Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №13

Тақырып Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

Сабақтың мақсаты: студенттерге тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері жайлы білім беру

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі.

Урбанизация - қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы, ауыл түрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалар ролінің артуы.

Фенотип - организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.

Цунами - жер сілкіну, вулкандар атқылауы немесе т.б. табиғи қүбылыстар кезінде мүхит түбі бөліктерінің ауысуына байланысты туатын теңіз толқындары.

Десиканттар - өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Дефолянттар - өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылатын улы химикаттар.

Ил - сулардағы минералдық және органикалық косы-лыстардан күралған түнба.

Ирригация - егістікті жасанды суару - мелиорацияның бір түрі; медицинада дәрілік сұйықпен емдеу.

Терратогендер - организмдерге әсер ету арқылы олардың үрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.

Сабақтың материалдары:

1 Тапсырма

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму.

2. Халық санының өсуі және оның сапалық өзгеруі.

3. Туылымға әсер ететін факторлар және отбасын жоспарлау.

4. Урбанизация мәселелері. Кедейшілік және кірістің теңсіз бөлінуі.

5. Энергетикалық кризис мәселесі., шешу жолдары.

6. Әлемдік өнім өндіру мәселесі. Ресурстық кризис.

7. Генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, тірі организмдерге әсері.

8. Соғыс және терроризм, экологиялық салдары. Әскери-өндірістік кешен

СӨЖ тапсырмалары

1.Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

2.Урбанизация мәселелері.

3.Соғыс және терроризм, экологиялық салдары. Әскери-өндірістік кешен.

Блиц-тест

1.« Әлеуметтік экология қандай эдістемелік ережеге негізделген?

A) Әлеуметтік жэне табиғи ортаның қарама-қайшылығы

В) Материалдық игіліктердің табиги пайда болуы

С) Адамның биологиялық табиғаты

D) Адамның элеуметтік табигаты

Е) Адамның табиғатпен бірігуі

2. Әлеуметтік экологияның мақсаты - бұл:

А) Адамның өмір сүруі мен табигат пайдаланудың оңтайлы стратегиясын жасау

В) Табиғи қауымдастықтың құрылымдық ерекшеліктері мен сапасына, құрамына әсер ететін нақты материалдардың бейнеленуі

С) Ғаламдық мониторингтің негізгі бағыттарын жетілдіру

D) Экологиялы менеджменттің негізгі бағыттарын жасау

Е)Табиги ресурстарды ұдайы өндіру жэне ұтымды пайдалану, сақтауға бағьпталган шаралар жуйесінің жиынтыгы

3. Үлттық обьектіге қандай обьектілер жатады?

А) Космос, атмосфералық ауа

В) Жануарлар, өсімдіктер, космос кеңістігі

С) Жер, су, жер қойнауы, жабайы жануарлар мен мемлекет территориясында кездесетін табиғи ортаның басқа элементтері

D) Жер, су, жер қойнауы, атмосфералық ауа

Е) Әлемдік мұхит, Антарктида, жер қойнауы

4. Гумустың түзілуі ненің көмегімен жүреді:

А) Аллохтонды биота

В) Автохонды микрофлора

С) Актиномицидтгер

D) Микроағзаның

Е) Ылғалдық

5. Қогам өміріндегі қала рөлінің, артуы, халық орналсуының мамандандырылған әлеуметтік-кеңістік формаларын қалыптастырудың тарихи үрдісі - бұл:

А) Урбандалу

В) Антропоценоз

С) Концентрация

D) Әлеуметтендіру

Е) Интенсификация

6. Адам эрекеті нэтижесіндегі ластану былай деп аталады:

А) Физикалық.

В) Екіншілік.

С) Антропогендік.

D) Табиғи.

Е) Техникалык.

7. Планета тұрғындарының санының көбеюі неге байланысты?

А) туылгандар мен өлгендер санының шектен тыс көбеюі

В) туылгандардың төмендеуі және өлгендердің азаюы

С) туылғандар мен өлгендердің төмендеуі

D) туылғандар мен өлгендер саныньщ азаюы

Е) бірқалыпты туылу, өлудің азаюы жэне өмір сүрудің жалгасуы

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.