Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

7-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтар:

1. Өздерің тұратын жердің табиғат жағдайлары қандай?

2.Экологиялық жағынан қандай қолайсыз аудандарды білесіңдер?

8-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз

аудандар

Адамның тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы табиғат жағдайланына байланысты. Жаздың жылы, қыстың суық қоңыржай болуы, т.б. жағдайлар қолайлы боса, құрғақ, құмды шөлдер, биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз болып табылады. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді.

Бұл экологиялық жағдайларға байланысты. Өнеркәсіпті қалаларға қарағанда алыс ауылдарда ауа аз ластанады. Ал, керісінше, орталықтандырылған су құбырлары болғандықтан қалада ауыз судың сапасы жақсы.

Республика территориясын бірнеше экологиялық аудандарға бөлуге болады:

  1. Экологиялық жағдайы нашар аудандар;

  2. Экологиялық жағдайы орташа аудандар;

  3. Экологиялық жағдайы жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін, металлургия, көмір кен орындары және өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы жатады.

Экологиясы орташа аудандарға ауылшаруашылығы аудандары жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су, жер ресурстарының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған.

Экологиялық жағдайы басқаларға қарағанда қолайлы аудандарға табиғат ландшафтары аз өзгеіске түскен аймақтар, орманды дала мен таулы аймақтар жатады.

9-тапсырма. «Табиғатты аялай біл» тақырыбы бойынша эссе жазыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Атмосферананың бұзылуына әсер ететін факторлар.

2. Арал теңізінің экологиялық жағдайына не себепкер болды? 3. Қазақстан территориясы қандай экологиялық аймақтарға бөлінеді? 4. Радияциядан қорғанудың қандай жолдары бар?

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарының мақсаты – кәсіби қазақ тілі пәнінен білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бекіту.

Ағымдық бақылау жұмысы әрбір тәжірибелік сабақтан кейін тапсырылады. Сол өтілген тақырып бойынша білім алушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі. Аралық бақылау жұмыстары тест түрінде, бірнеше нұсқада беріледі, немесе өтілген тақырыптар бойынша тапсырмалар беріліп, ауызша сұралады. Қорытынды бақылау жұмысы бойынша емтихан сұрақтары дайындалады. Емтихан сұрақтары жазбаша және әңгімелесуге арналған материалдардан тұрады.

Білім алушылардың оқудағы жетістігі (білім, білік, дағды мен құзірет) төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін әріптік жүйемен бағаланады (оңды бағалары, жоғарыдан кемуіне қарай, А-дан Д-ға дейін «қанағаттанарлық» - Ғ – қанағаттанарлықсыз»);

Барлық білім технологиясының тиімділігін, объективтілігін және сапасын арттыру мақсатында оқу процесі мен білімнің қорытынды бақылауы ажыратылады. Ағымдық және аралық бақылаудың барлық түрі мен білім алушылардың біліміне тиісті бағалауды сабақ беретін оқытушы жүргізеді. Ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 60 пайызынан кем. Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытынды бақылауды оқытушы жүргізеді, ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 40 пайызынан аспайды. Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаудағы бағалар кіреді.