Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

9-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Судың ластануы

Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физика-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Физикалық күйіне қарай еритін, ерімейтін коллоидті деп, табиғатына қарай минералды-органикалық, биологиялық не бактериялық деп аталады. Минералдық компоненттерге анорганикалық қосылыстар (еритін қосылыстар) жатады. Ал олардың құрамында молекулалық және иодтық түрде болатын заттектер болады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлі газдар, еріген тұздар болады.

Суды ластаудың ең басты көздері – өнеркәсіптік және коммуналдық кәріздердің сулар мен өндіріс қалдықтары, ауыл шаруашылығындағы егін суарған су қалдықтары, мал шаруашылығының ағындылары.

Осыдан келіп ағын сулар ластанады. Судың ластануы адам денсаулығына өз әсерін тигізеді. Өйткені ластанған суды пайдаланған адамдар арасында жұқпалы аурулар тарайды. Ол, әсіресе, жаз айларында өрши түседі. Сондықтан ауыз суды қайнатып, тазартып ішкен дұрыс.

10-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Табиғи суларды ластайтын компоненттер нешеге бөлінеді?

2. Суды ластаудың ең басты көздерін ата?

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Гидросфера дегеніміз не?

2. Үлкен қалаларды қандай сулармен қамтамасыз етеді?

3. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарын атаңыздар.

4. Шөлді зоналарда қандай өсімдіктер өседі?

5. Шөлейт аймақтардың климаты қандай?

5-САБАҚ

Қазақстан табиғаты

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Табиғат ресурстары – природные ресурсы

Қорықтар – заповедник

Қарыштап даму – быстро (интенсивно) развиваться

Табиғат лабораториясы –природное лаборатория

Өлке – край

Қорық аймағы – территория (зона) заповедника

Қызыл кітапқа – Красная книга

Барыс – барс

Қарақұйрық – джейран

орманды алқаптар – лесные площади

2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қазақстан территориясында қандай қорықтар бар?

2.Қай қорықта болдың?

3.Қорықтар не үшін ұйымдастырылған?

3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен байыта беру мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша мән беріліп отыр. Болашық ұрпаққа оларды кемеліне келтіріп табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше болмақ. Республикамызда табиғатты және хайуанаттарды қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. «Табиғат лабораториясы» атанған бұл қорықтарда саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті орындары да сол қалпында сақталуда. Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым қорықтары осындай ерекше бақылауға алынған.

1927 жылы елімізде тұңғыш ашылған табиғат қорығы – Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол Талас Алатауының батысында Қаратау, Жабағылы, Өгем, Піскем тауларының түйіскен тұсында орналасқан. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енгізілген аса сирек кездесетін өсімдіктердің 18 түрі сақталған. Мұнда өсімдіктердің алуан түрлері мен аң-құстардың да түрлері көптеп кездеседі.

Алматы қорығы алғаш рет Іле Алатауындағы Кіщі Алматы орман шаруашылығы территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Қорық аймағы Іле Алатауын, Талғар шыңын, Есік, Талғар, Шелек өзендерін қамти отырып, Қырғызстанға дейінгі жерлерге дейін созылып жатыр. Мұнда халықаралық «Қызыл кітапқа» енген, жойылып кету қаупі бар барыс, қарақұйрық мекендейді. Өсімдіктердің де сирек ұшырасатын Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы сияқты түрлері кездеседі.

Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Қорықтың алып жатқан жер көлемі 87694 гектар. Соның 17662 гектары орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Бұл көлдер көктем, күз айларында нағыз құс базарына айналады.

Қорғалжын қорығы Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтиды. Қорық 1968 жылы ұйымдастырылған. Мұнда да көктем мен күз мезгілінде көлдердің беттері құстан көрінбей кетеді. Жалпы бұл қорық жылдың қай мезгілі болмасын қанаттылардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына жатқызылған.

1976 жылы 7 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр. Суы тұщы осы көл теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан. Жалпы қорықтың аумағы 71369 гектар. Марқакөлдің жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Көлде балықтың бірнеше түрі бар.

Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі аралда орналасқан. Көлемі 200-250 шаршы километр. Қорық саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау мақсатында 1939 жылы құрылған.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстандағы қандай қорықтар ерекше бақылауға алынған?

2. Елімізде ашылған алғашқы қорықты атаңыз?

3. 1931 жылы қай қорық ұйымдастырылды?

4. Наурызым қорығы қай жылы ұйымдастырылды?

5. Қорғалжын қорығы қай жерлерді қамтиды?

6.Қорғалжын мемлекеттік қорығы неліктен ЮНЕСКО белгілеген

халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына

жатқызылған?

7. Марқакөл қорығы қайда орналасқан?

8. Марқакөл қорығының аумағы қанша?

9. Барсакелмес қорығы қандай мақстатта құрылған?

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді растаңыз.

Үлгі: Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр – Иә, Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр.

Жануарларды жою нәтижесінде жануарлардың әр түрлілігінің апатты қысқаруы өтіп жатыр. Қышқылды жаңбырлар өсімдікке де, сәулет ескерткіштеріне де зиянды әсер етуде. Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі аралда орналасқан. Қорғалжын қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған. Экологиялық мәселе демографиялық мәселемен тығыз байланыста болады.