Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

5-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Д. И. Менделеев периодтық заңының маңызы

Д. И. Менделеевтің периодтық заңы химия ғылымдарын дамуына зор ықпалын тигізді. Периодтық заң барлық элементтерді бір жүйеге келтірді. Жеке алынған бір элементтің қасиеттерін кестедегі оны қоршаған басқа элементтердің қасиеттері арқылы анықтауға мүмкіндік туды. Периодтық заңды пайдаланып химияда алдын ала ғылыми болжамдар жасауға жол ашылды. Жаңа элементтердің қасиеттері мен олардың қосылыстарының қасиеттерін болжап айтуға мүмкін болды.

Д. И. Менделеевтің периодтық заңының негізінде кестедегі бос орындар жаңадан ашылған элементтермен толтырылды және ураннан кейінгі элементтер ашылды. Бұл заңды пайдалана отырып жаңадан ашылатын элементтердің қасиеттерін болжауға болады. Мысалы, егер №118 элементті синтездеу іске асса, ол инертті элементке жатады. Мысалы, бериллий үш валентті деп, ал оның атомдық массасы 13,5 тең деп есептелген. Бірақ периодтық жүйеде берилли үшін бос орын тек магнийдің жоғары жағында болған. Олай болса, кестедегі тұрған орнына байланысты бериллийдің валенттілігі 2, ал атомдық массасы 9 болуға тиіс.

Д. И. Менделеевтің периодтық заңы атом құрылысы туралы ілімнің дамуына зор әсер етті, ал атом құрылысы теориясы периодтық заңының физикалық мәнін терең түсінуге жағдай жасады. Атом құрылысы теориясының дамуы нәтижесінде ураннан кейінгі элементтерді синтездеу мүмкін болды және атом энергиясын ашып оны халық шаруашылығында пайдалану іске асырылды. Периодтык заң химиямен байланысты басқа да ғылымдардың дамуына аса үлкен әсерін тигізді

6-тапсырма. «Д.И. Менделеев тұжырымдары» реферат дайындаңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Қандай қазақстандық химик ғалымдарды білесіздер?

2. Д.И. Менделеев кестесінің маңызы неде?

3. Д.И. Менделеев кестесі мен Қазақстан пайдалы қазбаларының қандай байланысы бар?

4. Химияны тұрмыста қалай пайдаланып жүрміз?

14-САБАҚ

Ферментациялық технологиялар

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырыңыздар.

Қазақстан жерінде таза, кауіпсіз энергия көзғін пайдалану үшін көп мүмкіндіктер бар. Ең алдымен тау өзендерін гидроэлектростанцияларда пайдалануға болады.Энергетикалық ғылыми-зерттеу институтының есептеуі бойынша елімізде электр көзін жиырма миллиондық қуатты су көздерін пайдалану арқылы алуға болады екен. Бүгінгі энергия тапшылығын осы әдіспен ғана қалыптастыруға болары анық. ГЭС-тер үшін қажетті құралдарды басқа жақтан әкелудің қажеті жақ барлығын да өзімізден табуға болады. Дүние жүзібойынша кішігірім, қуаты он мың киловатт ГЭС-тер барлық атом станцияларының беретін қуатынан төрт есе артық қуат бере алады екен. Тіпті көптеген елдер күнді суды пайдалану әдістеріне көшкелі қашан? Бес миллион жапондықтар күн сәулесі күшімен қыздырылған суға шомылады. Израильдің сегіз жүз мың үйі күн сәулесінің күшімен қыздырылған сумен жылытылады. АҚШ-та он бес мың отбасы күн батареялары арқылы тұрмыстық қажеттіліктері толық өтелетін үйлкрде тұрады. Мұндай құрылымдар мен құрылыстар жыл сайын 20%-ға өсіп отыр. Қазақстан күн сәулусін ең көп көретін елдер қатарына жатады. Оның үстіне жердің кендігіне байланысты Қазақстанда желді аймақтар да өз емес. Жнл және күн қуаттарын пайдалану әсіресе, шалғайдағы мал жайылымдары үшін тиімді.

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің көмегімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ғылыми жаңалық, өркениетті ел, өзара бәсекелестік, ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылымның жетістіктері, жастарды қолдау, жаратылыстану ғылымдары, ғылымның жаңа бағыттары, ғылым мен өндіріс, ғылыми зерттеу нәтижелері.

3-тапсырма. Сөздікпен таныс болыңыздар.

жедел қарқынмен даму – быстро развиваться

қолдау көрсету – поддерживать

қарқорлық – забота

қыруар қаржы – много денег

шәкірт – ученик

мәлімдеу – заявлять

сыйымдылығы – емкость, вместимость

тығыздығы – плотность

бейімделу – приспособливаться

дәрумен – витамин

құндылық – калория

4-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Жаңа ғасырда өркениет әлемі халық аузында «тіршіліктің тылсым сыры туралы ғылым» аталынған биология, генетика, геномика, ферментациялық технологиялар сияқты биотехнологиялық саланың келешектегі мүмкіндіктеріне қарап, бірыңғай бетбұрыстар жасады. Оның да өзіндік себептері бар. Адамзаттың отақ үйі – ғаламшар дамыған елдердің өндірістік қалдықтарынан жылынып, жыл санап тарылып келеді. Сондықтан да әлем халықтары бейбіт қатар өмір сүруді, қоршаған ортаны ластамауды, ғылым мен техниканың жаңалықтарын адамдардың ғұмырын сақтап, ұзартуға бағыттанғанын дұрыс санайды.