Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

4. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі

Оқулықтар

1.Ғабит Ж.Х., Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Микроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. – 275 б.

2. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. – 640с.

3. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.: Издательство НОРМА, 2005. – 572с.

4. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 г. – 832 с. (Раздел 2: Микроэкономика)

5. Мэнкью Н. Принципы микроэкономики. Учебник. 2-е изд. Спб. Питер – 2003 – 555 с.

Оқу құралы

1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005 – 224 б.

2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Ә. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. – 418 б.

3. Есенғалиева Қ. С. Микроэкономика: қысқа лекциялар, тест сұрақтары, есептер мен жаттығулар, іскерлік ойындар: Оқу құралы. – Алматы, 2007. – 380 бет.

4. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика. 6-е издание. Спб.: Питер, 2005. – 288 с. / 2007, 2008. – 556

5. Корниенко О. В. Микроэкономика: 100 экз. ответов: Учебное пос. 2 – е изд., перераб. и доп. М. – Ростов н/Дону: 2004. – 254 с.

Оқу-әдістемелік құралдар

1. Микроэкономика. Методическое пособие для преподавателей и студентов. 2010.

Есептер жинағы

1. Сборник задач по микроэкономике. К «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреева/ Гл. Ред. Д.э.н., проф. Р.М. Нуреев. – М.: Норма, 2005-432с.

2. Афанасьев М.Ю., Данилин В.И. Сборник задач по микроэкономике. М.: Теис, 2005. – 248с.

3. Микро-, макроэкономика. Практикум. Под общей ред. Ю.А. Огибина – СПб,1994г.

4. Селищев А.С. Практикум по микроэкономике. – СПб.: Питер, 2006-208с.

Ғылыми журналдан мақалалар

1. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының материалдары, Экономикалық сериясы. 2007, 2008, 2009, 2010. № 1,2,3,4, 2011. № 1,2,3,4

Internet дереккөздері

www.stat.kz

www.goverment.kz

www.mf.minfin.kz

www.mit.kz

www.min.plan.kz

www.enbek.kz

www.minagri.kz

Нормативті құжаттар

1. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». Елбасының халыққа Жолдауы, 2011.

2. «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Елбасының халыққа Жолдауы, 2010.

5. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау

Әдістемелік кеңестер.

Семинарлық, практикалық және зертханалық сабақтар «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікір‑талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

1-тақырып. Микроэкономиканың пәні және методологиясы

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, экономикалық теория курсынан микроэкономика негіздерін қайталау. Ол үшін сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Микроэкономика экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде.

  2. Қазіргі микроэкономика пәні және методологиясы.

  3. Қажеттіліктер, игіліктер, ресурстар.

  4. Ресурстардың шектеулілігі. Экономикалық таңдау мәселесі, үнемдеу мәселесі. Ұтымдылық.

  5. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы, баламалы шығындар.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

  1. Шағын аралда 5 адам тұрады, олар күнiне әрқайсысы 20 кокос немесе 10 жұмыртқа жинайды. Табу керек:

а) осы арал экономикасының өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығын сызыңыз?

б) аралға техника алып келудiң нәтижесiнде 5 адамның әрқайсысы ендi күнiне 28 кокос жинайтын болды. Бұл жерде өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы қалай өзгередi?

  1. Төмендегі кестеде соғыс уақытындағы А мемлекетінің өндірістік құрылымының өзгеруі туралы мәліметтер берілген.

Кесте 1.1

нұсқалар

трактор

миномет

альтернативтік шығындар

А

7

0

В

6

10

С

5

19

D

4

27

Е

3

34

F

2

40

G

1

45

H

0

49

Табу керек: 1. Осы кестедегі мәліметтерге сәйкес өндірістік мүмкіндіктер қисығын салыңыз (вертикальді оське тракторды, горизонтальді оське минометті)

2. Графиктегі өндірістік мүмкіндіктер қисығының формасы қандай?

3. А мемлекетінің экономикасы өндірістік мүмкіндіктер қисығыны бойында жатуы үшін қандай шарттар орындалуы керек?

4. Кестенің мәліметтері бойынша бір минометті өндірудің альтернативтік шығындарын есептеңіз?

5. Бұл альтернативтік шығындар қалай өзгереді (төмендейді/өседі/өзгермейді)?

  1. Айталық, Дәурен орындық жасауға 1 сағат және үстел жасауға 2 сағат жұмсайды, ал

Болат орындық жасауға 2 сағат және үстел жасауға 1 сағат жұмсайды.

1) 8 сағат ішінде олардың бірдей жұмыс істеуі кезіндегі өндірістік мүмкіндіктер қисығын сызып, қандай сипатта болатынын анықтаңыз.

2) егер Дәурен Болаттың үстел өндірудегі технологиясын игерсе, онда өндірістік мүмкіндіктер қисығы қалай өзгереді?

3) Болаттың технологиясы бойынша дайындалған алғашқы және соңғы үстелдің өндірілуінің альтернативтік құндары қандай?

  1. Белгілі бір адам белгілі бір үйді жалға алып тұрады және ол жалдауға жылына 20000 доллар төлейді. Қалған ақшасын ол жылына 12 % беретін банкте сақтайды. Үйдің бағасы – 150000 доллар. Егер үйді сатып алу мүмкіндігі туа қалса, онда сол үйді сатып алған дұрыс па?

  2. Белгілі бір адам белгілі бір үйді жалдап тұрады, ол жыл сайын үйге 10000 доллар көлемінде жал ақысын төлейді. Ал қалған ақшасын ол жылына 9 % пайда әкелетін банкте сақтайды. Үйдің бағасы – 140000 доллар. Сол адам үшін үйді сатып алған дұрыс па? Неге?

  3. Робинзон мен Пятница тіршілігі жоқ аралда тұрады. Олардың негізгі міндеттері – кокос жаңғақтарын жинау және балық аулау. Робинзон 1 сағатта 10 жаңғақ немесе 2 балық аулай алады, ал Пятница 1 сағатта 10 балық аулайды немесе 30 жаңғақ жинай алады. Балық аулау мен жаңғақ жинау жұмыстары тиімді болу үшін бұл міндеттерді Робинзон мен Пятница арасында қалай бөлген дұрыс? Егер Робинзон мен Пятница күніне 3 сағаттан жұмыс істейтін болса, онда қанша балық ауланып, қанша жаңғақ жиналады?

  4. Қазақстанда 1 жұмысшы жылына 1 тонна ет немесе 20 центнер бидай өндіре алады, ал Қырғыстанда 1 жұмысшы жылына 2 тонна ет немесе 10 центнер бидай өндіре алады. Қазақстанда бидай мен ет өндіруде барлығы 400 мың адам маманданады, ал Қырғыстанда – 100 мың адам. Екі елдің басшылары нан мен ет өндірудің тиімділігін есепке ала отырып экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасайды. Екі елдің ет пен бидай өндіру бойынша өндірістік мүмкіндіктер қисықтары қандай сипатта болады?

  5. Белгілі бір ресурс немесе тауар белгілі бір уақытта немесе белгілі бір жерде «шектеулі» және сол ресурс немесе тауар басқа бір уақытта немесе басқа бір жерде «шектеусіз» бола ала ма? Өз жауабыңызды дәлелдеу үшін бірнеше мысалдар келтіріңіз.

  6. Белгілі бір әйел үй шаруашылығымен айналысады. Ол көйлек жууға 15 минут және терезе жууға 45 минут уақыт жұмсайды. Ол әйелдің жұмыс күнін 9 сағат алсақ деп алсақ, онда оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы қандай?

  7. Дискуссиялық сұрақ:

Адамның өміріне қауіпті немесе денсаулығына зиянды алкогольдік өнімдерді немесе есірткілік заттарды экономикалық игіліктер ретінде қарастыруға бола ма?

  1. Белгілі бір шеберхана орындықтар мен үстелдер шығарады. Ресурстардың өзгермейтін көлемі кезінде 1 жылдағы жалпы өнім көлемінің (дана) келесідей үйлесімдері көрсетілген:

нұсқалар

үстелдер

орындықтар

А

25

180

Б

30

130

Үстел жасауды 25 данадан 30 данаға дейін көбейткендегі оның альтернативтік шығындары (орындықпен есептегенде) қандай?

  1. Мына төмендегі берілген тұжырымдамалар дұрыс па? Дұрыс болса «+» белгісін, дұрыс емес болса «-» белгісін қойыңыз:

1) Альтернативтік құндылық мәселесі неоклассикалық бағыттың аса маңызды негізін құрайды.

2) Неоклассикалық теориядағы ұтымдылық принципі адам тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана ойлайды деген қағидаға негізделеді.

3) Шаруашылықты ұтымды жүргізу принципі шығындарды төмендету немесе пайдалылықты жоғарылату мәселелеріне негізделеді.

4) Дәстүрлі экономикалық жүйедегі субъектілердің экономикалық іс-әрекеттері нарықтық экономикалық жүйедегі субъектілердің экономикалық іс-әрекеттерінен едәуір ерекшеленеді.

5) Индустриалдық қоғамнан постиндустриалдық қоғамға көшу мәселесі өндірістегі ресурстар рөлінің өзгеруімен байланысты болып табылады.

6) Экономикалық өсу нақты экономикалық жүйе шеңберінде өндірілетін игіліктер жиынтығын кеңейтуді сипаттайды.

7) Ұтымдылық принципі адам жауапты шешімдер қабылдау кезінде өз ақшалай табысын максималдауға ұмтылады деген тұжырымды сипаттайды.

8) Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нақты экономикалық жүйеде нақты қолда бар ресурстармен өндіруге болатын игіліктердің максималды көлемін көрсетеді.

9) Индустиалдық қоғамда басты өндіріс факторы ақпарат болып табылады.

10) Азық – түлік өнімдері ресурс болып табылмайды.

2-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, сұраныс пен ұсыныс, баға, нарықтық тепе‑теңдік және икемділік деген сұрақтарға жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Нарық туралы жалпы түсінік. «Көрінбейтін қол» қағидасы.

  2. Сұраныс: мәні, заңы, қисығы, функциясы, әсер ететін факторлары, т.б.

  3. Ұсыныс: мәні, заңы, қисығы, функциясы, әсер ететін факторлары, т.б.

  4. Сұраныс пен ұсыныстың әсерлесуі, тепе-теңдік көлем және тепе-теңдік баға. Нарықтық тепе-теңдік және оның модельдері. Вальрас бойынша және Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдіктің орнау механизмі.

  5. Икемділік ұғымы және икемділік коэффициенті. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі: негізгі түрлері, формулалары, қисықтары, әсер ететін факторлары.

  6. Сұраныс және ұсыныс икемділігін микроэкономикалық талдауда қолдану мәселесі және оның практикалық маңыздылығы.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Сиыр етіне деген сұраныс кестесі берілген:

Баға, теңге/кг

1 айдағы сұраныс көлемі, тоннамен

15000

1000

16000

900

17000

800

18000

700

19000

600

20000

500

а) Сиыр етіне деген сұраныс қисығын сызыңыз. Бұл қисықтың көлбеулігі қандай?

2. Егер кинотаетр билетті 2 теңгеден сатса, онда 100 билет сата алады. 1 теңгеден сатса 150 билет сата алады, ал 3 теңгеден сатса 50 билет сата алады. Табу керек:

1) Қай бағамен сатқанда кинотеатр көп билет сата алады?

2) 75 билет сату үшін қай бағамен сатқан тиімді?

3. Төмендегі кестеде консервіленген фасоль нарығындағы әртүрлі ситуацияларды сипаттайтын мәліметтер көрсетілген.

Баға (теңгемен)

Сұраныс көлемі

(1 ж. млн. банка)

Ұсыныс көлемі

(1 ж. млн. банка)

8

70

10

16

60

30

24

50

50

32

40

70

40

30

90

Табу керек:

1) Кестенің мәліметтері бойынша сұраныс және ұсыныс қисықтарын салыңыз;

2) Егер бір банка фасольдің нарықтық бағасы 8 теңге болса, онда бұл нарық үшін артықшылық па, әлде тапшылық па?

3) Егер бір банка фасольдің тепе-теңдік бағасы 32 теңге болса, онда бұл нарық үшін қандай құбылыс тән – артықшылық па, әлде тапшылық па? Олардың көлемі қандай?

4) Нарықтағы тепе-теңдік баға қаншаға тең?

5) Тұтыну шығындарының өсуі нәтижесінде әрбір баға деңгейінде тұтынылатын консервіленген фасоль 15 млн. банкаға артты. Тепе-теңдік баға және өндірістің тепе-теңдік көлемі қандай болады?

4. Төмендегі кестеде көрсетілген өзгерістер сұраныс пен ұсынысқа қалай әсер етеді? Олардың әсерін сұраныс пен ұсыныс қисықтарының көмегімен сипаттаңыз (бос бағандарға «белгі» қойып шығыңыз, бұл белгілердің атауы осы өзгерістердің тиімділігін сипаттауы керек).

Өзгерістер

Сұраныс қисығының жылжуы

Сұраныстың қисық бойымен жылжуы

Ұсыныс қисығының жылжуы

Ұсыныстың қисық бойымен жылжуы

1. Бәсекелес тауар бағаларының өзгеруі

2. Жаңа технология еңгізу

3. Тауарға деген сәннің өзгеруі

4. Тұтыну табыстарының өсуі

5. Шиказат бағасының өзгеруі

5. Айталық сұраныс пен ұсыныстың теңдеуі былай берілген:

QD=60-0,5P

QS= -10+0,2P

Табу керек:

1) тепе-теңдік көлемді және тепе-теңдік бағаны анықтау;

2) айталық, сатып алушыға 10 теңге көлемінде салық салынады. Тепе-теңдік параметрлерін анықтаңыз;

3) кім және қандай мөлшерде салық төлейді;

4) сатып алушыларға бағаның 10 пайызы мөлшерінде субсидия енгізілді дейік, онда жаңа тепе-теңдіктің жаңа параметрлерін анықтаңыз (субсидия мынаған тең = 01Р);

5) кім және қандай мөлшерде субсидия алады.

6. 5-ші есептің 1-ші және 2-ші пункттерінің мәліметтеріне сәйкес мыналарды анықтаңыз:

1) салық салу кезіндегі сатушы мен сатып алушының артықшылығын (ұтысын);

2) салық салынғаннан кейінгі сатушы мен сатып алушының артықшылығын (ұтысын);

3) салық салу кезіндегі сатушы мен сатып алушының жоғалтуларын (ұтылысын);

4) қоғамның таза жоғалтуларын анықтау;

5) сатушылар мен сатып алушылардың таза жоғалтуларын.

7. Сұраныс функциясы мынадай формуламен берілген: Qd = 20 – 2P, ал ұсыныс функциясының формуласы мынадай: Qs = 14 + 4P, мұндағы Qd және Qs – сұраныс көлемі және ұсыныс көлемі, Р – «Х» және «У» тауарларының бағасы. Тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз.

8. Төмендегі кестенің мәліметтері негізінде нарықтық сұраныс көлемін анықтаңыз және А, В, С тұтынушылардың жеке сұраныстарының қисығын және нарықтық сұраныс қисығын анықтаңыз:

Баға (Р)

Тұтынушылардың сұраныс көлемі (кг/айына)

Нарықтық сұраныс көлемі

А

В

С

10

-

-

1

7

1

1

3

4

2

3

5

1

5

7

9

9. Төмендегі кестенің мәліметтері негізінде нарықтық ұсыныс көлемін анықтаңыз және А, В, С өндірушілердің жеке ұсыныстарының қисығын және нарықтық ұсыныс қисығын анықтаңыз:

Баға (Р)

Өндірушілердің ұсыныс көлемі (тонна/айына)

Нарықтық ұсыныс көлемі

А

В

С

12

30

35

27

9

27

30

24

6

20

23

18

3

10

11

5

1

-

1

-

10. Төмендегі кестенің берілгендерін пайдаланып тауарға нарықтық сұраныс қисығын салыңыз:

Баға (Р)

Тұтынушылардың сұраныс (Q) көлемі

А

В

С

8

-

-

1

6

1

-

2

4

2

1

3

2

3

2

4

11. Төмендегі кестенің мәліметтері негізінде нарықтық сұраныс және нарықтық ұсыныс қисықтарын салыңыз. График арқылы тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз:

Баға

12

9

6

3

1

Сұраныс көлемі

1

2

4

7

10

Ұсыныс көлемі

20

17

12

7

2

12. Төмендегі кестенің мәліметтері негізінде тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз, сәйкес графикті салыңыз:

Баға

10

8

6

4

2

Сұраныс көлемі

2

5

8

12

20

Ұсыныс көлемі

40

32

20

12

1

13. Тауарға деген сұраныс функциясы мынадай: Qd = 200 – 2P, ал ұсыныс функциясы: Qs = 130 + 5P. Тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз.

14. Тауарға деген сұраныс функциясы мынадай: Qd = 180 – 4P, ал ұсыныс функциясы: Qs = 100 + 4P:

а) тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз;

ә) егер үкімет тауардың әр бірлігіне 3 теңге көлемінде салық еңгізсе, онда тепе-теңдік баға және сұраныс көлемі қалай өзгеретіндігін анықтаңыз.

15. Тауарға деген сұраныс функциясы мынадай: Qd = 60 – 3P, ал ұсыныс функциясы: Qs = 15 + 2P:

а) тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз;

ә) егер үкімет тауардың әр бірлігіне 2 теңге көлемінде салық еңгізсе, онда тепе-теңдік баға және сұраныс көлемі қалай өзгеретіндігін анықтаңыз.

16. А тауарына деген сұраныс қисығы мынадай теңдікпен берілген: Qd = 24 - 2P, ал ұсыныс қисығы: Qs = 8 + 2P:

а) тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз;

ә) егер үкімет тауардың әр бірлігіне 1 теңге көлемінде субсидия еңгізсе, онда тепе-теңдік баға және сұраныс көлемі қалай өзгеретіндігін анықтаңыз;

б) ә) пунктісін график арқылы сипаттаңыз.

17. Ұнға деген сұраныс қисығы мынадай теңдікпен берілген:

Qd = 14 - 2P, ал ұсыныс қисығы: Qs = 2 + P:

а) тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз;

ә) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) егер үкімет 3 теңге деңгейінде ұнның ең жоғарғы бағасын белгілесе, онда жағдай қалай өзгереді?

18. 1 кг. бидайдың нарықтық бағасы 3 теңгеге тең. Айталық, мемлекет фермерлерді қолдау мақсатында 1 кг. бидайдың бағасын 4 теңге деп бекітті. Онда:

а) бұл жағдайдың себептері қандай?

ә) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) осы мәселелерді қалай шешуге болады?

19. Айталық, мемлекет әлеуметтік мақсаттарға байланысты бірінші қажеттіліктегі тауарлардың (нан, дәрі-дәрмек, т.б.) бағасын нарықтық бағадан төмен қылып бекітеді. Онда:

а) мұндай қадам жасаудың салдарлары қандай?

ә) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) мемлекет қандай шаралардың көмегімен бұл мәселелерді шеше алады?

в) осы әлеуметтік мәселелерді шешудің басқа да альтернативтік жолдары бар ма?

20. Фермерлер үшін және жалпы қоғам үшін картоп өсіруде аса жоғары ауыл шаруашылық технологияның еңгізілуін графиктің көмегімен талдаңыз.

21. Қысқа мерзімде мұнайдың әлемдік нарығында ұсыныстың қысқаруы қандай жағдайға әкелетінін түсіндіріңіз.

22. Айталық, үкімет темекі өнімдеріне салықты көтереді және бір уақытта темекі шегудің адам денсаулығына қауіпті екендігі жөнінде іс-шаралар жүргізеді. Бұл екі шараның жеке-жеке жүргізілуі темекі нарығына қалай әсер етеді? Жалпы нәтиже қандай болады?

23. Егер мемлекет бензиннің бағасын тепе-теңдік бағадан жоғары етіп тағайындаса, онда қандай жағдай туындайды? Өз жауабыңызды график арқылы түсіндіріңіз.

24. Айталық, А тауарының бағасы 2-ден 4-ке өскенде сұраныс 100 бірліктен 80 бірлікке дейін төмендейді. Сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициентін, икемділктің түрін және тауардың типін анықтаңыз.

25. Егер тауардың бағасы 10%-ға өссе, онда оның сұранысы 5%-ға өседі. Мұндай жағдайда икемділіктің түрін және тауардың типін қалай сипаттауға болады?

26. Төмендегі кестеде В тауарына деген сұраныстың функциясын сипаттайтын мәліметтер берілген:

В тауары бірлігінің бағасы

Р

Сұраныс көлемі

Q

Табыс

Сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициенттері

5

1

4

3

3

5

2

7

1

10

а) В тауарына деген сұраныс қисығын сызыңыз;

ә) әрбір баға деңгейінде фирманың табысын анықтап оның нәтижелерін кестеге енгізіңіз;

б) бағаның қай деңгейіне дейін табыс артады?

в) баға мен табыстың өзара байланысы негізінде бағаның қай деңгейінде сұраныс икемсіз болады;

г) сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициенттерін анықтап оларды кестеге енгізіңіз.

27. Егер табыс 100 бірліктен 120 бірлікке дейін өссе, онда тауарға деген сұраныс 8 бірліктен 6 бірлікке дейін төмендейді. Табысқа байланысты сұраныс икемділігінің коэффициентін есептеңіз және тауардың типін анықтаңыз.

28. Айталық, Х тауарының бағасы 2-ден 4 бірлікке дейін өсті, ал У тауарына деген сұраныс 4 бірліктен 6 бірлікке дейін өседі. Х және У тауарының типін анықтаңыз, сондай-ақ сұраныстың қиылысқан икемділігінің коэффициентін анықтаңыз.

29. Төмендегі кестеде В тауарының ұсыныс функциясы жөнінде мәліметтер берілген:

Баға

1

2

3

4

5

Ұсыныс көлемі

2

4

6

8

10

Ұсыныстың бағалық икемділігінің коэффициенттері

а) ұсыныс қисығын салыңыз;

ә) ұсыныстың бағалық икемділігінің коэффициенттерін есептеп олардың мәндерін кестеге еңгізіңіз;

б) ұсыныстың бағалық икемділігінің коэффициенттерінің мәндері мен қарқыны туралы қандай нәтиже шығаруға болады?

30. Тауардың бағасы 16-дан 20-ға өскенде оның сұранысы 100 бірліктен 80 бірлікке дейін қысқарады. Сұраныстың доғалық икемділігінің коэффициентін анықтаңыз.

31. Төмендегі кестеге сұраныстың бағалық икемділігі коэффициенттерінің мәндерін еңгізіңіз:

Сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициенттері

Икемділіктің түрлері

Икемді сұраныс

Икемсіз сұраныс

Бірлік икемді сұраныс

Абсолютті икемді сұраныс

Абсолютті икемсіз сұраныс

Ед

3-тақырып. Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері

Мақсаты: тақырыптың негізгі мәтінін терең меңгеру арқылы ондағы түсініктермен таныса отырып, нарықтағы тұтынушының таңдау ерекшеліктерін және оның тепе-теңдікке жету шарттарын қарастыру. Ол үшін сабақта мынадай сұрақтар талқылануы керек:

  1. Тұтынушының талғамы және оған әсер ететін факторлар.

  2. Игіліктің пайдалылығы және оның түрлері. Кардиналистік көзқарас. Шекті пайдалылықтың төмендеу заңы. Госсен заңдары.

  3. Талғамсыздық қисығы. Бюджет шектеулілігі және бюджет сызығы. Ординалистік көзқарас.

  4. Өзара алмастырылатын және өзара толықтырылатын игіліктер. Талғамсыздық қисықтарының түрлері.

  5. Тұтынушының тепе-теңдігі. «Баға-тұтыну» және «табыс-тұтыну» қисықтары.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

  1. Айталық, сіздің бір апталық табысыңыз 400-ге тең және оны сіз барлық ақшаңызды балмұздақ пен киноға жұмсайсыз.

1 балмұздақтың бағасы 4-ке тең, ал киноның 1 билеті 10-ға тең.

а) Бюджет сызығын салыңыз. Ақшаңызды тек қана киноға жұмсасаңыз, онда қанша рет киноға барар едіңіз? Егер кинодан бас тартсаңыз, онда ақшаңыздың барлығына неше балмұздақ сатып алар едіңіз?

б) Егер сіздің апталық табысыңыз 200-ге дейін қысқарса, онда сіз тұтынатын тауарларыңыздың санына қалай әсер ететінін көрсетіңіз.

в) Егер киноға бару билетінің бағасы 20-ға өссе, онда бұл жағдай графикте қалай өзгереді.

г) Айталық, сіз балмұздақтың бағасынан жеңілдік аласыз. Баға сатып алынатын балмұздақтың санына сәйкес өзгереді. Егер сіз аптасына 20 дана балмұздақ тұтынсаңыз, онда 1 балмұздақтың бағасы 4-ке тең болады, ал егер сіз аптасына балмұздақты 20 данадан көп тұтынатын болсаңыз, онда 1 балмұздақтың бағасы

2-ге тең болады. Осы жағдайды график арқылы сипаттаңыз.

  1. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

    Тауарлар саны

    Жалпы пайдалылық

    Шекті пайдалылық

    1

    10

    2

    18

    3

    25

  2. Х және У тауарын тәуелсіз тұтынудың пайдалылығы сол игіліктердің кез-келген санына сәйкес келеді. Бұл тәуелділік кестеде көрсетілген:

Q

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

TUx

40

76

108

136

160

180

196

208

216

220

TUy

30

57

81

102

120

135

147

156

162

165

Тұтынушының табысы 64-ке тең, Х тауарының және У тауарының бағалары сәйкесінше мынадай: Рх – 8, Ру – 3.

а) берілген табыс деңгейінде максималды пайдалылыққа ие болатын Х игілігінің санын анықтаңыз.

б) берілген табыс деңгейінде максималды пайдалылыққа ие болатын У игілігінің санын анықтаңыз.

  1. Тұтынушы А және В тауарын тұтынуда пайдалылықты максималдады. В тауарының бағасы – 100 бірлік. Егер А тауарының шекті пайдалылығы В тауарының шекті пайдалылығына қарағанда екі есе кіші болса, онда А тауарының бағасы қаншаға тең?

  2. Егер кестеде өнімнің саны мен оның жалпы пайдалылығы берілген болса, онда шекті пайдалылықты анықтаңыз:

Q

1

2

3

4

5

TU

18

30

40

47

50

MU

  1. Егер MUх = 20, MUу = 60; ал Рх = 4, Ру = 12 болса, онда тұтынушы тепе-теңдік жағдайда бола ма?

  2. Айталық, тұтынушының табысы 400 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана толығымен жұмсалады. Х тауарының бағасы 40 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 50 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде тұтынушының бюджет сызығын салыңыз.

  3. Айталық, тұтынушының табысы 360 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана жұмсалады. Х тауарының бағасы 40 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 30 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде:

а) тұтынушының бюджет сызығын салыңыз;

б) тұтынушының табысы 480 бірлікке дейін өскенде бюджет сызығы қалай өзгереді.

  1. Айталық, тұтынушының табысы 150 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана жұмсалады. Х тауарының бағасы 15 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 10 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде:

а) тұтынушының бюджет сызығын салыңыз;

б) Х тауарының бағасы 30 бірлікке дейін өскенде бюджет сызығы қалай өзгереді;

в) Х тауарының бағасы 25 бірлікке және У тауарының бағасы 15 бірлікке өзгерді, жаңа бюджет сызығын салыңыз, жағдай қалай өзгерді?

г) егер бір тауардың бағасы өзгерсе, онда бюджет сызығы қалай өзгереді, ал екі тауардың бағасы да өзгерсе ше?

  1. Айталық, тұтынушының табысы толығымен Х және У тауарын тұтынуға жұмсалады. Х тауарының тауарының бағасы жоғарылады. Үкімет халықтың бағаның өсуі салдарынан шеккен зиянын ақшалай өтеуге шешім қабылдайды:

а) бұл жағдайда тұтынушы өзінің қажеттілігін қанағаттандырудағы бұрынғы деңгейін сақтай ала ма?

б) Х тауарын тұтыну қалай өзгереді?

в) тұтыну сипаты өзгерген жағдайда қандай әсер орын алуы мүмкін?

  1. Кестенің мәліметтеріне сәйкес алманы тұтынудың жалпы пайдалылығын анықтаңыз:

Q

1

2

3

4

5

6

MU

12

23

32

40

46

50

TU

а) MU қисығын салыңыз;

б) TU қисығын салыңыз;

в) MU және TU қисықтарының сипатын түсіндіріңіз.

  1. Тұтынушы тәртібінің теориясы тұрғысынан мына жағдайды түсіндіріңіз: 50 мың доллардан артық сома ұтып алған адамдардың ішінен 25 пайызы келесі жылы мүлдем жұмыс істемеген.

  2. Айталық, ет өнімдеріне субсидия енгізудің нәтижесінде оның бағасын 4-тен 3-ке төмендетеді. Осының салдарынан сұраныс 4 бірліктен 8 бірлікке дейін өседі:

а) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) тұтынушылар мен сатушылардың ұтыстарын график арқылы көрсетіңіз.

  1. Болат бір айда 5 рет концертке барады деп ұйғарсақ және оның әр концертке төлей алатын бағасы төмендегідей:

Концерт саны

1

2

3

4

5

Шекті пайдалылық, тг.

20

18

16

13

11

Бір концертке билет алу бағасы 15 теңге. Болат бір айда неше рет концертке бара алады? Оның тұтынушылық ұтымын көрсетіңіз. Болаттың концертке деген сұраныс қисығын сызыңыз.