Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ 9 Тақырыбы: Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.

Сабақтың мақсаты: Студенттердің тұрақты дамудың стратегисы мен принциптерін жүзеге асырушы халықаралық экологиялық ұйымдар туралы білімдерін жетілдіру.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

"Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.

Сабақтың материалдары:

1 Тапсырма:

1. Тұрақты дамудың локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық.деңгейлеріне сипаттама беріңіздер.

2 тапсырма Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторларды талдаңыздар.

3 тапсырма Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдардың құрылу тарихы, әлемдік қауымдастықта алатын орнына байланысты презентациялар дайындаңыздар.

ГРИНПИС, МАГАТЭ, WWF, МСОП, ВМО, МОТ, ФАО, ВОЗ, МЮО, МЭС, ЮНИДО,

4 тапсырма ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера», «Адам және оны қоршаған орта» бағдарламаларымен танысыңыздар.

5 тапсырма Невада-Семей, Табиғат сияқты ҚР қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдарға тоқталыңыздар.

6 тапсырма Халықаралық ұйымдардың іс-әрекетінің тұрақты дамуға қатысты ғылыми теориялық негіздерін талдаңыздар.

7 тапсырма Адамзат қоғамын табиғи ресурстармен қамтамасыз ету проблемасының туындауын зерттеңіздер.

8 тапсырма Халықаралық экологиялық маркировкалар бойынша презентация дайындаңыздар.

9 тапсырма Қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының экология және тұрақты даму саласындағы алатын орнына талдау жасау.

10 тапсырма ҚР Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптерін жүзеге асыратын стратегиялық бағдарламалары және мемлекеттің экологиялық саясатын талдау.

СӨЖ тапсырмалары

1.Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.

2.Халықаралық экологиялық ынтымақтастық.

Блиц-тест

1. Оңтайлы шешімдерді табу үшін табиғат пен қоғам қатынасындағы мәселелер көрсетілетін теориялар мен эмоциялар, көзқарастар жиынтыгы -бұл.'

А) Экологиялық сана

В) Экологиялық тәрбиелеу

С) Экологиялық сараптама

D) Экологиялық білім беру

Е) Экологиялық менеджмент

2.ЮНЕП-тің құрылуы туралы ұсыныс қайда қабылданды:

А.Стокгольм конференциясында

В.Рио-де-Жанейро конференциясында

С.Орхус конвенциясында

Д.Рим клубында

Е.Киота хаттамасында

3.Техникалық прогреске негізделген, халықты материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттің өндірістік ұзақ мерзімдік өсуі қалай аталады?

А.Экономикалық өсу

В.Экологиялық тәуекел

С.Экологиялық өсу

Д.Экологиялық мониторинг

Е.Экологиялық бағалау

4.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар қалай аталады:

А.Экоцид

В.Фунгицид

С.Экоцентризм

Д.Тропизм

Е.Фотопериодизм

5.Адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі.

А.Техногенез

В.Экоцентризм

С.Антропоцентризм

Д.Экологизация

Е.Глобализация

6.Организмдерге әсер ету арқылы олардың ұрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер:

А.Терратогендер

В.Концерогендер

С.Мутагендер

Д.Эмбриогендер

Е.Фитогендер

7.Табиғат және табиғат ресурстарын қорғауға қатысты ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекеме.

А.Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ

В.Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы

С.Әлемдік метеорологиялық ұйым

Д.ЮНИДО

Е.МАГАТЭ

8.Қоршаған ортаның деградациясының алдын алуды мақсат етіп қойған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым.

А.ГРИНПИС (Greenpeace — «Жасыл әлем»)

В.ЮНИДО

С.МАГАТЭ

Д.ЮНЕСКО

Е.МСОП

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.