Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

5-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Біздің елімізде ғылыми зерттеулер жүргізіп отырған санаулы ғана ұжым бар. Соның бірі – Ұлттық биотехнологиялық орталық. Отандық биотехнологтар 2006 жылы «құс тұмауына» қарсы вакцина ойлауп тауып, Ауылшаруашылығы министрлігінің тапсырмасымен 15 млн. дана дәрі-дәрмек шығарды. Әлемді шулақан пандемиялық тұмауға қарсы егілетін вакцинаны бұл күнде дәріхана сөрелерінен көруге болады. Клиникалық зерттеулер жүргізугеҮкімет республикалық бюджеттен 100 млн. теңге бөлді. Әрине, дәрі-дәрмек Бүкіләлемдік денсаулық сақтау Ұйымының келісімінен соң ғана өндіріске шығарылады.

Биотехнологияның ауылшаруашылығы бойынша ашқан жаңалығы – шқлге төзімді «Бәйтерек» бидай сорты мен вирустан тазартылған картоптың жаңа тқымы. Экология саласы бойынша ғалымдар жерге төгілген мұнайды жейтін бактериялардың жаңа түрін ойлап тапты.

Семей полигонының зардабы жойылғандай болғанмен, осы өңір тұрғындары арасында онкологиялық сырқат деңгейі жоғары. Арнайы жоба Ұлттық бтотехнологиялық орталық Семей өңіріндегі әйелдердің денсаулығын тексергенде соған көз жеткізді. ДНК-ның құрамын зерттей отырып, алдағы бес жылда адамның қандай ауруға шалдығуы мүмкін деген болжамды да дөп айтады. Адам генінде өзгерісте басталғанын арнайы жабдық айқын көрсетеді. Қазірде биотехнологтар республика бойынша әр аймақ тұрғындарының қандай ауруға жиі шалдығатынын зерттеуге кірісті. Республика бойынша 112 адамнан қан алынған.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Бүгінгі күнгі ғылымның жетістігіне қандай мысал келтіре аласыз?

2. Ферментациялық технологияларға нелер жатады?

3. «Өркениетке жетудің бір жолы – ғылым мен өндірісті ұштастыру» дегенді қалай түсінесіздер?

4. Қандай биологиялық жетістіктерді білесіздер?

15-САБАҚ

Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Мына сөз тіркестірінің көмегімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Экожүйе, экологиялық таза өнім, экологиялық дағдарыс, экологиялық тепе-теңдік, жергілікті ластану, экологиялық тиімділік, бәсекелестік, төзімділік, озондық қабат, атмосфералық айналым, бейімделу, қоршаған орта, ауа бассейні.

2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтар.

1. Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы не айтасыз?

2. Экологияның нашарлауына кімдер кінәлі?

3. Экологияны жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізу керек?

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалығы бұрынғыға қарағанда өте төмен. Оның негізгі себебі – адамдардың тіршілік етуіне қажетті іс-әрекеттерінің нәтижесінде ауаға түрлі газдардың шығарылуы. Атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Ол бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газдармен (оттегі, азот, көмірқышқыл ғазы, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды.

Атмосфераны бұзып, табиғаттың дамуына кері әсер ететін ерекше фактор – адамның тіршілік әрекеті. Адам ақыл-ой мен еңбектің арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттың құрамдас бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеріске ұшырайтыны белгілі. Сондықтан табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде жүргізілуі керек.

Адам әрекетінің салдарынан Қазақстанда пайда болған күрделі экологиялық мәселелер бар. Олардың бірі – Арал тағдыры. Аралға құятын екі ірі өзен – Амудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, егінге пайдалану осындай үлкен апатқа әкеп соқты. Теңіз суының тартылуынан оның жағалауындағы тоғайлар мен жануарлардың жойылуына әкеліп соқты. Аймақ тұрғындарының денсаулығының нашарлауына әсер етті. Қазір «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп бұл мәселенің шешілуі үшін көп жұмыстар жүргізілуде.

Балқаш көлі де күрделі экологиялық аймақ болып отыр. Балқашқа құятын Іле өзенінің бойынан Қапшағай су қоймасының салынуы Іле өзенін мекен ететін ондатралар мен түрлі балықтардың жойылып, балық және ауылшаруашылығының дамуына кері әсерін тигізді. Балқаш көлінің айналасы тіршіліксіз шөлге айналды.

Осы күнгі экологиялық мәселелердің бірі – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза су болу керек, бірақ олай болмай отыр. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді мен азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын қар мен жаңбыр қышқылданады.

4-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып жауап беріңіздер.

1. Атмосфераның бұзылуына не себеп болуда? (газдардың шығарылуы).

2. Атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі қандай? (ауаны тазартады, зиянды сәулелерден қорғайды).

3. Қазақстанда болып жатқан қандай экологиялық мәселелер бар? (Арал теңізі, Балқаш көлі).

5-тапсырма. Сөздермен таныс болыңыздар.

қышқылды жаңбыр – кислотные дожди

щзодық қабат – озоновая дыра

улылық – ядовитость

атмосфералық айналым – атмосферный кругооборот

шықтану ядросы – ядро распада

көшеттілік эффектісі – парниковый эффект

экологиялық мониторинг – экологический мониторинг

қуаңшылдық – засуха

бейімделу – приспосабливаться

қоршаған орта – окружающая среда

ауа бассейіні – воздушный бассейн

экологиялық тиімділік – экологически выгодно

бәсекелестік – конкуренция

трансшекаралық ластану – трансгарничное загрязнение

түр әралуандығы – разнообразие видов

төзімділік – толерантность

6-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыздар.

Қазақ халқының өмір тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат құшағында тіршілік ете жүріп, оның алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырымдар мен пікірлер айта білді. Қазақ халқының табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарының заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатады. Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі деп біледі. Табиғат пен адамдардың болашағы біртұтас деп біледі. Табиғатты сүюді Отанды сүю, туған елді, туған жерді сүю деп біледі. Сондықтан да қазақ халқының қанға сіңген қасиеттерінің бірі – табиғатты қорғау. Табиғатты қорғау дегеніміз – тіршілікке қиянат жасамау, қатыгездіктен аулақ болу. Халық ұғымында құмырсқаның илеуін, құстардың ұясын бұзбау керек деген киелі ұғым бар.