Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

7-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Бурабай

Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі – Бурабай. Ол – емдік қасиетімен және әсем табиғатымен халықтың жүрегінен орын алған көл. Ол Көкше тауының шығыс жақ етегінде теңіз деңгейінен 320,9 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 4,5 км, ені – 3,9 км, орташа тереңдігі – 4,5 м. Көл суы жұмсақ әрі мөлдір. Ең терең тұсында да түбі көрініп жатады. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Бурабай көлін бұрынғылар Күміскөл деп атаған.

Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.

Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Бурабай көлінің жағасында аты аңызға айналған Абылай алаңы, Оқжетпес, Жұмбақтас, Жекебатыр деп аталатын табиғат ескерткіштері

бар. Оны көрген жан таңғалмай тұра алмайды.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Көкшетаудың ең әсем жері қалай аталады?

2. Көкшетауда неше көл бар?

3. Қазақтың жер-су туралы аңыздарын білесіңдер ме?

4. Туған өлкелеріңде аты аңызға айналған қандай жер-сулар бар?

5. Қасиетті, шипалы көл-суларды білесіз бе?

6-САБАҚ

Қазақстанның жануарлар әлемі

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Сөздерге түсініктеме беріңіздер.

Үйір, аша тұяқ, сүтқоректілер, төлдеу, өсімтал, азық ету, басы бүтін, пайдалы, үлпек жүні, сапалы терісі, бағалы мүйізі, ен далада жорту, қорегін іздеу, жауынан қорғану, рұқсатсыз аулау.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, жануарлар атауын теріп жазыңыздар.

Біздің республикамызда сүтқоректі аңдардың бірнеше түрлері дәмді еті, пайдалы терісі мен үлпек жүні, тіпті мүйізі үшін ауланып, халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сондай ашатұяқтылардың бірі – ақбөкен.

Ақбөкен – өткен дәуірлерде мамонттармен қатар тіршілік етіп, күні бүгінге дейін жойылмай келе жатқан аса бағалы сүтқоректі жануарлардың бірі. Олар өте жүйрік және сақ болады. Олардың мұрны ерекше, онда ыстық ауаны суытып, суық ауаны ысытып тұратын ерекше фильтр орналасқан. Сондықтан да олар өз жануарларына оңайлықпен ұстата қоймайды.

Оның анасын шыбын, атасын теке дейді. Текенің мүйізі болады, әрі ол денесі жағынан шыбыннан ірі болып келеді. Аналық ақбөкендер он жылға дейін өмір сүрсе, аталық бөкендердің өмірі алты жылдан аспайды. Ақбөкен – өсімтал жануар. Оның аналығы бір жасқа жеткенде төлдейді. Егейген аналық бөкендер, әдетте, егіз төлдейді, тіпті кейде үшеу де төлдеп, сондықтан да олар тез көбейеді.

Ақбөкендердің негізгі мекені Республикамыздың құрғақ далалары мен шөлейтті аймақтары. Олар желе жотып жүріп өсімдіктердің жүзден астам түрімен қоректенеді. Олардың көпшілігі – жусан, изен, бидайық, қына болып келеді, тіпті үй жануарлары жей бермейтін құрамында улы заттары бар иістенген, қызыл құйрық, шатыр сияқты шөптерді де азық ете алады. Олар ылғалы мол өсімдіктермен қоректенетіндіктен шөлге шыдамды болады.

Қазіргі кезде ақбөкендерді ысырапсыз аулауға заңды түрде тыйым салынған. Олар табиғаттың аса құнды байлығы болғандықтан, Үкімет тарапынан, табиғатты қорғау комитеті тарапынан оларды өсіруге, көбейтуге ерекше назар аударылып келеді.

3-тапсырма. Сөздерді есте сақтаңыздар.

ақбөкен – сайгак

таутеке – горная коза

бұлан – лось

елік – косуля

жабайы шошқа – дикий кабан

суыр – сурок

бұғы – олень

камшат – соболь

күзен – хорек

өзен құндызы – речной бобер

өсімдік тұқымы – семена растений

4-тапсырма. Сөз тіркестерінің көмегімен сөйлемдер құраңыздар.

Табиғат тепе-теңдігін сақтау, табиғат үйлесімі, адамның әрекеті, өзара түсіністік, табиғатты аялау, табиғат қамқоршысы, биологиялық үйлесімділік.

5-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын сақтап, аяқтаңыздар.

«Ат тұяғын ... ...», «Тұлпар болар құлынның ... ...», «Мал жинағанша ... ...», «Ат ... белгілі болады, ер ... белгісі болады», «сырын білмеген аттың ... ...», «Аттан ... озады, атадан ... озады», «Жылқы – малдың ..., Түйе – малдың...», «Сауын саусаң, бие сау, Бозқырау түспей ...», «Есі кеткен ..., ешкісін сатын есін ...».

Қажетті сөздер мен тіркестер: шапқанда, патшасы, тай, сасқанда, бала, суалмайды, тай басар, сыртынан жүрме, бағалы, жияды, мүшесінен белгілі, бітер, маңғазы.

6-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша жоспар жасаңыздар.

Қазақстанның кең байтақ жері бағалы терісі бар аңдарға өте бай. Ол хайуанттардың терісінен әр түрлі сырт киімдер, бас киімдер тігілерді. Оларға ондатр, суыр, зорман, ақтиін, күзен, бұлғын, қасқыр, түлкі т.б. жатады.

Терісі бағалы аңдардың бірі – ондатр. Оның денесі жүзуге бейім келеді. Негізгі мекен-тұрағы – қамыс құрағы, өзен-көлдер. Олардың денесі шағын, жүні қысқа, жылтыр болып келеді. Олардың отаны – Солтүстік Америка. Оларды тұңғыш рет Қазақстанға 1935 жылы жерсіндіру үшін әкелді, Сыр және Іле өзендеріне жіберген. Ондатр терісін дайындау 1938 жылдан басталады. Олардың терісін бағалы тондар, бас киімдер тігуге илеп, дайындайды.

Қазақстанда үнемі ауланып келе жатқан аңдардың тағы бірі – суыр. Қазақстанда оның тау суыры және дала суыры деген түрлері кездеседі. Тау суыры Сарыарқаның таулы өңірінде, Шыңғыстауда, Сауыр мен Тарбағатайда, Жоңғар, Күнгей және Торғай, Қостанай, Ақтөбе облыстарында көп кездеседі. Суырлар өсімдіктермен, олардың дәндерімен қоректенеді. Жаз бойы семіріп,денесіне май жинап алған соң, күзге қарай ұйқыға кетеді. Суырлар ерте көктемде бірден сегізге дейін ұрпақ беріп, 15-20 жыл өмір сүреді. Олардың терісі бағалы болғандықтан, қақпан салып аулайды.