Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №2 Тақырыбы: Особьтар экологиясы-аутэкология. Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты: негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы,тірі ағзаның мекен ету ортасына бейімделушіліктерімен танысу, олардың құрылысына мекен ету ортасының әсерін анықтау.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссаий

Фитопланктон - суда тіршілік ететін өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер.

Фитофагтар - өсімдік қоректі организмдер.

Фитоценоз - көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.

Фильтраторлар - суды майда планктон организмдер мен детриттерден тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.

Аутэкология - белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.

Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік.

Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация акклимация организмдердің жеке даму процесін қамтып, оның генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді.

Гидросфера - тірі организмдер мекендейтін Жердің сулы кабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.

Бентос - мүхит пен континетальды сулардың түбінде, грунтта тіршілік ететін организмдер (зообентос, фитобентос).

Зоопланктон- суда тіршілік ететін консументтер.

Зооценоз - белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.

Ксеробионттар - құрғақ ортада тіршілік ететін организмдер.

Нектон - сулы ортада еркін қозғалып жүзіп тіршілік ететін организмдер.

Нейстон - судың бетінде тіршілік ететін организмдер, мысалы, масалардың личинкасы.

Зоофагтар - жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).

.

Сабақтың материалдары:

1 Тапсырма.

Тіршіліктің пайда болу теориясын талдаңыздар. Абиогенез және биогенез теориясы.

2 тапсырма

Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлерін талдаңыздар:

Молекулалық деңгей

Жасушалық деңгей

Ұлпалық деңгей

Мүшелік деңгей

Ағзалық деңгей

Популяциялық деңгей

Биоценоздық деңгей

Экожүйелік немес биогеоценоздық деңгей

Биосфералық деңгей

3 тапсырма

Су тіршілік ортасының физикалық және химиялық қасиеттерін талдау (химиялық құрамы, тұнықтылығытығыздығытұтқырлығыоттек пен көмірқышқыл газының ерігіштігі, жарықтың болуы )

Судың қабаттары (пелагиаль, бенталь). Су тіршілік ортасында тіршілік ететін организмдердің экологиялық топтары: гидробионттар, планктондар, нектондар, бентостар, плейстондар, нейстондар, пелагостар.

4 тапсырма

Топырақ тіршілік ортасының ерекшеліктері мен организмдердің экологиялық топтары: геобионттар, геофильдер, геоксендер, микробиота, мезобиота, макробиота.

5 тапсырма

Құрлық-ауа тіршілік ортасының ерекшеліктері. Аэробионттар, террабионттар.

Құрлық ауа тіршілік ортасында мекендейтін организмдедің физиологиялық ерекшеліктері.

6 тапсырма.

Тірі организм — тіршілік ортасының ерекшеліктері. 

1. Паразитизм түрлері-пәтершілік, жыртқыштық, кездейсоқ ену.

2. Паразиттер және олардың түрлері - эндопаразиттер, эктопаразиттер

3. Эндобионттар, симбионттар, комменсалдар

7 тапсырма

Генотиптік және фенотиптік адаптация, тропизм, настия: фотонастия, термонастия, никтонастия, биологиялық ырғақтар: эндогенді, экзогенді, фотопериодизм, биолюминесценция.

Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі тіршілік орталарын атаңыздар

2.Тірі жүйелердің ұйымдасуының қандай деңгейлері бар?

СӨЖ тапсырмалары

1.Особьтар экологиясы-аутэкология.

2.Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі.

3.Организм және тіршілік ету шарттары.

4.Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтары.

Блиц-тест

1. Тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылым бірлігі:

А) Особь

В) Популяция

С) Геном

D) Түр

Е) Ген

2. Тірі агза сыртқы ортамен биотикалық жэне абиотикалық қарым-қатнасын Ч. Дарвин қалай атады?

А) мутация

В) тіршілік үшін курес

С) мониторинг

D) аменсализм

Е) метаболизм

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.