Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

8-тапсырма. «Биотехнологияның жетістіктері» тақырыбында эссе дайындаңыздар.

9-тапсырма. Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Биотехнология ғылымы қалай дамып жатыр?

2. Биотехнология ғылымы қашан қалыптасты?

3. Биотехнология ғылымы қандай салалармен байланысты?

4. Өз мамандығыңыздың ерекшеліктері туралы айтып беріңіздер?

10-САБАҚ

Өсімдіктер биотехнологиясы

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

тірі ағза – живой организм

бұта – куст; кустарник

жануар – животное

ғалам – вселенная

қарағай – сосна

шырша – ель

емен – дуб

қайың – береза

терек – тополь

буландыру – испарять, превращать в пар

аңызақ – горячий ветер

шаң-тозаң – пыль

тұту – держание, задерживание

2-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтар.

1. Орманның қандай пайдасы бар?

2. Қазақстанның қай жерлерінде орман көп кесдеседі?

3. Орманның ауасы қандай болады?

4. Орманда не өседі?

5. Сіздің туған жеріңізде орман бар ма?

3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі.

Орман – күрделі тірі ағза, себебі ол тек ағаштардың жиынтығы ғана емес тірі табиғат. Орманда ағаштар, бұталар, шөптектестер, жануарлар, жәндіктер, микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі – ағаш. Ағаш – тірі, ол тыныс алады, қоректенеді, көбейеді, өседі және «өледі».

Орман – ғаламдағы көбірек таралған ландшафтық көрініс. Ол құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Орманның аты онда өсетін ағаш түрлеріне байланысты қойылады: қарағайлы, шыршалы, еменді, қайыңды және аралас орман және т.б. Орман адамдарға ғана емес, жер бетінде тіршілік ететін бүкіл тірі ағзаларға қажет. Сондықтан да орман – біздің бағасыз байлығымыз.

Ағаш өспеген жерде температура өте төмен болса да, өте ыстық болса да, адам оны тез сезеді. Үлкен қалалардағы тас үйлер микроклиматқа зиянды әсер етеді. Ағаш көп, жиі өскен жерде өсімдіктер суды көп буландырып, ауаны тазартып тұрады. Аптап ыстықта орманның арасы өте салқын, құрғақшылықта ауа ылғалды болады. Күннің ыстығы бұтақтарына жайыла таралып кетеді де, біразы жапырақтарына сіңеді. Егістік жерлердің айналасына ағаштарды отырғызып, егінді аңызақ желден қорғайды.

Атмосфераны зиянды газдардан жасыл өсімдіктер тазартады. Ағаштар ауадағы шаңды 42 пайызға дейін азайтады. Жалпақ жапырақты ағаштардың (терек, қайың, емен және т.б.) жапырақтарына шаң-тозаң өте көп жиналады. Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Мысалы , 20 жылдық 1 га жердегі қарағайлы орман жыл сайын 9,35 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 7,25 тонна оттек бөледі. Шаң-тозаңдардың құрамында ауыр металдар мен қорғасын, темір, титан, мыс, цинк, никель, кобальт, марганецтің микроэлементтері болады. Бұл элементтер, әсіресе, кәсіпорындардың аумағында көп кездеседі. Ауыр металдарды көп тұтатындар қарағай, шырша ағаштары болғандықтан кәсіпорындардың айналасына осы ағаштарды отырғызады.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Орманда нелер тіршілік етеді?

2. Атмосфераны зиянды газдардан не тазартады?

3. Қандай ағаштардың жапырақтарына шаң-тозаңдар көп жиналады?

4. Ағаштар қандай газды сіңіреді?

5. Шаң-тозаңдардың құрамында қандай микроэлементтер болады?

6. Кәсіпорындардың айналасына неліктен қарағай, шырша ағаштарын отырғызады?

5-тапсырма. Өлеңді оқып, жаттап алыңыздар.

Ағашта өзің білген қарағай, тал,

Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.

Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,

Ақ сасық, қызыл қайың, борша шынар,

Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет емен,

Үйеңкі, шырғай, балғын, тораңғылар,

Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен,

Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар,

Қараған, боз қараған, шеңгел, шілік

Сықылды ағаштардың талайы бар.

І. Жансүгіровтің «Жер түгі» өлеңі.

6-тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын түсіндіріңіздер.

Өте көп жасайтын болғандықтан емен ағашын «мәңгіліктің символы» деп атайды. Шөлдің сәні – сексеуіл. Дүниежүзіндегі ең биік ағаш – эвкалипт. Зәйтүн ағашын «бейбітшілік рәміз» деп атайды. Шоколад алатын кокао ағашын алғашында дәрі есебінде қолданған. Алмалардың арғы тегі – Алатаудың жабайы алмасы. Алма адамның жасын жасартады.

7-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыздар.

Жер бетінде алуан түрлі гүлдер бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән түр-түрі және бір-біріне ұқсамайтын иісі де болады. Әлемдегі барлық халықтар әсемдіктің белгісі гүл деп есептейді. Гүл сыйлау мәдениеттіліктің басты көрінісі деп есептелінеді.

«Сүйген адамыңа гүліңді сыйла, сыйлы қонағыңа сүріңді сыйла»,

«гүл – жердің көркі, қыз елдің көркі» деген халық даналық сөздерінде де аса зор мән бар. Әрбір гүлге байланысты айтылатын аңыздар қаншама?!

Биік таулы алқапта өсетін еңлікгүл (эдельвейс) мөлдір махаббаттың белгісі саналады. Бұл гүлді өсімдіктің латынша атауы – «леонтоподиум» - «арыстан табаны» деген ұғымды білдіреді. Шын мәнінде, бұл гүлдің сыртқы пішіні арыстан табанын көз алдыңызға елестетеді. Оның биік таулы алқапта өсетін түрі – альпі еңлікгүлі деп аталады. Тау халықтарының аңыздары бойынша қалыңдық өзіне еңлікгүлін сыйлаған жігітпен тұрмыс құрамын деп елге жар салыпты. Өйткені еңлікгүл екінің бірінің қолы жете бермейтін биік таудың шың құздарында өседі. Ал оны іздеп табу үшін жігіттен табандылық пен қаншама қажырлылықты қажет ететіндігін айтпаса да түсінікті. Қалыңдық мұндай ер жігіттің батыл әрі батыр болатынын сезген. Талайлар бұл жолда мерт болған. Ақырында бір ержүрек жігіт бар қиындықты жеңіп, гүлді сұлу қалыңдыққа алып келген кезде ол қартайып кемпір болған екен деген аңыздан көп нәрсені аңғаруға болады.