Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

  1. Монополистік бәсеке нарығында:

А) жарнаманың рөлі мүлдем болмайды

В) жекелеген тұтынушы өнімнің бағасына әсер ете алады

С) бір сатушының әрекеті басқа сатушылардың әрекеттеріне әсер етпейді

D) бір-біріне алмастырылмайтын тауарлар өндіріледі

Е) тауарлар дизайны және сатылу шарттары бойынша ерекшеленеді

  1. Жетiлген және монополиялық бәсеке нарығының жалпы белгiсi қандай:

А) дифференцацияланған тауарлар өндiредi В) нарықта сатушылар мен сатып алушылар өте көп болады С) мұндай жағдайда фирмалардың сұраныс қисықтары көлденең сипатта болады D) бiртектi тауарлар өндiрiледi Е) әр фирманың нарықтық тепе-теңдiгi оның

бәсекелестерiнiң әсерiне байланысты

  1. Монополистік бәсекелі фирма ұзақ мерзімде тепе-теңдік жағдайда болады, егер:

А) Р = MC, Р > min ATC болса

В) Р > MC, Р = min ATC болса

С) MR = MC, P > min ATC болса

D) MR = MC, P < min ATC болса

Е) Р = MC, Р < min ATC болса

  1. Монополиялық бәсеке тұтынушыларға тиімді әрі пайдалы деушілер былай деп тұжырымдайды:

А) өнімге өзіндік ерекшелік беру тұтынушылардың әртүрлі талғамдарын жүзеге асыруға ықпал етеді В) монополиялық бәсеке жағдайында фирмалар нарық тұрғысынан алғанда тиімді болатын өнім көлемін өндіреді С) толық бәсеке фирмалар арасындағы күреске әкеп соғады D) монополиялық бәсеке жағдайында қоғам тұрғысынан алғанда тиімді саналатын ресурсты қолдануға қол жетеді Е) монополиялық бәсеке жағдайында фирмалар тауарды көбінесе төмен сатады

  1. Жанар-жағар май бекеттері монополистік бәсеке саласының мысалы болып табылады, бұл саладан біз нені күтпейміз:

А) қысқа мерзімде оң пайда алуды В) ұзақ мерзімде нөлдік пайда алуды С) баға шекті шығындарға тең болғанды D) жарнамалық әдісті қолдануды Е) баға шекті шығындардан жоғары болғанды

  1. Монополистік бәсеке нарығына мыналардың қайсысын жатқызуға болады?

А) энергетика нарығын В) банк қызметтері нарықтарын С) шикізат тауарларының нарығын D) автомобиль нарықтарын Е) сабын, сусабын, тіс пастасы нарықтарын

  1. Монополистік бәсеке теориясына ерекше үлес қосқан кім?

А) О. Курно В) Э. Чемберлин С) А. Пигу D) А. Маршалл Е) Дж. Кейнс

  1. Ұзақ мерзімді тепе-теңдік жағдайында монополистік бәсеке нарығында:

А) нарықтық бағалар ұзақ мерзімді минималды орташа шығындарға тең болады

В) бағалар шекті шығындарға тең болады С) фирмалар экономикалық пайдаға ие болмайды D) барлық өндірістік қуаттар іске қосылады Е) фирмалар жоғары экономикалық пайдаға ие болады

  1. Әр түрлі тауар өндіретін фирмалардың саны көп нарықтық құрылым:

А) монополия В) олигополия С) монопсония D) монополистік бәсеке Е) таза бәсеке

  1. Монополистік бәсеке нарығында фирма:

А) нарыққа еркін кіріп шыға алмайды В) бірнеше фирма ғана жұмыс істейді С) әртүрлі өнім шығарады D) нарық туралы толық мәліметтер болмайды Е) жалғыз сатушы жұмыс істейді

  1. Тұтынушылар үшін монополистік бәсеке нарығының тиімділігі неден көрінеді:

А) өнімдердің көптүрлілігі тұтынушылардың әртүрлі талғамдары мен ұнамдылықтарының жүзеге асуына қолайлы жағдай туғызады

В) фирмалар өнімнің тиімді көлемін өндіреді

С) фирмалар арасындағы қатаң бағалар соғысы тұтынушылардың ұтымын арттырады

D) ресурстардың қолданылуы аса тиімді болып табылады

Е) фирмалар арасындағы құпия баға белгілеу тұтынушылардың ұтымын арттырады

  1. Шынайы дифференциация тауардың қандай ерекшелігінде көрінеді:

A) физикалық қасиеттері арқылы B) тауардың сытрқы пішінінен, буып-тиюінен

C) маркасынан D) жарнамалаудан E) тауардың имиджінен

  1. Жасанды дифференциация – бұл өнімнің қандай ерекшелігі?

A) жарнамасы, имиджі, сыртқы пішіні, маркасы бойынша B) сапасы C) сату көлемі бойынша ерекшелігі D) тағайындалған бағасы E) нарық сегменттері бойынша бөлінуі

  1. Сапа бойынша бәсекені бәсекенің қандай түріне жатқызуға болады?

A) бағалық емес бәсекеге B) бағалық бәсекеге C) стратегиялық D) өткізу нарығы бәсекесіне E) территориялық

  1. Монополистік бәсеке нарығының ерекшелігін анықтаңыз:

A) нарықтық билікке ие болу B) өнімдердің біртектілігі C) салаға кірудегі тосқауылдардың болуы D) өнім шеңберінде нарықтық билікке ие болу

E) сатып алушылардың көп болмауы

  1. Кір жуатын ұнтақтарды бөлшектеп сату нарығын нарықтың қандай типіне жатқызуға болады?

A) монополистік бәсекеге B) жетілген бәсеке нарығына C) олигополияға D) монополияға

E) дуополияға

  1. Монополистік бәсеке нарығында Лернер индексі қандай мәнге ие?

A) теріс мәнге B) оң мәнге ие С) әрқашанда нөлге тең D) оң мәнге де, теріс мәнге де ие

Е) үнемі -1-ге тең

  1. Э. Чемберлин алғаш рет қандай нарықтық құрылымның типін терең зерттеген?

А) монополияны В) олигополияны С) монополистік бәсекені D) жетілген бәсекені

E) монопсониялық бәсекені

  1. Монополистік бәсеке нарығындағы ұзақ мерзімдегі тепе – теңдік мынаған алып келеді:

А) бағаның орташа шығындардан жоғары болуына

В) Херфиндаль – Хиршман индексінің төмендеуіне С) шекті шығындардың нарықтық бағалардан жоғары болуына D) экономикалық пайданың жоғалуына E) Лернер индексінің жоғарылауына

  1. Монополистік бәсеке нарығы мынадай нарықтарда орын алады, егер сұраныс

икемділігінің мәні: А) төмен болса В) жоғары болса С) 1-ге тең болса D) 0-ге тең болса E) шексіздікке ұмтылса

  1. Егер саладағы монополия монополисік бәсеке жағдайына ауысса, онда:

А) сатып алушылар ұтады В) сатушылар ұтады С) сатушылар да, сатып алушылар ұтады

D) сала жойылады E) ұзақ мерзімде бұл салада пайда жоғары болады

  1. Ұзақ мерзімде монополистік бәсеке нарығында мынадай жағдай орын алады:

A) P = AVC B) P = MC = AC C) P = MR D) P = AFC E) P = AC

  1. Монополистік бәсекенің ерекшелігі мынада болып табылады, егер:

А) сатушының бәсекелестері көп болмаса В) сұраныс қисығы жетілген бәсекеге қарағанда жатыңқы болып келсе С) фирмалардың артық өндірістік қуаттары орын алса

D) ресурстар тиімді бөлінсе E) сатушының бәсекелестері мүлдем болмаса

  1. Монополияға қарағанда монополистік бәсеке жағдайындағы фирма:

А) қысқа мерзімде экономикалық пайда алмайды В) жарнаманы қажетсінбейді С) сұраныс қисығының екі түріне ие болады D) ұсыныс қисығының екі түріне ие болады

E) ұзақ мерзімде экономикалық пайдаға ие болады

  1. Монополистік бәсеке жағдайындағы фирма ұзақ мерзімде:

А) барлық өндірістік қуаттарын іске қосады В) баға соғысын жүргізеді С) салаға кіру үшін тосқауылдар қояды D) өзінің баға саясатында бәсекелестерінің іс-әрекеттерін ескермейді

E) өзінің баға саясатында бәсекелестерінің іс-әрекеттерін есепке алады

  1. Э. Чемберлиннің пікірінше, монополистік бәсеке жетілген бәсекеге қарағанда аса

жетілген нарықтық құрылым болып табылады, өйткені:

А) бұл жерде артық өндірістік қуаттар орын алмайды В) оның тиімділігі өте жоғары болып табылады С) тауарларды таңдаудың алуан түрлілігі кездеседі D) бұл жерде тауарлар арзан E) тауарлар тұрақты бағалармен сатылады

  1. Сауда маркасы – бұл өнім дифференциациясының бір түрі болып табылады. Ол өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, өйткені:

А) фирма өзінің сауда маркасын мақтаныш тұтады В) үкімет заңдылықтары саудалық маркасы бар тауарлардың сапасының жоғары болуына мәжбүрлейді

С) репутация – бағалы құндылық, бұл фирманы жоғары сапалы өнім өндіруге мәжбүрлейді D) ірі фирмалар ғана сауда маркасы арқылы жоғары сапаны қамтамасыз ете алады E) фирма осы жоғары сапа арқылы ұзақ мерзімде жоғары пайдаға ие бола алады

  1. Мына берілген шарттардың қайсысы монополистік бәсеке нарығын толық сипаттайды:

А) жаңа фирмалардың салаға кіруі жеңіл, өндірушілердің саны көп, дифференциацияланған тауарлар өндіріледі, фирма баға белгілеуде бәсекелестерінің шешімдерін ескермейді В) жаңа фирмалардың салаға кіруі қиын, өндірушілердің саны көп, дифференциацияланған тауарлар өндіріледі, фирма баға белгілеуде бәсекелестерінің шешімдерін ескереді С) жаңа фирмалардың салаға кіруі жеңіл, өндірушілердің саны көп, стандартты тауарлар өндіріледі, фирма баға белгілеуде бәсекелестерінің шешімдерін ескермейді D) жаңа фирмалардың салаға кіруі қиын, өндірушілердің саны аз, дифференциацияланған тауарлар өндіріледі, фирма баға белгілеуде бәсекелестерінің шешімдерін ескереді Е) жаңа фирмалардың салаға кіруі мүмкін емес, өндіруші жалғыз, дифференциацияланған тауарлар өндіріледі, фирма баға белгілеуде бәсекелестерінің шешімдерін ескермейді

  1. Мына берілген тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес:

А) жарнама монополистік бәсеке жағдайындағы фирманың экономикалық пайдасын үнемі арттыра бермейді В) жарнама монополистік бәсеке жағдайындағы фирманың әрекетінде көп қолданылады С) монополистік бәсеке кезінде ұзақ мерзімді тепе-теңдік бағасы ұзақ мерзімді орташа шығындардың минималды мөлшерінен жоғары болады да фирма ұзақ мерзімді тепе-теңдікте экономикалық пайдаға ие болады

D) монополистік бәсеке жағдайында ұзақ мерзімді тепе-теңдік кезінде баға өнімнің өзіндік құнына тең болады және экономикалық пайда нөлге тең болады

Е) ұзақ мерзімде жаңа фирмалар монополистік бәсекелі салаға кіргенде сол саладағы бұрынғы фирмалар бағаны төмендетіп өнім көлемін азайта бастайды

  1. Монополистік бәсеке нарығындағы ұзақ мерзімдік тепе – теңдік мынаны сипаттайды,

яғни:

А) нарықтың бағалар ұзақ мерзімді минималды орташа шығындарға тең болады

В) фирмалар экономикалық пайда алмайды С) фирмалар экономикалық пайда алады

D) барлық өндірістік қуаттар іске қосылады E) бағалар шекті шығындарға тең болады

9-тақырып. Олигополия нарығы және оның модельдері

2-сағат

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • О. Курно және дуополия теориясы.

  • ОПЭК – халықаралық мұнай картелі.

  • Олигополия қазақстандық нарықтарды дамытудың әдісі ретінде.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

  • Дуополияның түрлері;

  • Картель және оның түрлері;

  • Ойындар теориясы және олигополиялық теңдіктер;

  • Олигополиялық модельдердің салыстырмалы сипаттамасы.