Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

5-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрыңыздар.

Қазіргі ғаламшардағы тірі ағзалардың дүниесі екі үлкен топқа бөлінеді: жоғарғы әлем дүниесі – прокартиоттар және эукариоттар. Прокартиотты ағзаларға (припондар, вирус, бактериялар, көк-жасыл балдырлар) жатады. Клетка қабығының негізгі тіректік қаңқасы глюкопатит түрінен тұрады. Көптеген өкілді молекулалық азотты сіңіруге қабілетті келеді.

Эукориотты ағзалардың клеткасында цитоплазмадан оқшауланып, мембранамен қоршалған, морфологиялық қалыптасқан болады. Эукориоттар қазіргі кезде жер бетінде өте көп, кең таралған және үстемдік етуші топ құрайды. Өсімдіктер жүйесі биология мамандығын дайындауға арналған оқу жоспарында негізгі қолдабалы пәндердің қатарына жатады. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен байыта беру мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша мән беріліп отыр. Болашық ұрпаққа оларды кемеліне келтіріп табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше болмақ.

6-тапсырма. «Ғылымның дамуы – өркениеттің дамуы» тақырыбында сұхбат құрастырыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Биологияның негізгі міндеттері қандай?

2. Биологиялық даму дегеніміз не?

3. Қазіргі биология ғылымының даму деңгейі қандай дәрежеде?

4. Биологияның қандай кезеңдері бар?

8-САБАҚ

Қазақстандық биолог ғалымдар

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Мұрат Әбенұлы Айтхожин – Қазақстан ғылым академиясының академигі, биология ғылымының докторы,профессор. Ол Қазақстан ғылымында молекулярлық биология мен биотехнологияның негізін қалаушы, Қазақстандағы Молекулярлық биология және биотехнология институтын ұйымдастырушы және соның алғашқы директоры, Қазақстан Ғылым академиясының президенті және қоғам қайраткері болған.

М.А. Айтхожин 1939 жылы 29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туған.1962 жылы С.М.Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы) Қазақ мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетін бітірген. Бірақ ол оқудың барлық курсын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқып бітірген.Еңбексүйгіштік, таланттылық, екі университетте алған терең де жүйелі білім Айтхожинге ғалымдар А.Н.Белозерскийдің, А.С.Спириннің жетекшілігімен студент кезінің өзінде-ақ нуклеинді қышқылдар бойынша зерттеулер бастауға мүмкіндік берді.

М.А. Айтхожиннің негізгі ғылыми еңбегі өсімдіктердің макромолекула биохимиясына қосылған үлкен үлес:матрицалық рибонуклеинді қышқылдардың биогенезі, олардың бидайдың эмбриогенезінде белоктың биосинтезін реттеуге қатысушы жөніндегі кең ауқымды зерттеулер болды. Оның еңбегінде алғаш рет өсімдіктерде матрицалық,рибонуклеинді қышқылдардың өмір сүруінің және жұмыс істеуінің рибонуклеопротеидті құрылымының ерекшеліктері көрсетілді. Бұл еңбектердің нәтижелері «Өсімдік информосомалары» деп аталатын монографияда қорытылды.

2-тапсырма. Сөздікпен танысыңыздар.

негізін қалаушы – основоположник

еңбек сүйгіштік – трудолюбие

нуклеинді қышқылдар – нуклеиновые кислоты

елді мекендер – населенные пункты

жарылыс – взрыв

сынақтар – испытания

халықаралық қозғалыстар – международные движения

3-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыздар.

Өсімдіктердің ішкі, сыртқы құрылысын, жүйесін, тіршілігін, таралуын зерттейтін ғылым

А) биология

В) ботаника

С) зоология

Д) ихтиология

2. Әр ғылым саласының өз зерттеу әдістемесі

А) жоқ

В) болмайды

С) керек емес

Д) болады

3. Өсімдіктердің ішкі, сыртқы құрылысын немен зерттейді?

А) микроскоп

В) көз

С) шиша

Д) қол

4. Клетканын құрылысы мен тіршілігін зерттейтін ғылым

А) Гистология

В) Анатомия

С) Эмбриология

Д) Цитология

5. Өсімдік құрылысын микроскоппен зерттейтін ғылым

А) Гистология

В) Анатомия

С) Эмбриология

Д) Цитология

6. Ұрықтың пайда болуын зерттейтін ғылым

А) Гистология

В) Анатомия

С) Эмбриология

Д) Цитология

7. Өсімдік морфологиясының зерттеу тәсілі

А) салыстырмалы

В) бақылау

С) реттеу

Д) аудару

8. Өсімдіктерді туыстық топтарға жіктейтін

А) өсімдіктер физиологиясы

В) өсімдіктер систематикасы

С) өсімдіктер географиясы

Д) өсімдіктер экологиясы

9. Өсімдіктердің сыртқы ортамен қатынасын зерттейтін

А) өсімдіктер физиологиясы

В) өсімдіктер систематикасы

С) өсімдіктер географиясы

Д) өсімдіктер экологиясы

10. Өсімдіктердің таралуын зерттейтін

А) өсімдіктер физиологиясы

В) өсімдіктер систематикасы

С) өсімдіктер географиясы

Д) өсімдіктер экологиясы

4-тапсырма. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.

Р.И. Берсимбаев – член-корреспондент НАН РК, профессор. Начинался его путь в науку – в России. В 1969 году он, выпускник Нобосибирского университета, становится аспирантом, затем научным сотрудником Института цитологии и генетики Сибирского отделения АН СССР. В 1975 году возвращается на историческую родину. С тез пор работает на благо науки Казахстана.

Еще будучи кандидатом наук, молодой ученый проходил научную стажировку в Национальном институте медицинских исследований (Лондон, Англия). Позже стажировался в Европейской молекулярно-биологической лаборатории (Гейдельберг, ФРГ), работал в Ганноверском медицинском исследовательском центре (ФРГ), Астонском университете (Бирмингем, Англия) и др. Выступал с докладами и сообщениями на ряде международных генетических научных конференций, симпозиумов, конгрессов в различных уголках планеты.

В последние годы в прессе промелькнула информация об уникальных исследованиях, проведенных интернациональной группой ученых под руководством Р.И. Берсимбаева. Объект изучения – жители районов, прилегающих к Семипалатинскому полигону, подвергшиеся радиоактивному облучению в результате взрывов ядерного оружия, а также их потомки. Результаты исследований были опубликованы в международном научном журнале «Science».