Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Практикалық сабақ №14 Тақырып Табиғатты қорғау және тұрақты даму

Сабақтың мақсаты: Студенттерге табиғатты қорғаудың мәнін ұғындыру, табиғатты қорғау шараларымен таныстыру.

Сабақтың жоспары

1. Тапсырмаларды орындау

2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.

3.Рефераттарды қорғау

4.Блиц-тестілерді орындау

Глоссарий

Гидробиология - барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы.

Дендрарий - ағаш тектес өсімдіктер арнайы топырақта өсірілетін территория.

Ихтиология - балықтар туралы зерттейтін зоологияның саласы.

Кадастр - объектілер мен қүбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.

Қызыл кітап - сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқүлақтардың түрлері туралы үнемі толықтырылып отыратын мәліметтер жинақталған ресми қүжат.

Мелиорация - ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің жағдайын жақсарту.

Пестицидтер - өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық дақылдарын басқа организмдердің- арам шөптердің (гербицидтер), насекомдардың (инсектицидтер), саңырауқүлақтардың (фунгицидтер), т.б зиянды әсерінен қорғау үшін қолданылатын химиялық улы химикаттар

Сабақтың материалдары:

1 тапсырма. Төмендегі сұрақтарды талдаңыздар.

1. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері.

2. Қорық территориялары қоршаған ортаны қорғаудың формасы.

3. Ботаникалық бақтар, зоологиялық бақтар, табиғат ескерткіштері, қорықшалар.

4. Эндемик түрлер

5. Биосфералық резерваттар.

6. Қызыл кітап және оның биологиялық алуантүрлілікті қорғаудағы ролі.

7. Адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі экологиялық білім мен ағартудың ролі.

8. Экологиялық білім, экологиялық сана, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениет,

экологиялық насихат.

2 тапсырма ҚР қорықтары, ботаникалық бақтар, зоологиялық бақтар, ұлттық парктер, қорықшалар бойынша презентация дайындаңыздар.

СӨЖ тапсырмалары

1.Табиғатты қорғау және тұрақты даму.

2.Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері.

3.Қызыл кітап және оның биологиялық алуантүрлілікті қорғаудағы ролі.

Блиц-тест

1. Барсакелмес қорыгы қайда орналасқан?

А) Павлодар облысында

В) Атырау облысы

С) Арал теңізі

D) Таулы Алтайда

E) Шымкент облысы

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басты мақсаты:

А) Ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңнен жүргізу

В) Биоалуандылықты сақтау жэне генетикалық қорды қорғау

С) Қоршаған табиғи ортаны қоргау

D) Туристік-рекреациялық қызметтерді ұйымдастыру

Е) Қоршаған ортаның ластануының алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру

3. Тірі ағзаның өзара жэне қоршаған ортамен тығыз байланыста бір территорияда өмір сүруді....

А) биосфера деп атайды.

В) экосфера экологиялық жүйе

D) популяция

Е) биоценоз

4. Халықаралық Қызыл Кітаптың алғашқы басылымы жарық көрген жь

А) 1963

В)1978

С)2005

D)2000

Е) 1984

5. ЮНЕСКО-ның "биосфералық қорық"статусьш алған Қазақстандағы алғашқы қорық:

А) Ақсу-Жабағылы

В) Наурызым

С) Үстүрт

D) Марқакөл

Е) Қаратау

6. Биосфералық қорықтар туралы халықаралық конференцияда Севнлья стратегиясы қай жылы қабылданды?

А)1993ж.

В) 1995ж.

С)1987ж.

D)1990ж.

Е)1949ж.

7. Табиғатты қорғау дегеніміз:

А) Экологиялық системада тепе-теадікті сақтау.

В) Тазалағыш аппараттарды қо.тщаііа отырып қоршаған ортаны қорғау.

С) Қоршаған ортаны ластанудан қорғауға арналған жұмыстар жиынтығы.

D) Қоршаған ортаның тазалығын айтамыз.

Е) Биосфера мен атмосфераны ластанудан қорғау.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.