Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

8-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Терек ауаны азот тотығынан тазартады

Американ ғалымдары жүргізген көп жылғы зерттеулер теректің ауа құрамындағы азоты бар органикалық қосылыстарды өзіне сіңіріп, оны амин қышқылдарына айналдыратынын анықтады. Ауасы лас қалаларда азоттың тотығы көп болатыны белгілі. Ондай қалаларда теректі көптеп өсірсе, әрі табиғатқа да әрі адмадарға да пайдалы болар еді. Терек ауаны тазартатын табиғи құрал қызметін атқарады.

Академик М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры В.Поляков терек бүршігінен «Тополин» деген дәрі алды. Бұл дәрі туберкулез және онкологиялық ауруларды емдеу үшін пайдаланылады. Оны тұндырма және май түрінде де пайдалануға болады. Сонымен қатар, терек майы өсімдіктер мен жануарлардың дамуы мен қалыпты өсіп жетілуіне де жақсы әсер ететіндігі анықталып отыр.

9-тапсырма. Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Американ ғалымдары теректің қандай қасиетін анықтады?

2. Азоттың тотығы қандай қалаларда көп болады?

3. Терек бүршігінен қандай дәрі жасалады?

4. Адам мен табиғаттың байланысы деген қалай түсінесіз?

5. «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбында хабарлама дайындаңыздар.

11-САБАҚ

Гендік инженерия – хх ғасыр жемісі

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

Молекулалық биологияның дамуында іс жүзінде қолданылатын бағыттардың бірі – гендік инженерия. Гендік инженерия генді (ДНК) бір ағзадан екінші ағзаға енгізіп, оның өнімін алу мақсатында қолданылатын жоғары технологиялық үдеріс.

Гендік инженерия саласындағы зерттеулер ХХ ғасырдың 70 жылдары басталды. 1982 жылы тағамдық азық-түлектер мен дәрі-дәрмектердің сапасын тексеретін АҚШ-тың тазалық сақтауды бақылау Басқармасы гендік-инженерлік тәсілмен аса маңызды белок-инсулин гормонын өндіруге куәлік қағазын берді. Сол жылдары гендік инженерлік технология вирусқа қарсы әрекеттік қасиеті бар интерферон препаратын шығаруға қолданылды. Интерферон бактериялық жасушаға осы белоктың синтезін бақылайтын үш генді енгізу нәтижесінде алынды.

Қазіргі кезде гендік инженерияны кең көлемде медицина тұқым қаулайтын ауруларды және қатерлі ісіктерді диагностикалау мен даму механизмдерін анықтауда, соттық медицинада қылмысты анықтауға, фармацевтік өнеркәсіпте дәрі-дәрмекті синтездеу мен өндіруде тағы басқа жағдайларда қолданады.

2-тапсырма. Сөздермен таныс болыңыздар.

тұқымқуалаушылық – наследственность

өзгергіштік – изменчивость

ағза – организм

ұрпақ – потомство

жеке даму ерекшеліктері – особенность индивидуального развития

ұлпа – ткань

зат алмасу – обмен веществ (метобализм)

бағалы қасиеттер – ценные свойства

сүтқоректілер – млекопитающие

гендік инженерия – генная инженерия

3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар.