Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Жетілмеген бәсеке нарықтары. Таза монополия нарығы және монополиялық билік

Мақсаты: нарықтың жетілмеген бәсеке жағдайындағы түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы олардың монополиялық билігінің көзін анықтау, айырмашылықтарына талдау жасау. Мұндай талдау алдымен оның жетілген бәсеке нарығына ең қарама-қайшы түрі – таза монополия моделінің анықтамасынан, оның баға және өндіріс көлемі жөніндегі мінез-құлқын, экономикалық тиімділігін мен әлеуметтік шығындарын қарастырудан бастаймыз. Осы мақсатқа жету үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:

Дәріс сабағының жоспары:

  1. Таза монополия нарығының моделі және оның шарттары.

  2. Таза монополисттің шекті түсімінің қисығы.

  3. Таза монополисттің қысқа мерзімдегі пайдасын мейлінше арттыруы және ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік.

  4. Бағалық дискриминация: ұғымдары, шарттары, салдары.

  5. Монополиялық билік және оның көрсеткіштері. Таза монополия рыногын мемлекеттік реттеу.

Негізгі ұғымдар: жетілмеген бәсеке; таза монополия, монополиялық билік; нарыққа кіру тосқауылы; ашық монополия; жабық монополия; табиғи монополия; монопсония; екіжақты монополия; монополия және экономикалық тиімділік; монополияның әлеуметтік шығындары; шекті табыс; монополиялық пайда; бағалық дискриминация; бірінші дәрежелі (жетілген) бағалық дискриминация; екінші дәрежелі бағалық дискриминация; үшінші дәрежелі бағалық дискриминация; сегменттелген нарық; Лернер индексі; Херфиндаль-Хиршман индексі; «Х – тиімсіздік»; т.б.

Тақырыптың қысқаша мазмұны.

Абсолютті (таза) монополия – бұл салалық ұсыныстың барлық көлемін бір ғана сатушы қамтамасыз ететін нарықтың жағдайы.

Монополияның пайда болуы салаға кіру тосқауылдарының орын алуымен шартталады, олардың рөлі өндіріс ауқымының едәуір оң тиімділігінен, ерекше құқықтар арқылы, өндірістің аса маңызды деген факторларына бақылау жасаудан көрінеді.

Монополиялық биліктің пайда болу себептеріне байланысты монополияның мынадай түрлері бар: а) жабық монополия – бәсекелестіктен ерекше құқықтармен қорғалған нарықтық жағдай; ә) ашық монополия – уақытша сипатқа ие болатын және бәсекелестіктен қорғалмаған нарықтық жағдай; б) табиғи монополия – өндіріс ауқымының тұрақты оң тиімділігіне ие болушы монополия; в) монопсония – сатып алушының монополиялық билікке ие болу жағдайы.

Монополиялық фирманың нарықтық билік жүргізуінің көзі болып нарыққа бақылау жасай алу табылады, ол нарықты бақылау арқылы өзінің өндіріс көлемін реттей отырып нарықтық бағаға әсер ете алады.

Монополия жағдайында минималды орташа шығындармен өндіруге ынталандыратын нарықтық күштер болмағандықтан, монополист өндірістің кез-келген көлемін таңдай алады.

Пайданы максимизациялау ережесіне жүгіне отырып, монополист шекті табыс өндірістің шекті шығындарына тең болғандағы өндіріс көлемін таңдайды. Бұл жағдайда, сұраныс қисығының көлбеулігін ескере отырып монополист бағаны бір өнімге кететін шекті шығындардан жоғары етіп тағайындайды, яғни осы баға оның өніміне деген сұраныс икемділігіне кері пропорционалды олып табылады.

Монополисттің өндіріс көлемі туралы шешім қабылдауы шекті түсім қисығының сипатын анықтайтын сұраныс икемділігінің өзгеруіне байланысты болса, онда баға мен ұсыныс көлемі арасында арақатынас орын алмайды, сондықтанда монополия жағдайында ұсыныс қисығы болмйды.

Әр түрлі тең жағдайларда монополистің ұсыныс көлемі жетілген бәсекелес фирмаға қарағанда төмен, ал бір өнімге деген монополиялық баға жетілген бәсекелес фирманың бағасына қарағанда жоғары болып табылады, осының салдарынан қоғамдың әл-ауқаты төмендейді.

Монополия жағдайында ресурстарды бөлудегі (нарықтық бағалар өндірістің шекті шығындарынан жоғары) және қолданудағы (өндірістің орташа шығындары оның минималды деңгейінен жоғары) тиімсіздіктің орын алуы монополияланған нарықтарға мемлекеттік реттеу жүргізуді талап етеді.

Монополиялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеу салалық ұсынысты ұлғайту мақсатында жүзеге асырылады және ол монополиялық әрекеттерді жоюға бағытталған құқықтық нормалар, монополияның нарықтық билікті жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейтін экономикалық іс-шаралар сияқты әдістер арқылы жүргізіледі.

Қорытынды

1. Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдалана отырып, тауардың бағасын бәсекелес фирманың бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады.

2. Бағалық дискриминациямонополист-фирманың сапалары бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі бағалар бойынша әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын монополиялық тәжірибе.

3. Монополиялық билік – фирманың нарықта сатылатын тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету қабілеті. Таза монополия шын (толық) монополиялық билікке ие бола алады. Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше өндірушілер болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте салыстырмалы болады. Монополиялық биліктің қажетті алғышарты – фирма тауарының сұраныс қисығы төмен қарай көлбеулі болуы керек.

4. Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше тәсілдері бар, яғни монополиялық билікті қысқартудың негізгі тәсілдері мыналар болып табылады: 1) Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне қарсы бағытталған шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың бірігуіне, бәсекелетікті әлсіретуге, монополияны орнатуға, яғни олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды реттеу. 2) Табиғи монополияларды мемлекет тарапынан реттеу (тікелей және жанама). 3. Мемлекеттік меншікті қалыптастыру, яғни жеке иеліктегі табиғи монополияны реттеудің орнына, мемлекет өзі монополияны иемденуші бола бастайды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, пайдаға ұмтылу – фирманы кәсіби басқарудағы тіректі кепіл болып табылады.

Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар.

Ең алдымен, монополияның негізгі шарттарына көңіл бөлу қажет. Монополиялық биліктің салдарлары мен бағалық дискриминацияның түрлерін де анықтап алу қажет. Монополиялық қызметті реттеудің қажеттілігін түсіну қажет. Сонымен қатар, негізгі әдебиет көздерінен тақырыпты толығырақ игеру қажет.

8-тақырып. Мәселелі дәріс