Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

7-тапсырма. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.

Немного об экологии

Еще недавно, в 60-х годах, слово «экология» знали только профессиональные биологи, а сейчас оно вошло в лексикон инженеров, медиков, военных, политических деятелей.

Почему экология стала популярной, а ее проблемы волнуют весь мир?

В первую очередь потому, что вся земля сейчас стоит перед возможным кризисом-изменением климата. Большинство экологических проблем носит глобальный характер, а люди все сильнее ощущают не только материальные (энергия, ресурсы, качество среды), но и нравственные нити своих взаимоотношении с природой.

В атмосфере Земли растет концентрация углекислоты и других вызывающих парниковый эффект газов, и это может привести к существенному потеплению в следующем столетии. Часть парниковых газов обязана своим происхождением хозяйственной деятельности человека. Одним из основных источников увеличения концентрации парниковых газов считается энергетика. Большинство парниковых газов имеет биологическое происхождение. Их содержание в атмосфере отражает изменение в состоянии экосистем.

Состав атмосферы, климат, биосфера взаимосвязаны, изменяются и влияют друг на друга. Происхождение изменения медленны, но и необходимо учитывать при планировании человеческой деятельности. Важно понять истинные причины происходящих изменений и предсказать их возможный ход, чтобы прогнозировать экономическое развитие.

8-тапсырма. «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар туралы хабарлама жасаңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Жануарлардың адам үшін қандай пайдасы бар?

2. «Қызыл кітапқа» енгізілген қандай аңдарды білесізер?

3. Өз өлкелеріңізде қандай қорықтар бар?

4. Қазіргі ауылшаруашылығының жағдайы қандай?

7-САБАҚ

Отандық биология ғылымы

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Биология ғылымының классиктері (Ж. Кювье, Ж.Б. Ламарк, Ч. Дарвин, К. Линней және т.б.) еңбектеріндегі деректерге қарағанда, адамзат ертеден-ақ өсімдіктер дүниесімен таныс болып, оларды өз қажеттеріне жаратқан. Мысалы, ежелгі тас ғасырындағы адамдардың өздері де жабайы өсімдіктердің тұқымын, жемісін, тамырын жеп күнелткен. Біздің эрамыздан 6 мың жыл бұрын болған Жаңа тас ғасырының адамдары жабайы өсімдіктердің тұқымын егіп, өсіре бастаған. Бұған неолит заманындағы адамдардың мекен-жайынан кейінгі кездерде зығыр талшығынан істелген ұлпалардың, жаңғақ жемістерінің, алма, алмұрт, жүзім тұқымдары қалдығының табылғаны дәлел.

Біздің эрамыздан 3-3,5 мың жыл бұрын жүзім өсіру кәсібі өрістелген, тегі жағынан біріне-бірі жақын өсімдіктерді өзара телу және кесінділеп өсіру әдісі қолданылған. Біраз жерлерде мақта, әр түрлі дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түрлері өсірілген. Демек, адам баласы мыңдаған жылдар бойы өсімдіктерді өсірген. Олардың ішінен жақсыларынтаңдап,тұқымға қалдырып отырған. Міне, осылай өсімдіктерді сұрыптау жұмысы басталған. Көне заманның өзінде-ақ өсімдіктердің мәдени және әр түрлі қажетке жарайтын жабайы түрлері көбейе түскен. Ал оларды бір жүйеге салып зерттеу ісін өмірдің өзі қажет етті. Осыдан кейін оларды зерттеуге, қасиеттерін білуге ынта туады.

Қазақстан жеріндегі ең алғашқы ғылыми экспедиция Солтүстік Қазақстанда болған. Бірақ бұл экспедиция өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, жер бедері туралы айтылған деректерден гөрі, жергілікті халықтың тіршілік ерекшеліктері мен дәстүрлері туралы жалпы мағлұматтар жинаумен шектелген. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстан базасы жанынан құрылған ботаникалық бақтар мен секторлар Республикада ботаниканы дамытуда үлкен рөл атқарды. 1981 жылы Қазақ КСР Ғылым академииясының «Қызыл кітабы» екі том болып басылып шықты.

2-тапсырма. Мына тіркестерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.

Өсімдіктер дүниесін зертт еу, өсімдік тұқымы, өсімдік жемісі, өсімдік тамыры, өсімдіктерді телу, өсімдіктерді сұрыптау, өсімдіктерді кесінділеу әдісі, өсімдіктердің жабайы және мәдени түрлері, өсімдіктерді жүйелеу, экспедициялық сапарлар.

3-тапсырма. Мәтін бойынша тест тапсырмасын орындаңыз.

1. Көне заман адамдары өсімдіктерді

А) дәрі-дәрмек, азық-түлік деп есептеді

В) киім-кешек деп есептеді

С) әсемдік заты деп есептеді

Д) әсемдік заты, киім-кешек деп есептеді.

2. Өсімдік шикізатын жинаушылар

А) ризетомдар

В) фармакополдар

С) геопотаниктер

Д) ботаниктер

3. Дәрі-дәрмектік өсімдіктерді сатушылар

А) ризетомдар

В) фармакополдар

С) геопотаниктер

Д) ботаниктер

4. Қазақстанды зерттеуді орыс өкілдерінен кім бастады?

А) І Петр

В) Александр патша

С) Елизавета ІІ

Д) М. Ломоносов

5. Қазақстанның екі томдық «Қызыл кітабы» қашан шықты?

А) 1951 жылы

В) 1986 жылы

С) 1991 жылы

Д) 1996 жылы

6. Қазақстанның Ботаника институты құрылды

А) 1932 жылы

В) 1946 жылы

С) 1948 жылы

Д) 1951 жылы

3-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, жазыңыздар.

Нидерланды мемлекетінде гүл өсіруге және гүлдердің жаңа сұрыптарын сақтауға ерекше мән береді. Нидерланды гүл өсірушілері еліміздің жүрегі Астана қаласының 10 жылдық мерей тойы қарсаңында қызғалдақтың жаңа сұрпын шығарып, оған «Астана» деп атау берді. Осы гүлдің 120 000 данасын Астан қаласының гүлзарларына егу үшін арнайы сыйға тартты.

4-тапсырма. Термин сөздермен танысыңыздар.

Домендер – белоктың үшінші құрылымын туғызатын жартылай дербес бірліктер. Бірқатар белоктарда рентген құрылымдық талдау әдісі арқылы табылған.

Иммунитет – генетикалық бөгде белгілері бар заттардан және тірі денелерден ағзаның қоғану әрекеті.

Иммундық жүйе – ағзадағы иммундық реакцияны іске асыратын барлық лимфондтық клеткалар.

Полигендер – сандық белгілердің өзгергіштігіне әрқайсысы әсер ететін гендер.

Хроматин – белок пен ДНК-дан құрылған қосылыс.