Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №12

Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.

Сабақтың мақсаты: Студенттерде ғаламдық экологиялық мәселе туралы көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Атмосфера - Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы.

Апвеллинг - мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.

Альтернативті энергия көздері - Күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері

Азотфиксация - топырақ бактерияларының атмосферадағы молекулалық азотты сіңіруі.

Биогаз - қатты және сүйық қалдықтардан, оның ішінде мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық - түрмыстық суларынан, сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын жанғыш газ. Қүрамында негізінен метан көп болады

Геотермальды сулар - жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар.

Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Газдар (парниктік) - атмосфераға түсіп, парниктік эффект туғызатын, көмірқышқыл газы, метан, көмірсутектер, т.б. газ тәрізді заттардың қоспасымен атмосфераның ластануы

Қышқыл жаңбырлар - атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының жауын, қар, түманның қүрамындағы техноғенді калдыктар әсерінен қышқылдығының қалыпты мөлшерден артуы.

Деградация - қоршаған табиғи орта компоненттерінің табиғи және антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.

Озон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.

Озондық ойық - атмосфераның озон кабатындағы озон молекулалары жоқ аймақ.

Парниктік эффект - Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температура-сының жоғарылауы.

Сабақтың материалдары:

1 Тапсырма

Климаттың өзгеруі, себебі, салдары туралы презентация дайындаңыздар.

2 тапсырма

Озон қабатының жұқаруының мәселелері және оны қалпына келтіру шараларын талдаңыздар.

3 тапсырма

Қышқылды жауын шашындардың түсуіне қатысты мәселелені зерттеңіздер.

4 тапсырма

Шөлейттену, жердің деградациясы, гумустың түзілуі туралы баяндама дайындаңыздар.

5 тапсырма

Биологиялық алуантүрліліктің азаюының салдарын талдау.

  1. тапсырма

Әлемдік мұхиттың ластануы т.б., оның туындау себептері мен салдарын оқыңыздар

СӨЖ тапсырмалары

1.Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер. (климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, ш-лейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, Әлемдік мұхиттың ластануы т.б.), оның туындау себептері мен салдары

2.Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және экологиялық генетикалық салдары.

Блиц-тест

Блиц-тест

1. Қышқылдық жауынның пайда болуында қандай зат айтарлықтай рөл көмірқышқыл газы

В) Фреондар

С) Метан

D) Күкірт диоксиді

Е) Көміртегі оксиді

2. Нсгізгі парникті газға қандай газ жатады?

А) күкірт диоксиді

В) метан

С) оз он

D) көмір қышқыл газы

Е) көміртегі (II) тотыгы

3. Озон қабатының қалындыгы қанша:

А) 10 м.

В) 2-3 мм

С) 2-3 км.

D) 10км.

Е) 2-3 м.

4. Озон қабатының жұқаруына эсер ететін заттарды атаңыз:

А) Фреондар.

В) Ғарыштан түскен заттар.

С) Механикалық майда бөлшектер.

D) Шаң-тозаң.

Е) Су булары.

5. Антропогенді ландшафттар:

А) Агроөндірістік, техногенді, қалалық

В) Геохимиялық, элементарлы, қорғалатын

С) Агроөндірістік, техногенді, элементарлы

D Элементарлы, қорғалатын, қалалық

Е) Геохимиялық, қорғалатын, техногенді

6. Озон қабаты қандай биіктікте орналасқан?

А) 5-15км

В) 70-72 км

С) 20-25 км

D 10-15 км

E) 45км

7. Қалдық суларды тазарту әдістері:

А) Физика-химиялық жэне биологиялық.

В) Химиялық, реагенттік, биологиялық.

С)Симиялық және реагентті.

D) Механикалық жэне физикалық.

Е) Механикалық, химиялық, физхимиялық жэне биологиялық.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.