Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

5-тапсырма. Мәтінді оқып, талдаңыздар.

Семей сынақ алаңының тарихы

Семей сынақ алаңы КСРО Министрлер Кеңесінің шешеімімен 1947 жылы 21 тамызда ашылды. Алғаш мұнда әскери бөлімдер, құрылысшылар келді. Мұнан кейін жасырын түрде «Москва – 400» шағын қалашығы, лабораториялық-эксперименталдық, өндірістік базалар бой көтере бастады. Ядролық тәжірибе жасау үшін халық шаруашылығына арналған18500 шаршы шақырым жер алынды. Бұл аумақ Казақстандағы Павлодар, Қарағанды,Семей облыстарының кейбір аудандарының жерін қамтыды. Тәжірибе жасау үшін қойлар,шошқалар, иттер,атжалмандар, азық-түлік салынған жәшіктер, адам кейпіндегі заттар алынды. Ал жергілікті халық бұл тәжірибеден бейхабар болды.

1949 жылы 29 тамызда 1-сынақ жасалды. Сынақ жер астында да, жер үстінде де жасалды. Жер астында жасалған сынақтардың қуатының күштілігі соншалық, радиоактивті газдар бірнеше рет жер бетіне жарып шықты. Осындай жарылыстан кейін 1989 жылы 13 ақпанда радиациялық тұман бірнеше рет елді мекендерді және Шағандағы әскери-ұшқыштар қалашығын басып қалды. Осы жағдайдан кейін әскери ұшқыштар сол сол кезде семей облысынан КСРО Жоғары Кеңесіне депутаттыққа дауысқа түсіп жатқан ақын Олжас Сүлейменовтен көмек сұрады. Ол республикалық теледидардан сөйлеп, осы қасіреттің бетін ашты. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен полигон мәңгілік жабылды. Бұл үрдіс басқа мемлекеттерде де өз жалғасын тапты. Мысалы, Ресейде Жаңа Жер, Америкада Невада, Францияда Морурора, Қытайда Лобнор жабылды.

6-тапсырма. «Биологиялық өзгерістер» тақырыбы бойынша шағын эссе жазыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Қандай биолог ғалымдарды білесіздер?

2. Семей аймағының қазіргі жағдайы қандай?

3. Биологияның адам өміріндегі маңызы қандай?

4. Өсімдіктер биологиясы туралы не білесіздер?

9-САБАҚ

Биотехнология – XXI ғасыр ғылымы

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Сөздермен жұмыс жасаңыз, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тірі ағза, биотехнология, өндірістік мақсат, сірке қышқылы, ферменттер, май қышқылы, өнімді биосинтездеу, генетикалық әдістер, әр түрлі құрылғылар, тыңайтқыш, көбейту тәсілдері, технологиялық негіз.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Биотехнология ғылымына кіріспе

Биотехнология терминін алғаш Эреки деген ғалым ашты. 1981 жылы Европада биотехнологияның европалық федерациясы құрылды.Биотехнология терминін ғылымда осы жылдары қолдана бастады.Бірақ бұдан бұрынғы кезде де мысалы: Journal of microbiology журналы мен биохимиялық- технологиялық журналдарда осы термин қолданылған. Ол журналдардың авторы Карл Хэден деген ғалым болды. Кейінен автор өз журналын «Биотехнология мен биоинженерия» деп атады.

Европалық федерацианың анықтамасы бойынша биотехнология-биохимия, микробиология, химиялық инженерия бірігіп микробиологияның және клетканың қасиеттерін техникалық жолмен пайдалану болып табылады. Европалық ассоциацияның 1984 жылы өткен үшінші съезінде Голландияның ғылымы Хаувинк биотехнологияның тарихы жөнінде баяндама жасады. Сөйтіп биотехнологияның тарихын 5 кезеңге бөлді:

  1. Пастерден бұрынғы кезең – 1865 жылы дейінгі кезең болды. Бұл кезде империялық түрде дәреже бойынша жұмыс жасап, ашу процестерінің өнімдерін пайдалана бастады. Мысалы, 14 сірке қышқылы Орлеанский әдісі бойынша алынған. Қойларда болатын без – мәйеткен Мәйек ферметін алып, қымызды жасауға қолданған.

  2. Пастерден кейінгі кезең – 1886-1940 жылдар аралығында болды. Бұл кезең пастердің жұмыстарымен байланысты болды. Пастер спирт ашу процесін, май қышқылы, сүт қышқылы ашу процестерін ашты. Спирт ашу процесінің анаэроюты жағдайда болатындығы Пастер эффектісі деп аталды. Этанолды, бутанолды, ацетонды өнеркәсіптік масштабта ала бастады.

  3. Антибиотиктердің эрасы – 1941-1960 жылға дейінгі аралықта болды. Антибиотик деген терминді бірінші болып Ваксман деген ғылым қолданды. 1941 жылы пеницилин деген антибиотиктерді ала бастады. Ал осы пеницилинді ашқан микробиолог Флеминг болды. Ол пеницил саңырауқұлағымен жұмыс жасап, соның ішінде Penicilium chryzogenium деген саңырауқұлақ түрінен пеницилинді алды.

  4. Басқарылатын биосинтездің эрасы – 1961-1975 ж. аралыхында болды. Адамға қажетті өнімді биосинтездеу керек болды. Биохимиялық және генетикалық биосинтез арқылы амин қышқылдарды, ферменттерді, полисахаридтерді көп мөлшерде ала бастады.

  5. Жаңа биотехнология – 1975 жылдан бастап қазіргі заманға дейінгі кезең. Бұл кезенде генетикалық әдістер қолданыла бастады. Берг деген ғалым ДНҚ-ның рекомбинанттық молекуласын алды. 1982 жылы адам инсулинінен препараттар алынып, АҚШ-та сатыла бастады. Кейін Ресейде жасалынып дәріханада сатыла бастады.

3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар жасаңыздар.

4-тапсырма. Төмендегі сөздердің орын тәртібін сақтап, сөйлемдерді өзара байланыста жазыңыздар.

Микробиология – бағыттардың бірі болып ғылымындағы Қазақстан табылады. Адам белгісі табиғаттың құндылықтарының бірі екені ерекше. Ал сүреді бактериялардың қарым-қатынаста тікелей өмір байланыста көптеген адам түрлерімен тікелей. Бүгінгі күнгі микроағзалар деңгейінде биология ғылымының зерттеу мен пайдаланудың оны болып даму басты нысаны табылады. Бүгінгі ғалымдардың микробиолог мақсаты – олардың пайдалы-пайдасыз, қажетті-қажетсіз қасиеттерін анықтау.

5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.