Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №15 Тақырып Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері туралы білім беру.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Базалық мониторинг - антропогенді әсер болмайтын табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау.

Импактілі мониторинг - ластаушы заттар таратушы көздерге жақын орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.

Мониторинг - белгілі бір объектілер мен кұбылыстарды, олардың жәй-күйін үздіксіз бақылау.

Мониторинг (экологиялык) - қоршаған орта компоненттерінің сапасын, жәй-күйін бақылау.

Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.

Экологиялық сараптама - адамның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.

Эвтрофикация - табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар, жуғыш заттар, мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот, фосфор, күкірт, т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде фитопланктон (әсіресе, көкжасыл балдырлар) биомассасының күрт өсіп, олардың оттегін белсенді сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа гидробионттардың тіршілік жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.

Ядролық катастрофа - жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.

Поллютанттар - ортаның техногенді ластаушылары: ауада - аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.

Рекультивация - бұзылған табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.

Сабақтың материалдары:

1 тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі., себептері мен салдары.

2. Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары.

3. Ядролық қару жарақты сынаудың адамзатқа әсері мен салдары.

4. ҚР территориясындағы әскери-сынақ полигондары. Невада-Семей антиядролық қозғалысы.

5. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері.

2 Тапсырма

Экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптерімен таныса отырып, оның классификациясына назар аударыңыздар. Мониторинг типтеріне толық анықтама беріңіздер.

3 Тапсырма

ҚР қоршаған ортаға қатысты ең негізгі құжаты ҚР Экологиялық кодексін талдаңыздар.

4 Тапсырма

ҚР тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру ерекшеліктерін талдаңыз.

СӨЖ тапсырмалары

1.Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері. 2.Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары.

3.ҚР тұрақты даму концепциясы, стратегиясы және механизмі.

Блиц-тест

1. Қандай пайдалы қазбалар қоры бойынша Қазақстан 1-ші орында?

А) Висмут қоры

В) Мыс қоры

С) Табиғи газ қоры

D) Темір қоры

Е) Мұиай қоры

2. ҚР заңның Қоршаған ортаны қоргау туралы XI тарауы қалай аталады?

А) экологиялық аудит

В) табиги ресурстар жэне табиғатты пайдалану

С) қоршаған орта жэне табиғи ресурстар мониторингі

D) экологиялық экспертиза

Е) қоршаган ортаны қорғаудьщ экологиялық механизмі

3. Атмосфералық ауаның химиялық құрамына не кіреді?

A) 21% азот, 79% оттегі.

В) 65% азот, 14% оттегі, 0,03% аргон.

С) 24% азот, 52% оттегі, 2,6% аргон.

D) 50% азот, 27,25% отгегі, 1,2% аргон.

Е) 78,08% азот, 20,94% оттегі, 0.93% аргон.

4. Планета су қорлары мынадан құралады:

A) 'Жердің беткі, асты сулары, мұздыкгар, атмосфераның және жердің ылғалдылығынан.

В) Жер асты бұлақтар, теңіздер, мұхиттар, өзен, су қоймалары.

С) Теңіз, өзен, су қоймалары.

D) Мұздықтар, атмосфералық ылғалдылық.

Е) Жер ылғалдылығынан, беткі сулардан.

5. Қазақстанның басты су артериясы:

А)Еділ

В) Жайық

С) Сырдария

D) Есіл

Е) Ертіс

6. Су ресурстарына жатады:

А) Мұздықтардағы су ресурстары ғана.

В) Жер беткі су көздері ғана су ресурстарына жатады.

С) Құрамында су бар барлық ресурстар.

D) Жер асты су көздері бар су қоймалары.

Е) Атмосфералықжәнетопырақтііқылғал түрлері.

7. ҚР-ның экологиялық жағдайдың төмендеуі, табиғи ортаның деградациялау үрдісі келесі элеуметтік мэселенің пайда болуына алып келді

А) Атмосфералық ау, ауыз су сапасының төмендеуі

В) Радиоактивті қалдыктарды көму

С) Қала тұргындары санының артуы мен қаланың өсуі

D) Шөлдені, жел эрозиясы

Е) Халықтың ауруы мен өлімінің жогарылауы

8. Казақстан Республикасы территориясының көлемі қанша?

A) 77,1 млн

B) 271 мьщ

С) 2,71 млн

D) 775,1 млн

Е) 4,05 млн

9. Мониторингтің негізгі мақсаты:

А) Иносфера жағдайын бақылау.

В) Тропосфера жағдайын бақылау.

С) Мезосфера жағдайын бақылау.

D) Атмосфера жағдайын бақылау.

Е) Биосфера жағдайын бақылау.

10. Ақтау қаласында АЭС-ң базасьгада теңіз суын тұщыландыратын завод қай жылы іске қосылды?

А)1981 ж.

В)1973ж.

С) 1983 ж.

D) 1955ж.

Е) 1966ж.

11. Биосфералық мониторингке мыналар жатады:

А) Жергілікті.

В) Локальды.

C) Ұлттық.

D) Аймақтық.

E) Глобальды

12. Бөлек мемлекет шегіндегі мониторинг:

А) Ұлттық

В) Глобальды.

С) Локальды.

D) Жүйелік.

Е) Аймақтық.

13. ҚР-ғы қоршаған ортаны ең көп ластайтын енеркэсіп салаларын атаңыз

А) Құрылыс материаддары

В) Тамақ

С) Машина-құрылыс

D) Қара жэне түсті металлургия

Е) Химия

14. ҚР-ғы Ақсу-Жабағалы қорығы қай жылы құрылды?

А) 1934ж

В)1952ж

С)1940ж

D) 1926ж

Е)1931ж

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

.

Практикалық сабақтар мен СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін иллюстративті материалдар қолданыңыздар

Иллюстративті материалдар:

ЕҰУ Ф 703-09-12 Оқу-әдістемелік құралы. Үшінші басылым