Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Таза монополия нарығы және монополиялық билік

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирманың қабылдайтын шешімдері туралы мәселелерді зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Таза монополия: жалпы түсінігі, сипатты белгілері, түрлері.

  2. Таза монополисттің қысқа мерзімдегі бағасы мен өндіріс көлемін анықтау. Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік.

  3. Бағалық дискриминация: шарттары, түрлері мен салдарлары.

  4. Монополиялық билік: ұғымдары, көрсеткіштері, факторлары.

  5. Монополиялық биліктің әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

  6. Таза монополияның іс-әрекеттерін мемлекеттік реттеу. Антимонополиялық заңдылықтар. Шетелдік және отандық тәжірибе.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

  1. Төмендегі кестеде монополист фирманың өніміне деген сұранысы және жалпы шығындары туралы мәліметтер берілген. Жалпы және шекті табысты, шекті шығынды және пайданы анықтаңыз:

Сұраныс көлемі, данамен

Баға

Жалпы шығындар

Жалпы табыс

Шекті табыс

Шекті шығын

Пайда

1

10

2

2

9

4

3

8

7

4

7

11

5

6

15

Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) қандай өндіріс көлемінде фирма пайдасын максималдайды және ең жоғарғы пайда мөлшері қандай?

ә) сұраныстың, шекті табыстың, шекті және жалпы шығындардың графигін салыңыз?

б) монополист фирманың пайданы максималдайтын өндіріс көлемін сол график арқылы көрсетіңіз. Монополисттің жалпы табысы мен шығыны, пайдасы қандай фигуралардың аумағына тең болады?

  1. Төмендегі кестеде монополист фирманың өніміне деген сұранысы, шығындары және табыстары туралы мәліметтер берілген. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

Q

TVC

TC

ATC

MC

P

TR

MR

Пайда

0

0

120

110

0

1

40

40

100

2

2

260

200

3

380

70

4

370

60

5

500

200

6

800

20

Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) монополист фирманың тұрақты шығындары қаншаға тең?

ә) өндірістің қандай көлемінде монополист өз пайдасын максималдайды?

б) тепе-теңдікке жеткен жағдайда монополист пайда ала ма, әлде шығынға ұшырай ма?

в) пайданың (шығынның) мөлшерін анықтаңыз, егер шығын болса, онда өндірісті әріқарай жалғастыру керек пе?

  1. Мына төмендегі берілген тұжырымдамалар дұрыс па? Дұрыс болса «+» белгісін, дұрыс емес болса «-» белгісін қойыңыз:

  • Монополист бағалық дискриминация саясатын жүргізгенде, нарықтарды бір-бірінен оқшаулатуы керек.

  • Бағалық дискриминация кезінде монополист сұранысы икемді нарықтағы тауардың бағасын сұранысы икемсіз нарыққа қарағанда жоғары белгілейді.

  • Жетілген бағалық дискриминация дегеніміз – бұл тауардың бағасын оның шекті шығындарынан жоғары белгілеу.

  • Егер өндіріс саласы табиғи монополия болып табылса, онда қоғам оны мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді.

  • Егер берілген сұраныс мөлшеріне сәйкес реттелетін баға өндірістің орташа шығындарына тең мөлшерде орнатылса, онда қоғамның табиғи монополиядан шегетін зияны жоғалады.

  • Монополия кезінде әлеуметтік шығындар туындайды, себебі қоғам үшін қосымша өндірілген өнім бірлігінің өндіріс шығындары оның қоғам үшін бағалылығынан жоғары болады.

8-тақырып. Монополистік бәсеке нарығы

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирманың қабылдайтын шешімдері туралы мәселелерді әріқарай қарастыра отырып монополистік бәсекенің негізгі сұрақтарын зерттеу және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Монополистік бәсекенің пайда болу шарттары

  2. Монополистік бәсеке жағдайындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тепе - теңдік және оның ерекшеліктері

  3. Монополистік бәсекенің тиімсіздігі мен экономикалық тиімділігі

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Ұзақ мерзімдегі монополистік бәсеке нарығындағы фирманың орташа жалпы шығындарының өнім көлеміне тәуелділігі төмендегі функция түрінде берілген:

АС = Q + 10. Фирманың тауарына деген сұраныс: P = 150 – 3Q.

Тепе-теңдік параметрлерін (баға мен сату көлемін) тауып, фирманың қысқа мерзімдік немесе ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайында тұр ма, қорытынды жасаңыздар. График сызыңыздар.

2. Келесі тұжырымдар дұрыс берілген бе?

  • Монополистік бәсеке кезінде фирманың сұраныс қисығы (басқа факторлар тұрақты деп есептегенде) монополиямен салыстырғанда жатыңқы болып келеді.

  • Монополистік бәсеке нарығындағы фирмалар ұзақ мерзімді кезеңде нөлдік экономикалық пайда алады.

  • Монополистік бәсеке нарығындағы фирмалар ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайында өнім өндіргенде, олардың орташа шығындары минималды деңгейден жоғары болады.

  • Патенттер мен лицензиялар – салаға кіруге қойылатын тосқауылдар ретінде қолданылуы мүмкін.

  • Қолданылатын капитал көлемі салаға кіруге қойылатын тосқауыл ретінде қолданылуы мүмкін.

  • Монополистік бәсеке нарықтарында ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізілмейді.

  • Монополистік бәсеке кезінде өндіріс саласындағы әрбір фирманың өнімі ерекше болады, оны ауыстыратын басқа өнім болмайды.

  • Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма өз тауарына баға белгілегенде өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакцияларын ескерулері қажет.

  • Жетілген бәсеке нарығы жағдайында жұмыс істейтін фирма монополистік бәсекемен салыстырғанда әртүрлі тауарларды сатады.

  • Монополистік бәсекемен салыстырғанда жетілген бәсеке жағдайындағы фирмалардың өнім шығару көлемі көп, ал тауарларының бағасы жоғары болады.

9-тақырып. Олигополия нарығы және оның модельдері

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, олигополияны және оның модельдерін терең игеру арқылы жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирманың қабылдайтын шешімдері туралы мәселелерді толығымен аяқтау. Ол үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Олигополия және оның сипатамалары. Олигополистік бәсеке нарығындағы тепе – теңдікке жету механизмдері.

  2. Олигополияның негізгі модельдері: Курно - дуополия моделі. Картельдік келісім. Бағадағы жетекшілік моделі. Саналы жарысу моделі. Сынған сұраныс қисығы моделі. Ойындар теориясы моделі және т.б.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Төмендегі келтірілген әрбір ситуация үшін нарықтық құрылымның сәйкес типін табыңыз:

А. Жетілген бәсеке

Ә. Монополия

Б. Монополистік бәсеке

В. Олигополия

Г. Монопсония

а) нарықта сатушылардың саны көп, олардың әрқайсысы салыстырмалы ұқсас бағалар бойынша фирмалық аяқ-киімдер ұсынады;

ә) нарықта телекоммуникациялық қызметтерді көрсетуші жалғыз ғана сатушы әрекет етеді;

б) фермерлердің үлкен саны нарықта кәртөпті бірдей бағамен сатады;

в) бірнеше ірі фирмалар автомобильдер нарығында пайданы өзара бөліседі;

г) нарықта көмір өндіретін құрал-жабдықты сатып алатын бір ғана сатып алушы жұмыс істейді;

д) жалғыз ғана фирма ауылдық елді мекенде жанар-жағар май құю бекетінің қожайыны болып табылады.

2. Олигополиялық нарықта біртекті тауар шығаратын екі фирма жұмыс істейді. Аталған екі фирма нарықтың үлесін тең бөліседі және тауарға бірдей баға тағайындайды. Төмендегі кестеде тауарға деген сұраныс пен әрбір фирманың шығындары туралы ақпарат берілген:

Баға (теңгемен)

Сұраныс көлемі (данамен)

Шығарылым көлемі (данамен)

Жалпы шығындар (теңгемен)

10

5

5

45

9

6

6

47

8

7

7

50

7

8

8

55

6

9

9

65

а) Әрбір фирма өз тауарына бағаны белгілегенде оның бәсекелесі де сол бағаны таңдайтынына сенімді болса, онда нарықта қандай баға қалыптасады?

ә) Егер осы болжам сақталатын болса, онда әрбір фирма шығарылымның қандай көлемін таңдайды?

б) Ұзақ мерзімде жаңа фирмалардың нарыққа енуі орын ала ма?

в) Екі фирманың біреуінде болсын өз тауарына бағаны бәсекелесіне қарағанда төмен қылып тағайындауына ынтасы бола ма? Егер болса, онда ол қандай болмақ?

10-тақырып. Өндіріс факторларының нарықтары. Еңбек нарығы

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, еңбек рыногының негізгі ерекшеліктерін толық талқылау. Ол үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Өндіріс факторларының нарықтарына жалпы сипаттама. Туынды сұраныс және олардың ұсынысы. Ресурстар нарығының ерекшеліктері мен түрлері.

  2. Еңбек нарығы. Еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс.

  3. Еңбек нарығының жетілген бәсеке жағдайындағы моделі.

  4. Еңбек нарығының жетілмеген бәсеке жағдайындағы моделі.

  5. Монопсония. Кәсіподақтар. Монополия. Екі жақты монополия.

  6. Еңбек нарығындағы еңбекақының ерекшеліктері. Экономикалық рента. Трансферттік табыс. Орташа және ең төменгі жалақы мөлшерлемесі.

  7. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Төмендегі 1-ші кестеде жеке фирманың ақшалай нысандағы шекті өнімінің (MRPL) шамасы туралы мәліметтер берілген.

кесте 1

Еңбек бірлігінің саны

MRPL (теңгемен)

1

15

2

14

3

13

4

12

5

11

6

10

7

9

8

8

кесте 2

Еңбекке деген сұраныс көлемі (адам)

Еңбекақы мөлшерлемесі (теңгемен)

Еңбек ұсынысының көлемі (адам)

15

850

14

800

13

750

12

700

11

650

10

600

9

550

8

500

а) Айталық, нарықта берілген еңбек ресурсының осындай шамасына ие 100 фирма бар. Еңбектің осы түріне деген жалпы нарықтық сұраныс көлемінің шамасын анықтап, алынған нәтижелерді 2-ші кестеге енгізіңіз.

ә) 2-ші кестенің мәліметтері негізінде еңбекақының тепе-теңдік мөлшерлемесін анықтаңыз.

б) Жалданған жұмысшылардың жалпы санын анықтаңыз.

в) Жеке фирма үшін еңбекақыға кеткен шекті шығындарды, жалданған жұмысшылар санын, еңбекақы мөлшерін анықтаңыз.

г) 12 теңге деңгейінде еңбекақының минималды мөлшері белгіленген болса, онда жалданған жұмысшылардың жалпы саны қалай өзгереді.

2. Келесі тұжырымдар дұрыс па?

  • Жеке фирма тұрғысынан алып қарағанда жетілген бәсеке нарығындағы еңбектің ұсыныс қисығы оң көлбеулі болады.

  • Бәсекелес саладағы фирманың еңбекке деген сұранысы еңбектің шекті өнімінің ақшалай шамасының қисығымен беріледі.

  • Бәсекелес фирма үшін еңбектің ұсынысы абсолютті икемсіз болады.

  • Монопсонист-фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы еңбектің шекті өнімінің ақшалай шамасының қисығымен дәлме-дәл түспейді.

  • Жетілген бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекақымен салыстырғанда еңбек нарығындағы монопсонист-фирма төменірек еңбекақы төлейді.

  • Монопсония да, кәсіподақ та жетілген бәсекелес еңбек нарығымен салыстырғанда жұмысбастылықты қысқартуға ынталы болады.

  • Технологиядағы өзгерістер еңбектің шекті өнімінің жоғарылауына алып келеді.

  • Егер фирма өз өнімін бәсекесіз нарықта сататын болса, онда еңбекті төлеуге жұмсалатын шекті шығындар әрдайым еңбекақы мөлшерлемесінің шамасынан жоғары болады.

  • Әрбір еңбек факторының шекті өнімі оның бағасына тең болған жағдайда, фирма шығындарын ең төменгі деңгейге жеткізеді.

  • Егер тауарлар мен қызметтердің бөлшек бағалары атаулы еңбекақының мөлшерлемесінен тезірек өсетін болса, онда нақты еңбекақы төмендейді.

11-тақырып. Капитал және жер нарықтары

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, капитал мен жер нарықтарының негізгі ерекшеліктерін толық талқылау. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Капитал түсінігі және формалары.

  2. Капиталды инвестициялау. Дисконтталған құн.

  3. Капитал нарығындағы тепе-теңдік. Пайыз және оның мөлшерлемесі.

  4. Жер нарығының ерекшеліктері және оның тепе-теңдігі.

  5. Рента және оның түрлері.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Қойманың иесі қойманың жылдық рентасын 110 мың теңге деп белгілеп, оны мерзімсіз жалға береді. Пайыз мөлшерлемесі i=10%. Дисконтталған табыс қандай шамаға тең болады?

2. Жеке индивидтің алдында өзінің 100 мың теңгесін жинақтау немесе қазір шығындау сияқты таңдау тұрады. Егер ол ақшасын банкке салса, онда бір жылдан кейін 114 мың теңге алады. Инфляция жылына 12%-ды құрайды. Табу керек:

а) Атаулы пайыз мөлшерлемесі қандай?

ә) Нақты пайыз мөлшерлемесі қандай?

3. Келесі тұжырымдамалардың дұрыс немесе дұрыс еместігіне көз жеткізіңіз:

  • Капиталдың жерден айырмашылығы – ол қайта өндірілу қасиетіне ие бола алады.

  • Адам капиталы – еңбек ресурстарының ерекше сипаттамасы.

  • Капиталдың бүгінгі құндылығы осы капиталдың болашақта не өндіре алатынына байланысты.

  • Таза инвестициялар – бұл капиталдың ағымдағы жылғы жалпы құйылымы.

  • Коммерциялық фирма шикізат пен өндіріс машиналарын жылдың басында сатып алып, жылдың аяғында табысқа ие болды. Табыс пен шығынның (ақшалай сипаттағы) айырмашылығы фирманың экономикалық пайдасы болып табылады.

  • Жетілген бәсеке жағдайында несие пайызының бірыңғай мөлшерлемесін белгілеу тенденциясы орын алады.

  • Уақытаралық таңдаудың шекті нормасы – бұл болашақта төленетін капиталдың құны.

  • Жердің ұсынысына әсер ететін факторларға оның орналасу территориясы мен құнарлығы жатады.

  • Жалдамалы жұмысшылар фермерлерге қарағанда қозғалуы жағынан төмен жұмыс күші болып есептеледі.

  • Жерге деген сұраныс ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес болып бөлінеді.

  • Ауыл шаруашылық өндірісіне қарағанда өнеркәсіп өндірісін алдын ала болжауға болады.

  • Жер иесі жер сапасы жақсарды немесе инфрақұрылым дамыды деген себептермен жалгерлік төлемақыны көбейте алады.

12-тақырып. Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік

Мақсаты: нарықтағы жалпы тепе-теңдіктің орнау механизмін талдай отырып қоғамдағы экономикалық тиімділік пен әділеттілік мәселелерін қарастыру. Талқылау сұрақтары:

  1. Жеке және жалпы тепе-теңдік. Л. Вальрастың жалпы тепе-теңдік моделі.

  2. Экономикалық тиімділік және әлеуметтік әділеттілік. Эджуорт қорабы.

  3. Қоғамның әл-ауқаты. Парето - тиімділік.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Айталық, экономикада мұнайдың бағасы өсті. Бұл жағдайдың орын алуы автомобиль нарығына және электрэнергиялар нарығына қалай әсер етеді? Жалпы қоғамның әл-ауқатына қалай әсер етеді? Бұл жерде туындайтын кері байланыс әсерлерін сипаттаңыз?

13-тақырып. Асимметриялық ақпарат нарықтары

Мақсаты: ақпараттың асимметриялылығымен танысу, белгісіздік пен тәуекел жағдайындағы шешім қабылдау жолдарын іздестіру, ақпарат асимметриясын төмендетудің жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді талқылау. Талқылау сұрақтары:

1. Асимметриялық ақпарат: түсінігі, салдарлары.

2. Белгісіздік пен тәуекел жағдайындағы таңдау мәселесі. Сақтандыру.

3. Асимметриялық ақпараттарды төментетудің механизмі және жолдары.

14-тақырып. Сыртқы әсерлер теориясы

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, сыртқы әсерлер теориясының негізгі ерекшеліктерін толық талқылау. Ол үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Сыртқы әсерлер және олардың түрлері мен шешілу жолдары

  2. Коуз теоремасы. Мемлекет және сыртқы әсерлер. Қоршаған ортаны қорғау