Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №3.

Тақырыбы: Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі.

Сабақтың мақсаты: Экологиялық факторлар және олардың түрлерімен, абиотикалық факторлардың ағзаларға әсер ету механизмімен, танысу

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Валенттілік (экологиялык) - толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.

Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)

Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы.

Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.

Климатотоп - қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.

Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.

Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер.

Гидрохимиялық режим - судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне байланысты өзгерістері.

Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.

Фотосинтез - Күннің жарығы әсерінен жасыл өсімдіктердің хлорофилл дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілуі.

Сабақтың материалдары:

1.Тапсырма.

Оқулықтар мен карталарды пайдаланып, кесте құрастырыңдар.

Ылғалдылық пен температураға байланысты өсімдіктердің таралуы.

Табиғат зоналары

Температураның жоғарылауы немесе төмендеуі

Жылдық жауын-шашын мөлшері (мм.)

Тундра

Тайга

Орманды дала

Дала

Шөлейт

Шөл

Тропиктік ормандар

Экваторлық ормандар

2 Тапсырма

Кестенің мәліметтерін пайдаланып, температура мен жауын-шашынның таралуына әсер ететін абиотикалық факторларды анықтаңыздар.

3 Тапсырма.

Төменде берілгендерді абиотикалық, биотикалық, антропогенді факторлар бойынша жіктеңдер. (жыртқыштық, ормандарды кесу, ауаның ылғалдылығы, ауаның температурасы, паразитизм, жарық, ауаның қысымы, бәсекелестік, зауыттар шығарған көмірқышқыл газының қалдығы, судың тұздылығы).

4 Тапсырма.

Берілген жағдайларды шектейтін факторларды анықтаңдар.

1) Мұхиттың 6000м тереңдігінде өсімдіктер үшін: су, температура, көмірқышқыл газ, судың тұздылығы, жарық.

2) Жазда шөлдегі өсімдіктер үшін: температура, жарық, су.

3) Қыста ормандағы торғайлар үшін: температура, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, жарық.

4) Қара теңіздегі өзен шортандары үшін: температура, жарық, корек, судың тұздылығы, ауа.

5) Солтүстік тайгадағы қабандар үшін: температура, жарық, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, қар жабындысының биіктігі.

  1. Тапсырма.

Гомойотермділердің пойкилотермділерден артықшылығын дәлелдеңіздер. Гетеротермді ағзалар. Термофильді, криофильді ағзаларға түсінік беріңіздер.

6.Тапсырма. Қоршаған ортаның температурасына байланысты қанқызы санының өзгерісі берілген, сол арқылы:

а). оптимум зонасы

б). пессимум зонасы

в). екі критикалық нүктелер;

г). түрдің төзімділік шегі;

д). экологиялық валенттілік

е).қалыпты тіршілік аймағы т.б. түсіндіріңіздер.