінің ауырсынуына, қалтырауға, дене температурасының 39 С дейін жоғарылауына, ентігуге шағымданып келді. Суықтағаннан кейін жедел түрде ауырды.

Тексеру кезінде: жағдайы ауыр, дене температурасы – 38,8 С. ТАЖ минутына 40 рет. Бет терісі қызарған, еріндерінде ұшық шыққан. Жалпы қарағанда оң жақ клеткасы тыныс алу актісіне жартылай қалыңқы, дауыс дірілі оң жақ өкпенің төменгі аймақтарында күшейген. Перкуссияда –оң жақта ортаңғысынан артқы жағынан жауырынға дейін перкуторлы дыбыс тұйықталған. Аускультацияда – бронхиалды тыныс, оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі,осы жерде бронхофония күшйеген. Тамыр соғысы минутына 96 рет, ырғақты. АҚ 90/60 мм.сын.бағ.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдістері қажет? Бөліктік пневмонияның рентгенологиялық

белгілерін атаңыз (17 сурет). 17 сурет

  1. Қоздырғыштарды анықтау әдісін атаңыз?

  2. Науқасты негізгі емдеу әдістерін атап шығыңыз?

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

  • Ситуациялық есептерді құрастыру.

  • Аурудың графологиялық құрылымдарын құрастыру.

  • Фармакологиядан «Бронхтарды кеңейтетін дәрілер» және «Антибиотиктер» тақырыбын қайталау.

  • Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

  • Емдеу және диагностика жоспарын құру.

  • Ситуациялық есептерді құрастыру.

  • Ситуациялық есептерді үйлестіріп құрастыру.

  • Өзіндік дайындық картасын толтыру.

Сағат көлемі: 2.