Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Олигополия нарығы және оның модельдері

Мақсаты: олигополия нарығын және оның модельдерін талдау арқылы оның ерекше белгілерін айқындау, жетілмеген бәсеке концепциясын толығымен қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:

Дәріс сабағының жоспары:

  1. Олигополистік бәсеке нарығының сипаттамалары

  2. Олигополияның негізгі модельдері: Курно - дуополия моделі. Бағалық қақтығыс. «Сұраныстың сынған қисығы» моделі. Картельдік келісім. Бағадағы жетекшілік моделі. Бағаны тежеу тәжірибесі. «Шығындар плюс» принципі бойынша бағаны қалыптастыру моделі, т.б.

Негізгі ұғымдар: олигополия; табиғи олигополия; дуополия; Курно моделі; Бертран моделі; Нэш теңдігі; баға қақтығысы; ойын теориясы; ұтыс матрицасы; максимина стратегиясы; картель; баға көшбасшысы; ішінара монополия; нарыққа кіруді шектейтін баға; сынған сұраныс қисығы; т.б.

Тақырыптың қысқаша мазмұны.

Салада фирмалардың саны шектеулі болған жағдайда олигополия нарығы қaлыптасады.

Салада тек екі ғана фирма қызмет жасаса, онда олигополияның дуополия деп аталатын түрі қалыптасады.

Олигополия – бұл шешім қабылдау кезінде өздерінің бәсекелестерінің мүмкін болатын іс-қимылдарын есепке алатын, бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста әрекет ететін фирмалардың саны шектеулі және санаулы болып табылатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның бір типі.

Олигополия жағдайында жұмыс істейтін фирмалардың нарықтық билікке ие болуының көзі ретінде салалық ұсынысқа бақылау жасау шарты қарастырылады, мұндай биліктің дәрежесі сұраныс икемділігіне және фирмалардың өз қызметтерін дұрыс жүргізе алу мүмкіндігіне байланысты болып табылады.

Олигополиялық жағынан өзара әрекеттесетін фирмалар салалық пайда максималды болатындай шығарылым көлемін қамтамасыз етуді өз алдына мақсат етіп қояды. Өзара әрекеттесудің өзі кооперативтік стратегия формасында жүзеге асуы мүмкін, яғни бұл жағдайда бірігу фирмалардың баға мен өндіріс көлемі туралы өзара келісімге келуі арқылы қол жеткізіледі, және де әрекет ету кооперативтік емес стратегияны қолдану кезінде орын алуы мүмкін, яғни бұл жағдайдағы координация бәсекелік әдістер жолымен жүзеге асырылады.

Олигополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар нарықтағы қалыптасқан жағдайларға байланысты әрекет етудің әртүрлі стратегияларын таңдауы мүмкін. Саладағы фирмалар кооперативтік стратегияларды жүзеге асырғанда өзінің негізгі параметрлері (баға деңгейі және өндіріс көлемі) бойынша қалыптасатын нарықтық тепе-теңдік монополиялық жағдайға ұқсап бағады. Егерде фирмалар кооперативтік емес стратегияларға жүгінетін болса, онда нарықтық тепе-теңдіктің параметрлері жетілген бәсеке жағдайына жақындайды.

Олигополия жағдайында фирмалар монополист ретінде, жетілген бәсекелес ретінде де өзара әрекетке түседі десек, онда олигополистік нарықтар үшін фирмалар қол жеткізгісі келетін тепе-теңдіктің ортақ нүктесі болмайды. Осының салдарынан олигополиялық нарықтың жұмыс істеуі әр түрлі модельдермен сипатталуы мүмкін.

Фирмалардың саналы түрде жүзеге асырған кооперативтік стратегиясы кезінде нарық картель формасына ие болады. Картель – барлық қатысушыларға өндірістің көлемін, тауардың бағасын, жұмыс күшін қабылдау жағдайын, патенттермен айырбас, өткізу нарығын шектеуді және жалпы өндіріс пен өткізу көлеміндегі әрбір қатысушының үлесін бекітетін бірнеше кәсіпорындар арасындағы келісім.

Нарықта жекелеген фирманың (фирмалар тобының) үстемдік жүргізуі жағдайында салалық нарық бағадағы жетекшілік моделіне айналады. Бағадағы жетекшілік моделі – саладағы фирмалар өз өніміне деген сұраныстың сипатын ескере отырып, жетекші-фирманың қойған бағасын басшылыққа ала отырып өздерінің шығарылым көлемдерін оңтайландыруға негізделген кооперативтік стратегияның қалыптасқан қарапайым формасы.

Нарықтық бағаны ұзақ мерзімді орташа шығындар деңгейіне жақындатып тағайындау жолымен салаға кіруге қойылатын тосқауылдарды көтеру есебінен фирмалар саладағы қалыптасқан жағымды жағдайды сақтап қалуға тырысатын болса, онда фирмалардың өзара әрекеттесуі тежеушілік баға белгілеу моделінің формасын иеленеді.

Фирмалардың бәсекелік тұрғыдан өзара әрекетке түсуі сандық параметрлер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, яғни бұл жерде фирмалар өздерінің шығарылым көлемі туралы шешімді қабылдай отырып, бәсекелестерінің шығарылым көлемдерін (Курно моделі) немесе бағалық параметрлерді (Бертран моделі) есепке алады.

Нарықтық шарттардың және фирмалардың мақсаттық қалауларының белгісіздігі жағдайында олардың өзара әрекеттесуі таңдап алынған тәртіп стратегиясына байланысты бірнеше, әрі әр түрлі тепе-теңдік жағдайларға алып келуі мүмкін.

Қорытынды

1. Олигополия – нарықтық құрылымның бір түрі. Мұнда сату көлемінің қомақты бөлігін бірнеше ірі фирмалар жасайды және олардың әрқайсысы нарықтық бағаға әсер ете алады. Өндірістің күрделі салаларының бәріне жақыны: металлургия, химия өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі, электроника, кеме және ұшақ жасау өнеркәсібі және т.б. нарық құрылымының осы түріне жатады.

2. Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс-әрекет модельдеріне бөлінеді. Кооперативтік емес іс-әрекет кезінде әрбір сатушы баға мен өнім шығару көлемін анықтау мәселесін өз бетінше шешеді. Кооперативтік іс-әрекет – фирмалардың осы сұрақтарды бірігіп шешуін білдіреді.

Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар. Біріншіден, олигополиялық құрылымдардың экономиканың қандай салаларында орын алатындығын білген жөн. Екіншіден, олигополияның шарттарына тоқталу қажет. Үшіншіден, олигополияның негізгі үлгілеріне көңіл бөлу қажет.

10-тақырып. Жалпы шолу дәрісі