Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №11

Тақырыбы: Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері

Сабақтың мақсаты: Студенттерде антропогенді фактор, антропогенді жүктеме, биосфера тұрақсыздығы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Сабақтың материалдары:

1 тапсырма.

Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме деңгейіне тоқталыңыздар.

2 тапсырма

Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы, негізгі этаптары: биогенді, аграрлы, өндірістік, ақпараттық кезеңдерге анықтама беріңіздер.

3 тапсырма

Қазіргі кезеңнің ғаламдық экологиялық мәселелеріне қатысты халықаралық конвенциялар мен келісім шарттар және оның маңызын айқындаңыздар.

СӨЖ тапсырмалары

1.Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері .

2.Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі.

Блиц-тест

1. Сарқылмайтын табиғи ресурстар;

А) Минералды ресурстар

В) Күннің қуаты

С) Жануарлар мен өсімдіктер ресурстары

D) Ормаи ресурстары

Е) Отын-энергетика ресурстары

2. Парниктік эффект негізінен қандай заттың атмосфераға шығарылумнан болады?

A) Көмірқышқыл газы

B) Хлорсутек

С) Гелий

D) Күкіртсутек

Е) Аргон

3. Қоршаған ортаның химиялық ластануы:

A) Ауыр металдар, пестицидтер, пластмасса

В) Жылулық, шу, радиоактивті, электромагнитгі

C) Ауыр металдар, гендік инженерия

D) Биогенді, микробиологиялық, гендік инженерия

E) Жылулық, микробиологиялық

4. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру процесі:

А) Жер кадастары

В) Эрозия

С) Рекультивация

D) Гумификация

Е) Мелиорация

5. Өзінің масштабы мен таралуы бойынша ластану қалай бөлінеді?

А) Мемлекеттік, элемдік

В) Мемлекеттік, аймақтық

С) Қалалық, элемдік

D) Қалалық, республикалық

Е) Жергілікті, региональды және глобальды

6. Өндірістік қалдықтар тазалануына байланысты қалай бөлінеді:

А) Үйымдастырылған жэне ұйымдастырылмаған.

В) Тазаланатын жэне тазаланбайтын

С) Тазаламай тасталынатын.

D) Қыздырылған жэне суытылган, тазаланатын және тазаланбайтын.

Е) Периодты жэне периодсыз.

7. "Ноmо sаріеns" деген пікір нені көрсетеді.

А) Синантроп.

В) Питеконтроп.

С) Маймыл.

D) Саналы адам.

Е) Маймыл адам.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.