Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Сыртқы әсерлер теориясы

Мақсаты: сыртқы әсерлер бойынша мәселелерді толық қарастыру және терең зерттеу. Ол үшін төмендегі сұрақтарды қарастырумыз керек.

Дәріс сабағының жоспары:

  1. Сыртқы әсерлер: табиғаты, пайда болу формалары және олардан туындайтын себептер.

  2. Сыртқы әсерлерді реттеу мәселесі. Коуз теоремасы.

Негізгі ұғымдар: сыртқы әсерлер; теріс сыртқы әсерлер; оң сыртқы әсерлер; жалпы сыртқы шығындар; шекті сыртқы шығындар; шекті жеке шығындар; шекті қоғамдық шығындар; шекті қоғамдық пайдалылық; шекті жеке пайдалылық; шекті сыртқы пайдалылық; жалпы сыртқы пайдалылық; түзетуші салық; түзетуші субсидия; Коуз теоремасы; т.б.

Тақырыптың қысқаша мазмұны.

Сыртқы әсерлер нарықтық емес тәсілдер арқылы экономикалық субъектілердің өзара әрекеттерге баруының себешісі болып табылады, бұл жерде бір тұлғаның жасаған іс-қимылының нәтижесі сол әсердің салдарын ешқандай өтеусіз басқа бір тұлғаға әсер етуі орын алады.

Әсер етудің сипатына байланысты сыртқы әсерлер теріс (жағымсыз) және оң (жағымды) әсерлер түрінде орын алуы мүмкін. Теріс сыртқы әсерлердің салдарынан нарықтық келісімге мүлдем қатысы жоқ үшін тұлғалар қосымша шығындарға тап болады. Ал оң сыртқы әсерлердің орын алуы кезінде нарықтық келісімге мүлдем қатысы жоқ үшінші тұлғалар қосымша пайдалылық алады.

Жағымсыз сыртқы әсерлер жеке және қоғамдық шекті шығындар деңгейіндегі айырмашылықтан туындайтын игілік бағасының төмен болуымен орын алады.

Жағымды сыртқы әсерлер жеке және қоғамдық шекті пайдалылықтар деңгейіндегі айырмашылықтан игілікке деген сұраныстың жеткіліксіздігінен туындайды.

Сыртқы әсерлердің орын алу себебі болып ресурстарға бекітілген меншік құқықтарының жоқ болуы табылады, ол ресурстарды альтернативті түрде қолдану үшін оның құнының төмендеуіне алып келеді.

Игіліктердің нарықтық бағасында көрсетілмеген сыртқы әсерлер шығындар мен табыстар туралы ақпаратты шектейді, осының салдарынан игіліктерді артық өндіру немесе кем өндіру сияқты формасында көрінетін ресурстарды бөлудің тиімсіздігі орын алады.

Қоғамдық шекті шығындар мен қоғамдық шекті пайдалылықтар арасындағы теңдікті қамтамасыз ету арқылы сыртқы әсерлерден туындайтын тиімділіктің жоғалуын жоюға болады.

Егер ресурстарға деген меншік құқығы нақты тағайындалған және соларға байланысты айырбас жасау шығындары көп болмаса, онда сыртқы әсерлерді нарықтық механизм арқылы жоюға болады.

Егер нарықтық механизм сыртқы әсерлердің салдарларын жоюды қамтамасыз ете алмайтын болса, онда оларды реттеудің нарықтық емес әдістері қолданылады, яғни, жағымсыз сыртқы әсерлерді реттеу үшін стандарттар мен салықтар, ал жағымды сыртқы әсерлерді реттеу үшін субсидиялар сияқты әдістер қолданылады.

Қорытынды

1. Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтары сыртқы әсерлер дейді. Бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынуға ешқандай қатысы жоқ үшінші адамдар көтереді (шығын) немесе тегін алады (пайдалылық). Сыртқы әсерлер жағымсыз және жағымды әсерлер болып екіге бөлінеді.

2. Сыртқы әсерлер игіліктерді өндіруде және тұтынуда орын алатындықтан олар тұтыну мен тұтынудың арасында, тұтыну мен өндірудің арасында, өндіру мен тұтынудың арасында және өндіру мен өндірудің арасында орын алады.

Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар.

Тақырыпты оқу барысында нарықты сәтсіздіктері деген ұғымды және соны болдыратын сыртқы әсерлердің пайда болу ерекшеліктерін жақсылап түсіну қажет. Сыртқы әсерлер кезінде орын алатын пайдалылықтар мен шығындардың түрлерін білу қажет. Сонымен қатар, сыртқы әсерлерді ішкі әсерлерге айналдыруда Коуз теоремасының мәнін ашу қажет және сыртқы әсерлерді мемлекеттің реттеудің негізгі бағыттарын анықтау қажет.

15-тақырып. Кеңес беру дәрісі