Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №4. Тақырыбы: Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері.

Сабақтың мақсаты: популяция – түрдің тіршілік ету формасы және оның басты критерийлерімен, популяциялардың тығыздығы мен санын есептеудің қарапайым тәсілдерімен танысу.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Экоцид - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.

Эпизоотия - жануарлар арасында аурудың таралуы.

Этология - жануарлардың мінез - қылықтарының биологиялық непзі жөншдеп ғылым.

Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.

Популяция - генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін будандасып, ұрпақ бере алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.

Ареал - органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы.

Сабақтың материалдары:

1 Тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. Түрдің критерийлері (морфологиялық, физиологиялық, генетикалық, экологиялық, этологиялық, географиялық, биохимиялық)

  2. Популяцияның классификациясы. (қалыпты, регрессивті, инвазивті, элементарлы, экологиялық, географиялық, перманентті, темпоральды, панмиктикалық, клональды, клональды-панмиктикалық)

  3. Т.Мальтустың геометриялық прогресс заңымен өсу теориясы

  4. Экспоненциалдық қисық пен логистикалық қисық нені білдіреді? Ортаның қарсылығы.

  5. Линкольн индексі

  6. Популяцияның демографиялық құрылымы

  7. Популяцияның этологиялық құрылымы

  8. Популяцияның мөлшерін бағалау әдістері: текше әдісі, тура бақылау әдісі, чип бекіту әдісі, суретке түсіру әдісі, белгі салу және қайта аулау әдісі.

  9. Популяция диморфизмі және полиморфизмі.

  10. Космополиттер, эндемиктер, убиквистер.

  11. Түр-экологиялық бірлік.

2 Тапсырма.

Популяция, түр,оның критерийлері мен статистикалық және динамикалық қасиеттеріне мысалдар келтіріңіздер.

3 Тапсырма.

Популяцияның тығыздығын есептеу:

Мысалы: 1000 кмІ таулы аудандарда 200 адам тұрса, әр адамға қанша кмІ келетінін анықтау үшін, 1000:200=5 кмІ, осыны пайдаланып, тығыздықты есептеңіздер.

а). Үлкен қаланың халқы 7 млн.адам болса, ауданы 300кмІ құраса, онда тұратын халықтың тығыздығы қанша?

ә). Аудитория, үй, бөлмелеріңіздегі тығыздықты есептеп шығарыңыздар.

Үлгі: Біздің аудитория ____________мІ

Студенттер мен оқытушыны қоса алғандағы адам саны________

Әр адамға қанша кв.м. келеді?

4 Тапсырма.

Миллиард

11

10

9

8

7

6Дамушы елдер

5

4

3

2

1 Дамыған елдер

0

1750 1800 1850 1900 1950 2000 2050 2100

Дамыған және дамушы елдердегі туу мөлшері

Графикті пайдаланып, төмендегі сұрақтарды талдаңыздар:

1.Неліктен болашақта халықтың 90% кедейшілікте өмір сүруі мүмкін деп болжанады?

2.Халықтың шамадан тыс көбеюінің себептері неде?

3.Халықтың өсімін ортаның қарсылығы қалай тежейді?

Бақылау сұрақтары:

1.Популяцияның негізгі сипаттамалары

2.Популяцияның кеңістіктік таралуы

3.Популяцияның динамикалық көрсеткіштері

4.Популяцияның статикалық көрсеткіштері

СӨЖ тапсырмалары СӨЖ ге арналған

Рефератты орындау барысында иллюстративті материалдармен толықтыру міндетті түрде талап етіледі

1.Ареал түрлері қарапайым, күрделі, тегіс, үзілмелі (дизъюнктивті), гомогенді, гетерогенді, реликті, космополитті, эндемикті, тар локальды, локальды, субрегиональды, региональды, полирегиональды.

Блиц-тест

1. Популяцияға тән қасиеттер:

А) жыртқыштық, бәсекелестік, паразитизм

B) өсу, даму, көбею, бейімделу, тіршілігін сақтау

С) тұрақты дене температураның болуы

D) азық мөлшерінің жеткілікті болуы

Е) ылғал, жарық, корек жасап шығару

2. Туылу саны өлім- жітім санымен шаы шен теңелсе популяция қалай аталады?

А) Өскен

В) Жаңарған

С) Орын басқан

D) Тұрақты

Е) Қысқарған

3. Жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) Биология.

B) Зоология.

С) Экология.

D) Этология.

Е) Токсикология.

4. Шағын аймақтык климат қалай аталады?

А) Рельеф.

В) Температура.

С) Атмосфера.

D) Жел.

E) Микроклимат.

5. Барлық популяция тэн белгісі болатын, бірақ жоғары дэрежеде бірлес алатын жэне санын оздігінен реттеу қабілеті бар топтың қасиеті қаі аталады?

А) Эффект

В) Биотикалық потенциал

С) Элиминация

D) Поли морфизм

Е) Реттеу

6. Популяцияның саны деп:

А) биогеоценоз құрамына енетін микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар санын айтамыз

В) даралардың өзара бір-бірмен агрессивті шектесіп қалуы

С) даралар мен популяциялар арасындағы өзара эсерлер түрі

D) белгілі бір көлемдегі немесе территориядағы особьтардың жалпы санын айтамыз

Е) популяциядағы особьтардың жасының ұзақтығы, өсімталдығы, көбею жылдамдығын антамыз

7. Белгілі бір территорияны мекендейтін барлық тірі ағзалардың қауымд астығы:

А) Популяция

В) Ареал

C) Биоценоз

D) Экологиялық қуыс

Е) Биом

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.