Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №5.

Тақырыбы: Биоценоздағы организмдердің биотикалық қарым-қатынастары.

Сабақтың мақсаты: жердегі тіршіліктің күрделі жүйесі биотикалық қарым-қатынастар және олардың түрлері, тірі ағзалар үшін маңызын анықтау.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Биотоп – белгілі биоценоз алып жатқан абиотикалық факторлары салыстырмалы біртекті кеңістік.

Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.

Биоценоз - кұрлық не судың белгелі бір бөлігінде бірге, тіршілік ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын организмдердің қауымдастығы.

Биоценоэкология - тірі организмдердің қауымдастықтары мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.

Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым - қатынастың түрі.

Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.

Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).

Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің барлық түрдері.

Биом - Жердің негізгі климаттық аймақтарына сәйкесірі кұрлықтық экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар).

Коменсализм - белгілі ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдер екінші түрге жататын организмдерді пайдалана отырып, бірге тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.

Консументтер - гетеротрофты организмдер (негізінен, жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.

Мутуализм - бірге тіршілік ететін организмдердің бір-біріне пайдалы әсері жағдайындағы түр аралық қарым-қатынастар типі

Сабақтың материалдары:

1 Тапсырма

Биотикалық қарым-қатынастардың түрлері мен оларға анықтама беріңіздер.

Қарым-қатынастар түрлері

Анықтамалары

1.Бір-біріне пайдалы қарым-қатынастар: симбиоз, мутуализм,

2.Пайдалы-нейтралды қарым-қатынастар: синойикя, коменсализм

3.Пайдалы-зиянды қарым-қатынастар: жыртқыштық, паразитизм, аменсализм

2 Тапсырма.

Екі ағзаның арасындағы қарым-қатынастардың түрлерін теориялық түрде былай көрсетуге болады: (+), (-), (0)-мұндағы, (+)-ағзалар үшін жағдайдың жақсаруы, (-)-оның нашарлауы, (0)-араларында айтарлықтай өзгерістердің болмауы. Төменде берілген биотикалық қарым-қатынастардың тұсына, мысалдар келтіре отырып, белгілерді қойыңыздар.

Жыртқыштық___________________________________________________

Симбиоз (селбесу)________________________________________________

Аменсализм ____________________________________________________

Комменсализм __________________________________________________

Бәсекелестік ____________________________________________________

Паразитизм т.б.____________________________________________________