Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер:

1. Түймебаев Ж. Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш. – Алматы, 2004.

2. Күзекова З. Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған. – Астана, 2003.

3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, І, ІІ том, 2004.

4. Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. – Алматы, 2003.

5. Жұмабекова А. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы, 2011.

6. Күзекова З. Қазақ тілінің практикумы (грамматикалық жаттығулар жинағы). – Астана, 2010.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бейсенова Ә. Қазақстанның таулары. – Алматы, 2003.

2. Нұрғалиева М. Қазақ тілі. – Астана, 2006.

3. Уалиханова Г. Өсімдік биотехнологиясы. – Алматы, 2003.

4. Сламбекова Н. Қазақстанның табиғат ғажайыптары. – Алматы, 2003.

Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәні бойынша типтік бағдарламаға сәйкес тақырыптар негізінде мәтіндерді оқып, берілген тапсырмалар бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады.

Білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру кезеңдері тәлімгерлерге арналған оқу-әдістемелік кешен негізінде, оқытылған лексика-грамматикалық тақырыптарға сай жасалады. Білімгерлердің өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тексеру тапсырмалары аралық және ағымдық бақылаулар бойынша жүргізіледі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушылар үшін бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға, олардың қорытынды деңгейлерін анықтауға көмектеседі. Оқытушы осы міндеттердің нәтижелілігін көтеруге қол жеткізуді мақсат етеді.

Қорытынды бақылау сұрақтары

1. Тіршілік негіздері.

2. Есімше. Көсемше.

3. Адам және қоғам.

4. Денсаулықты сақтау.

5. Шарт мәнді қатынас. Шартты рай.

6. Су – тіршілік көзі.

7. Модальдық мағына (дұрыс, жөн, абзал).

8. Қазақстан табиғаты.

9. Қазақстан қорықтары.

10. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

11. Объектілік қатынас

12. Отандық биология ғылымы.

13. Себеп бағыныңқы сөйлем

14. Биотехнология XXI ғасыр ғылымы.

15. Модальдылық мағынаның берілуі.

16. Өсімдіктер биотехнологиясы.

17. Төл сөз, төлеу сөз

18. Гендік инженерия – ХХ ғасыр жемісі.

19. Ауыспалы осы шақ.

20. Химияның даму заңдары.

21. Өзгелік етіс.

22. Д.И. Менделеев периодтық заңының құрылуы.

23. Бұйрық рай.

24. Ферментациялық технологиялар.

25. Мақсат мәнді құрылым.

26. Болымсыздықтың берілуі жолдары

27. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар.

28. Қарсылық мәнді қатынас.

29. Д.И. Менделеев тұжырымдары.

30. Сөйлем мүшелері.

Білімгерлердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар кәсіби қазақ тілінен берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Өздері оқыған кәсіби тақырыптарына байланысты танымдық сұрақтарға жауап беріп, мамандығына қатысты лексиканы игерту ауқымында салалық терминологияны меңгереді. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады. Тақырыпқа қатысты түрлі реферат, мәлімет, ақпараттар дайындау олардың өз бетінше ізденуіне, қазақша ойлау қабілетін ұштауына көмектеседі. Сонымен қатар мамандығына қатысты тақырыптар арқылы жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына көмектеседі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған өздік жұмыстары олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тақырыптар мен тапсырмаларының жоспарлануы:

Апта

БӨЖ тақырыптары мен тапсырмалары

БӨЖ сағат саны

БӨЖ ұйымдастыру формасы

1 апта

Тіршіліктің жасыл тірегі.

БӨЖ – 4 сағ.

Шығарма

2 апта

Өмір құндылықтары.

БӨЖ – 4 сағ.

Ауызша

3 апта

Салауатты өмір салты

БӨЖ – 4 сағ.

Ауызша

4 апта

Суды үнемдеу.

БӨЖ – 4 сағ.

Ауызша

5 апта

Табиғат байлықтары.

БӨЖ – 4 сағ.

Шығарма

6 апта

Қазақстан қорықтары.

БӨЖ – 4 сағ.

Шығарма

7 апта

Ғылымның дамуы – өркениеттің дамуы.

БӨЖ – 4 сағ.

Эссе

8 апта

Биологиялық өзгерістер.

БӨЖ – 4 сағ.

Эссе

9 апта

Биотехнологияның жетістіктері.

БӨЖ – 4 сағ.

Ауызша

10 апта

Дәрілік өсімдіктер.

БӨЖ – 4 сағ.

Ауызша

11 апта

Гендік инженерия әлеміндегі жаңалықтар

БӨЖ – 4 сағ.

Реферат

12 апта

Химия тұрмыста.

БӨЖ – 4 сағ.

Ауызша

13 апта

Д.И. Менделеев тұжырымдары.

БӨЖ – 4 сағ.

Реферат

14 апта

Ғылыми ізденістер.

БӨЖ – 4 сағ.

Ауызша

15 апта

Табиғатты аялай тіл.

БӨЖ – 4 сағ.

Жазбаша