Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

2‑Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік

2-сағат

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Адам Смит және оның «көрінбейтін қол» қағидасы;

  • Альфред Маршалл және оның еңбектері;

  • Леон Вальрас және оның теориялары;

  • Нарық: нарық жағдайындағы келісім шарттар және трансакциондық шығындар. Р. Коуздың нарық туралы теориялары;

  • Өркениетті экономика жағдайында нарық теориясының жаңа мүмкіндіктері мен белгілері;

  • Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдері, қайшылықтары мен нәтижелері;

  • Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуының жаңа сатылары;

  • Нарық механизмінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

  • Нарықтық тепе – теңдіктің статикалық моделі: салыстырмалы статика әдісі, жаңа тепе – теңдікке өту ережесі, т.б.;

  • Әртүрлі игіліктерге деген сұраныс пен ұсыныс икемділіктерінің мағынасы мен сипаттамаларының кестесін жасау;

  • Нарықты реттеу және бақылау: бағаға мемлекет тарапынан бақылау, салықтар мен субсидиялар, квоталау, т.б.;

  • Сұраныс пен ұсыныс заңдарының универсалдылығы (жан - жақтылығы).

  • Нүктелік икемділік және доғалық икемділік.

  1. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

  1. Қай фактордың өзгерісі сұраныс қисығын оңға және солға өзгертпейді:

А) тауардың бағасы В) тұтынушылардың талғамы С) тұтынушылардың саны мен жас ерекшелігі D) күтім Е) табыс деңгейі

  1. Нарықтағы ұсыныс қисығы қалай қалыптасады:

А) жеке ұсыныс көлемдерін қосу арқылы В) өнiмнiң әр денгейiндегi жиынтық шығынды есептеу арқылы С) нарықтық сұраныс қисығы арқылы D) өндiрiстiң техникалық тиiмдiлiгiн анықтау арқылы Е) ғылыми –техникалық жетістіктердің нәтижелері арқылы

  1. Егер бағаның 8%-ға төмендеуi ұсыныс көлемiн 5%-ға төмендетсе, онда бұл ұсыныс:

А) икемсiз В) бiрлiк икемдi С) икемдi D) абсолюттi икемдi Е) абсолюттi икемсiз

  1. Нарықтық сұраныс қисығы:

А) тауар бағасының өсуі кезінде оның тұтыну мөлшерінің өсуін көрсетеді

В) тауар аса сәнді болғанда оның тұтыну мөлшерінің көрсетеді

С) тұрғындардың табыстары қысқарған кезде тауарлардың тұтыну мөлшерінің төмендеуін көрсетеді

D) тауар бағасының өсуі кезінде оның тұтыну мөлшерінің азаюын көрсетеді

Е) тауар бағасының өсуі кезінде оның тұтыну мөлшерінің өзгермейтіндігін көрсетеді

  1. Мемлекет тепе-теңдік бағадан жоғары деңгейде Х тауары бағасының шегін белгіледі. Осының салдарынан:

А) осы тауардың артықшылығы орын алады В) осы тауардың тапшылығы орын алады

С) тепе-теңдік баға осы деңгейге дейін көтеріледі D) осы тауардың ұсынысы төмендейді

Е) тауардың көлемі бәрібір өзгермейді

  1. Сұраныс бағасы дегеніміз – бұл:

А) ұсыныс көлемі арқылы анықталатын тұрақты баға

В) тұтынушының сол тауарды немесе қызметті сатып алуға дайын ең минималды бағасы

С) тұтынушының сол тауарды немесе қызметті сатып алуға дайын орташа бағасы

D) белгілі бір нарықтық ортада тұтынушының сатып алуға дайын тауарлары мен қызметтерінің ең кіші көлемі

Е) тұтынушының сол тауарды немесе қызметті сатып алуға дайын максималды бағасы

  1. Егер нарықтық баға тепе-теңдіктен төмен орналасса, онда:

А) тұтынушылар сатып алмайды В) өндірушілер өнім ұсынысын арттырады С) тауар тапшылығы орын алады D) барлық тұтынушылар қанағаттандырылады Е) артық ұсыныс пайда болады

  1. Қай ұғым адамдардың төлем қабілеті барлығын көрсетеді:

А) талап В) қажеттілік С) ықылас D) сұраныс Е) ұсыныс

  1. Сұраныстың қиылысқан икемділігі дегеніміз – бұл:

А) сұраныс қисығының бойымен тауар бағасының бір пайыздық өзгерісіне байланысты, сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісінің көрсеткіші (басқа факторлар тұрақты болса)

В) табыстың өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруі

С) Х тауар бағасының пайыздық өзгеруіне орай Y тауарына деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруі D) бағалардың, табыстың және басқа да факторлардың өзгеруіне байланысты сұраныстың өзгеру реакциялары Е) аталғандардың ешқайсысы дұрыс емес

  1. Егер тауардың қандай да болмасын көлемі бір бағамен сатылса, онда тауар сұранысы қандай?

А) абсолютті икемсіз В) абсолютті икемді С) икемді D) икемсіз Е) бірлік икемді

  1. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі дегеніміз – бұл...:

А) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің табыстың пайыздық өзгерісіне қатынасы

В) ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы

С) сұраныс көлемінің бағаның өзгеруіне орай реакциялық дәрежесі

D) ұсыныс көлемінің бағаның өзгеруіне байланысты реакциялық дәрежесі

Е) сұраныс табыс бойынша икемділікке ие болмайды

  1. Технологиялық жетістіктер нені жылжытады:

А) сұраныс қисығын жоғары және оңға В) сұраныс кисығын төмен және оңға С) ұсыныс қисығын төмен және оңға D) ұсыныс қисығы өзгермейдi Е) ұсыныс қисығын оңға

  1. Ұсыныс заңы ненi мазмұндайды:

А) баға түскенде ұсыныс солға ығысады В) баға түскенде ұсыныс деңгейi артады

С) баға көтерiлгенде ұсыныс қисығы оңға ығысады D) баға көтерiлгенде ұсыныс көлемi өседi Е) ұсыныс көлемi арт-қанда баға көтерiледi

  1. Ұсыныс қисығы оңға жылжиды, егер:

А) салықтар өссе В) сол өнімді өндірудің тиімділігі артса С) сол өнімге сұраныс көлемі өссе D) басты ресустарға баға өссе Е) сол өнімге деген сұраныс көлемі азайса

  1. Нарықтағы ұсыныс қисығы қалай қалыптасады:

А) нарықтық сұраныс қисығы арқылы В) өнiмнiң әр денгейiндегi жиынтық шығынды есептеу арқылы С) жеке ұсыныс қисықтарын қосу арқылы D) өндiрiстiң техникалық тиiмдiлiгiн анықтау арқылы Е) сыртқы экономикалық жағдайлар өзгерiсiнiң фирмаларға әсерiн анықтау арқылы

  1. Абсолюттi икемсiз сұраныс қисығы қандай?

А) көлденең сызық В) қисайған сызық С) оң бағытталған қисық D) тік сызық

Е) терiс бағытталған қисық

  1. В тауарының сұраныс функциясы берілген: Qd = 26-4p және ұсыныс функциясы: Qs = 8 + 2p. Егер баға 5 -ке тең болса, онда нарықта қандай жағдай орын алады?

А) артықшылық және Q сатылуы = 18

В) тапшылық, Q сатылуы = 6

С) тапшылық, Q сатылуы = 18

D) артықшылық және Q сатылуы = 8

Е) артықшылық және Q сатылуы = 1

  1. Тепе – теңдік баға дегеніміз – бұл...:

А) сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңескендегі қалыптасатын баға В) жекелеген сатып алушының тепе-теңдік бағасы С) жекелеген сатушының тепе-теңдік бағасы

D) өндірушінің ұзақ мерзімге белгілеген тепе-теңдік бағасы Е) көп шығын жұмсалған баға

  1. Сұраныстың бағалық икемділігі нөлге тең. Бұл жағдайда:

А) осы баға бойынша тауардың кез-келген көлемін сатуға болады

В) тауардың осы көлемін кез-келген бағамен сатуға болады

С) тауардың кез-келген көлемі кез-келген бағамен сатылады

D) тұтынушылар тауардың көлемі мен бағасының өзгеруіне мүмкіндік бермейді

Е) ұсыныс өзгереді

  1. Егер тауар бағасының 1% төмендеуi сұраныс көлемiн 2% көбейтсе, онда бұл сұраныс:

А) икемсiз В) икемдi С) бiрлiк икемдi D) абсолюттi икемсiз Е) икемділігі 1-ге тең

  1. Сұраныс қисығы нені көрсетеді:

А) белгілі бір баға бойынша тұтынушының алатын жалпы пайдалылығын

В) белгілі бір баға бойынша тұтынушының алатын шекті пайдалылығының көлемін

С) берілген баға бойынша тұтынушы сұранысының қандай екендігін

D) тұтынушы белгілі бір пайдалылықтың мөлшерін алу үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге даярлығын Е) ұсыныстың өзгеруін

  1. Сұраныстың бағалық икемділігі дегеніміз – бұл:

А) сұраныс қисығының бойымен тауар бағасының бір пайыздық өзгерісіне байланысты, сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісінің көрсеткіші (басқа факторлар тұрақты болса)

В) табыстың өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруі

С) У тауарының пайыздық өзгеруіне байланысты Х тауарының сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгеруі D) бағалардың, табыстың және басқа да факторлардың өзгеруіне байланысты сұраныстың өзгеру реакциялары Е) ұсыныстың өзгеруі

  1. Икемді сұраныс деп біз қандай сұранысты айтамыз:

А) баға мен сұраныс көлемі бірдей пайызға өзгерген жағдайды айтады

В) сұраныс көлемі бағаға қарағанда аз өзгерген жағдайды айтады

С) сұраныс көлемі бағаға қарағанда артық өзгерген жағдай, сондықтан баға түскенде сұраныс көлемі артады

D) сұраныс қисығы оң көлбеулі болған жағдайды айтады

Е) баға мен сұраныс көлемінің бірдей мөлшерде өзгеруін айтады

  1. Сұраныстың өзгеруі мен сұраныс көлемі өзгеруінің айырмашылығы неде?

А) сұраныстың өзгеруі кезінде сұраныс қисығы жылжиды (оңға немесе солға)

В) сұраныстың өзгеруі оны анықтайтын бағалық факторлардың өзгерісінен болады

С) сұраныс көлемінің өзгеруі бағалық емес факторлардың өзгерістері нәтижесінде орын алады

D) сұраныс көлемінің өзгеруі – бұл сұраныс қисығының жылжуы

Е) сұраныс көлемінің өзгеруі – бұл сұраныс қисығының солға жылжуы

  1. Фирмаға салынатын салық мөлшерінің артуы:

А) сұраныс қисығын оңға жылжытады В) ұсыныс қисығын оңға жылжытады С) ұсыныс қисығы өзгермейдi D) ұсыныс қисығын солға жылжытады Е) нарықта ештеңені де өзгертпейді

  1. Ұсыныс қисығы оңға жылжиды, егер:

А) салықтар өссе В) сол өнімді өндірудің тиімділігі артса С) сол өнімге сұраныс өссе

D) басты ресустарға баға өссе Е) ұсыныс көлемі артса

  1. Егер де тауардың бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінен төмен болса, онда:

А) жұмыссыздық пайда болады В) артықшылық орын алады С) ресурстар қымбаттайды

D) тауар тапшылығы пайда болады Е) инфляциялық құбылыстар байқалады

  1. Үкімет шығарылатын тауарға қосымша салық еңгізді. Бұл жағдай ұсыныс қисығына қалай әсер етеді?

А) солға жылжиды В) оңға жылжиды С) қисық өзгермейді D) ұсыныс қисығының көлбеу бұрышы өзгереді Е) ұсыныс қисығының көлбеу бұрышы өзгермейді

  1. Ұсыныс қисығының теңдеуі берілген: S = a+b Р, баға нөлге тең болғанда ұсыныс көлемі қаншаға тең болады?

А) Q = а В) Q = а+b С) Q = -b D) Q = b Е) Q = bР

  1. Сұраныс функциясы берілген: D = 10 - 2p, мұндағы р- тауар бағасы, D – сұраныс көлемі. Қандай бағада тауарға деген сұраныс нөлге тең болады?

А) 5 В) ½ С) -5 D) 10 Е) 2

  1. Жеке сұранысқа әсер ететін факторлар:

А) тұтынушының талғамы В) тұтынушының табысы С) тауардың бағасы D) алмастырушы тауарлардың бағасы Е) аталғандардың барлығы дұрыс

  1. Сағызға деген сұраныс баға бойынша икемді болса, онда оның бағасының төмендеуі:

А) тұтынушылардың сағызға деген сұраныс көлемін арттырады

В) тұтынушылардың сағызға деген сұраныс көлемін төмендетеді

С) азық-түлік өнімдерінің сұранысын арттырады

D) азық-түлік өнімдерінің сұранысын төмендетеді

Е) өндірушілердің ұсыныс көлемін арттырады

  1. Сұраныс функциясы берілген: D =10 - 2p және ұсыныс функциясы: S = 4 + p. Тауардың тепе-теңдік бағасы қаншаға тең?

А) 2 В) 3 С) 2,5 D) 1 Е) 6/5

  1. Сұраныс функциясы берілген: D =10 - 2p және ұсыныс функциясы: S = 4 + p. Егер мемлекет бағаны 4 деп бекітсе, онда нарықта қандай жағдай орын алады?

А) артықшылық = 6 В) тапшылық = 2 С) тепе-теңдік орын алады

D) артықшылық = 4 Е) тапшылық = 1

  1. Сұраныс көлемі азайғанда сұраныс қисығы қалай жылжиды?

А) сағат тiлiне қарсы немесе қисық бойымен төмен В) сағат тiлi бойынша немесе қисық бойымен жоғары С) жоғары және оңға D) төмен және солға Е) мұндай жағдайда қисық тік сызыққа айналады

  1. Егер белгілі бір тауарға деген сұраныс пен ұсыныс қатар өссе, онда:

А) сол тауардың бағасы өседі В) тауардың жалпы саны көбейеді С) ресурстарға деген баға төмендейді D) баға деңгейі төмендейді Е) сол тауарды өндіру үшін қажетті ресурстардың бағасы өседі

  1. Мына төмендегі тұжырымдардың қайсысы икемсіз сұраныстың сипаттамасына жатпайды:

А) тауардың сұранысы икемсіз болғанда тұтынушылар бұл тауарды сатып алғанда өз табыстарының көп бөлігін жұмсайды

В) бұл тауар тұтынушылар үшін бірінші қажеттілікті тауарлар болып табылады

С) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі бағаның пайыздық өзгерісінен аз болып келеді

D) ауыстырушы – тауарлардың көп болуы

Е) нарықта алмастырушы - тауарлардың көп болмауы

  1. Ұсыныс заңы дегеніміз – бұл:

А) нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бағасы және көлемі арасындағы кері тәуелділік

В) тұтынылатын тауардың бағасы өскенде оған деген сұраныс көлемінің де өсуін сипаттайтын заң

С) нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бағасы және көлемі арасындағы тура тәуелділік

D) өндіріс ауқымы кеңейгенде сол өндіріске жұмсалатын факторлардың саны өскен сайын оның әкелетін тиімділігінің төмендеуін көрсететін заң

Е) тауарлар мен қызметтер бағасы мен ресурстар бағасы арасындағы өзгеріс заңы

  1. Нарықтағы тепе-теңдік баға дегеніміз:

А) кез келген тұтынушының белгілі бір тауар алуы үшін төлейтін бағасы

В) ұсыныс көлемі мен сұраныс көлемін теңестіретін баға

С) үкімет тарапынан белгіленетін баға

D) өндірушінің өзінің тауарына белгілей алатын бағасы

Е) салық салынғаннан кейінгі қалыптасатын баға

  1. Сұраныс қисығы солға жылжиды, егер:

А) тұтынушылардың табыстары өссе В) тұтынушылардың төлейтін салықтары өссе

С) тұтынушылардың саны өссе D) тауар ұсынысы өссе Е) тауардың бағасы жоғарыласа

  1. Қандай шарт кезінде сұраныс баға бойынша икемді?

А) Ed > 1 В) Ed < 1 С) Ed = 0 D) Ed = 1 Е) Ed = 0,6

  1. Басқа шарттар тұрақты болғанда баға деңгейі өссе, онда ол ұсыныс заңына қалай әсер етеді?

А) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс көлемі төмендейді В) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс көлемі артады С) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс төмендейді D) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс артады Е) ұсыныс заңына сәйкес ұсыныс көлемі өзгермейді

  1. Баға 5%-ға төмендесе сұраныс көлемі 8 %-ға артады, онда берілген сұраныс:

А) икемсіз В) бірлік икемді С) икемді D) абсолютті икемді Е) абсолютті икемсіз

  1. Егер тауар бағасының 2% төмендеуi сұраныс көлемiн 2,5% көбейтсе, онда бұл сұраныс:

А) икемсiз В) икемдi С) бiрлiк икемдi D) абсолюттi икемсiз Е) абсолютті икемді

  1. Мыналардың қайсысы нарықтық жүйені сипаттайды:

А) тек сұранысқа ие болған тауарлар ғана өндіріледі

В) нарықта ақпаратпен алмасу жүзеге асырылады

С) тапшылық мәселесі баға механизмі арқылы шешіледі

D) артықшылық мәселесі баға механизмі арқылы шешіледі

Е) аталғандардың барлығы дұрыс

  1. Белгілі бір жағдайлар нәтижесінде белгілі бір фирманың табысы төмендей бастады. Сондықтанда бірқатар фирмалар нарықтан кетуі ықтимал. Осының салдарынан:

А) сұраныс қисығы оңға жылжиды В) ұсыныс қисығы оңға жылжиды С) сұраныс қисығы солға жылжиды D) ұсыныс қисығы солға жылжиды Е) ұсыныс қисығының бойында өзгеріс байқалады

  1. Мыналардың қайсысы сұранысқа әсер ететін факторларға жатпайды?

А) берілген тауардың бағасы

В) берілген тауарды алмастыратын тауарлардың бағасы С) берілген тауарды толықтыратын тауарлардың бағасы D) салықтар мен дотациялар E) табыс көлемі

  1. Сұраныс қисығының бойымен жылжып отыру мына тұжырымдардың қайсысын

сипаттайды?

А) тұтынушылар табысының өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің өзгеруі

В) бағаның әртүрлі деңгейіне сәйкес сұраныс көлемінің өзгеруі

С) тұтынушылар табысының өзгеруіне байланысты сұраныстың өзгеруі

D) бағаның әртүрлі деңгейіне сәйкес сұраныстың өзгеруі

E) тұрақты баға деңгейіне сәйкес сұраныс көлемінің өзгеруі

  1. Қой етінің қымбаттауы сиыр етіне деген сұранысты арттырды. Осының салдарынан:

А) сиыр еті мен қой етіне деген сұраныс қисықтары өзгереді

В) тек сиыр етіне деген сұраныс қисығы өзгереді

С) тек қой етіне деген сұраныс қисығы өзгереді

D) сиыр еті мен қой етіне деген сұраныс қисықтары өзгеріссіз қалады

E) сиыр еті мен қой етіне деген ұсыныс қисықтары өзгереді

  1. Қара бидайдың бағасы төмендеген жағдайда:

А) ақ бидайға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды В) ақ бидайға деген сұраныс қисығы солға жылжиды С) ақ бидайдың теңдестік бағасы жоғарылайды D) қара бидайға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды E) қара бидайға деген сұраныс қисығы солға жылжиды

  1. Тұтынушылар алдағы уақытта аудио және видео техника тауарлары арзандайды деп

естиді. Демек:

А) бұл тауарларға деген сұраныс қисығы солға жылжиды В) бұл тауарларды сату көлемі азаяды С) бұл тауарларға деген сұраныс азаяды D) бұл тауарларға деген сұраныс артады

E) бұл тауарларға деген сұраныс көлемі артады

  1. Нарықтық сұранысқа мына факторлардың қайсысы әсер етпейді?

А) тұтынушылардың табысы В) алмастырушы тауарлардың бағасы С) толықтырушы тауарлардың бағасы D) ресурстардың бағасы E) сатып алушылардың саны

  1. Студенттер асханасында шәй 20 теңгеден сатылатын. Егер кофенің бағасы 25% - ға өссе, онда:

А) шәйдің бағасы төмендейді В) кофенің сатылу көлемі артады С) шәйдің сатылу көлемі азаяды D) шәйдің сатылу көлемі артады E) шәйдің бағасы артады

  1. Х тауарын өндіруге жұмсалатын материалдардың бағасы қымбаттады деп жорамалдайық, онда осының салдарынан осы тауарға деген:

А) сұраныс қисығы жоғары (оңға) жылжиды В) ұсыныс қисығы жоғары (солға) жылжиды

С) сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы жоғары жылжиды D) ұсыныс қисығы төмен (оңға) жылжиды E) сұраныс қисығы төмен (солға) жылжиды

  1. Маркетологтар сіз басқаратын өндіріс шикізатының болашақта бағасы өсетінін

хабарлады. Менеджер ретінде сіз қандай шешім қабылдайсыз?

А) өндірілетін өнімнің көлемін арттырасыз В) ештенені өзгертпеуге тырысасыз

С) өндірілетін өнімнің көлемін азайтасыз D) өндірілетін өнімнің бағасын төмендетесіз

E) шикізат бағасының төмендейтіндігін күтесіз

  1. Жаңғаққа деген сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өсетін болса, онда теңдестік баға:

А) өзгермейді В) өседі С) кемиді D) алдымен өседі, сосын кемиді E) алдымен кемиді, сосын өседі

  1. Сұраныс Qd = 20 – P пен ұсыныс Qs = 10 + P функциялары берілген. Онда тауардың тепе – теңдік бағасы мен тепе – теңдік көлемі қандай болады?

А) P = 5; Q = 15 В) P = 10; Q = 12 С) P = 7; Q = 15 D) P = 15; Q = 15 E) P = 15; Q = 5

3-тақырып. Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері

2-сағат

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Шекті пайдалылық теориясы, оның экономикалық талдаудағы рөлі мен орны;

  • Талғамсыздық қисықтары және оларды талдау;

  • Қазіргі кездегі тұтынушының рөлі мен құқықтары;

  • Тұтыну сұранысы және оның қазіргі түрлері;

  • Пайдалылық және құндылық, оларды арттырудың жолдары;

  • Хикс және Слуцкий бойынша алмастыру және табыс әсерлерін талдау.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

  • Энгель заңдары және Энгель қисықтары. Торнквист қисықтары;

  • Антиигіліктер. Гиффен тауарлары және Гиффен парадоксы;

  • Алмастыру әсері және табыс әсері (Хикс және Слуцкий бойынша).

  1. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

  1. Тұтынушының бюджеті өскен кезде «табыс - тұтыну» қисығы сапасыз тауарлар үшін қандай түрге ие болады?

А) оң бағытталған сызық болып келеді В) теріс бағытталған сызық болып келеді

С) көлденең сызыққа айналады D) тік сызыққа айналады

Е) бұл қисық сапасыз тауарлар үшін қолданылмайды

  1. Госсеннің бірінші заңы – тұтыну барысында тұтынылатын игіліктің әрбір қосымша бірлігінің пайдалылығы...:

А) өседі В) тепе-теңдікке ұмтылады С) төмендей береді D) тұтынушының қажеттілігін толық қанағаттандырмайды Е) аталғандардың барлығы дұрыс емес

  1. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) тұтыну – бұл қажеттіліктердің нақты қанағаттандырылу үрдісі

В) қажеттілік – бұл адамның қанағаттанушылық жағдайы

С) тұтынылатын игіліктің саны өскен сайын оның жалпы пайдалылығы да артады

D) шекті пайдалылық – бұл ең жоғарғы пайдалылық

Е) тұтынылатын игіліктің саны өскен сайын оның шекті пайдалылығы төмендейді

  1. Тұтынушының ұтымы - бұл:

А) тұтынушыға қажет емес ақша сомасы

В) салықтың көмегімен мемлекеттің тұтынушыдан тартып алатын ақша сомасы

С) тұтынушының төлеуге дайын бағасы мен нарықтық баға арасындағы айырмадан ұтатын ақша сомасы

D) жоғары сапалы өнім өндіретін өндіруші – фирмаларға тұтынушының бергісі келетін ақша сомасы

Е) тұтынушының қолындағы нақты ақша сомасы

  1. Спекулятивті сұраныс – тұтыну сұранысының бір түрі ретінде қалай сипатталады?

А) қоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайды, яғни бағалардың келешектегі өсіп кету қаупі тұтынушылардың тауарларды қазіргі уақытта көбірек тұтыну (сауда-саттық жасау) ынтасын арттырады

В) бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі

Е) тұтынушының белгілі бір уақытқа алдын-ала жоспарлап қойған сұраныстарының көлемі

  1. Гиффен тауарлары – бұл:

А) тұтынушының бюджетінде үлкен үлеске ие болатын сапасыз тауарлар

В) тұтынуда бірін бірі алмастыратын тауарлар

С) тұтынуда бірін бірі толықтыратын тауарлар

D) адам өмірінде ең аз тұтынылатын тауарлар

Е) бұл тауарлар әрқашанда сапалы тауарлар ретінде қарастырылады

  1. Шектi пайдалылықтың төмендеу заңы – ол:

А) бiрiншi қажеттiлiктегi тауарлардың бағасына қарағанда, сән, байлық заттарының бағасына шектi пайдалылықтың қатысы

В) сатып алынып жатқан тауарлардың саны өскен сайын, тауардың әр бiрлiгi сайын алынып келетiн пайдалылық төмендейдi

С) барлық тауарлардың бағасына шектi пайдалылықтың қатысы бiрдей болады

D) тұтынушының табысы өскен сайын сатып алынып жатқан тауарлардың пайдалылығы төмендейдi

Е) жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес

  1. Тұтыну әрекетi теориясы бойынша тұтынушы нені максималдауға тырысады:

А) жалпы және шектi пайдалылық айырмашылығын В) жалпы пайдалылықты

С) орташа пайдалылықты D) шектi пайдалылықты Е) барлығын

  1. Жеке тұтынушыға арналған талғамсыздық қисығының иiлуi мен орны мынамен түсiндiрiледi:

А) оның талғамы мен табысының мөлшерiмен В) сатып алынып жатқан тауарлардың бағасымен С) талғамы, табысының мөлшерi мен сатып алынып жатқан тауарлардың бағасымен D) тек оның талғамымен Е) сатып алынып жатқан тауарлардың бағасы мен табыс мөлшерiмен

  1. Тұрғындардың табыстары өскен кезде тауардың қандай категориясына сұраныс төмендейді:

А) бірінші қажеттіліктегі тауарларға В) қымбат заттарға С) сапасы төмен тауарларға

D) икемділігі 1-ге тең тауарларға Е) керісінше барлық тауардың категориясына сұраныс өседі

  1. Бағаның өсуі салдарынан тауарға деген сұраныс мөлшерінің де өсуін қалай атауға болады:

А) табыс эффектісі В) Гиффен парадоксы С) Энгель парадоксы D) алмастыру эффектісі

Е) мұндай құбылыс ешқашан орын алмайды, өйткені бұл сұраныс заңына қайшы

  1. Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері – сұраныстың бір түрі ретінде қалай сипатталады?

А) тұтынушының жалпы қабылданған нормаларды сақтай отырып, басқалары сатып алған сол тауарды сатып алумен байланысты тұтыну сұранысының өсу әсері

В) бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі

Е) тұтынушы көпшілікке ілесіп, солар сатып алған тауарларды тұтынуы

  1. Бірдей пайдалылыққа ие игіліктер жиынтығы:

А) бір талғамсыздық қисығының бойында жатады В) Энгель қисығының бойында жатады

С) сұраныс қисығының бойында жатады D) бюджет шектеулілігі сызығының бойында жатады Е) сынған сұраныс қисығының бойында жатады

  1. Гиффен тауарлары – бұл игіліктерге:

А) тұтынушының ақшалай табыстары өскен кезде сұраныс өседі В) баға өскен кезде оның сұраныс көлемі де өседі С) тұтынушының нақты табысы төмендегенде және салыстырмалы бағалары өзгермеген кезде сұраныс өседі D) баға өзгергенде сұраныс өзгермейді Е) сұраныс көлемін анықтау жуық арада мүмкін емес

  1. Екі тауардың қиылысқан икемділігі нөлге тең. Бұл қандай тауарлар болуы мүмкін:

А) сыра мен шырын В) үстел мен орындық С) компьютер мен сөмке D) ет пен сыр

Е) ұялы телефон және оның батареясы

  1. Егер табыстың түсуi тауарға сұранысты арттырса, онда бұл қандай тауар:

А) сапасы төмен тауар В) қажет емес әсемдiк бұйымы С) толықтырушы тауар

D) орын басушы тауар Е) Энгель тауарлары

  1. Субститут - тауарлар деген не?

А) бірін-бірі ауыстыратын тауарлар В) бірін-бірі толықтыратын тауарлар С) бағалары бірдей тауарлар D) бірінші қажеттілікті тауарлар Е) шетелде өндірілген тауарлар

  1. Тұтынушы табысының артуынан нашар (төмен сапалы) тауарларды тұтыну:

А) өзгермейді В) артады С) кемиді D) анықталмаған Е) бұл тауарлар табысқа байланыссыз үнемі тұтыныла береді

  1. Госсеннің екінші заңы – тұтынушы әртүрлі игіліктерді тұтыну кезінде максималды пайдалылыққа жету үшін..:

А) әрбір игілікті тұтынудан көретін жалпы пайдалылықты олардың бағаларына теңестіруі қажет В) шекті пайдалылықты барлық тұтынылатын игіліктердің бағаларымен теңестіруі қажет С) бағаны есепке ала отырып шекті пайдалылықтың төмендеу мөлшеріне байланысты игілікті тұтынуы қажет D) алдымен ең пайдалы және арзан игіліктерді тұтынуы қажет, содан кейін біртіндеп аса қымбат және арзан емес игіліктерді тұтынуы қажет Е) шекті пайдалылық барлық тұтынылатын игіліктердің бағаларынан жоғары болуы қажет

  1. Егер тұтынушының табысы өссе, онда:

А) бюджет сызығы параллельді түрде жоғары жылжиды В) бюджет сызығы жылжиды, бірақ параллельді түрде емес С) бюджет сызығы өз бағытын өзгертпейді

D) бюджет сызығының жаңа бағыты туралы біз ештеңе айта алмаймыз

Е) бюджет сызығы параллельді түрде төмен жылжиды

  1. Жалпы пайдалылықты максималды түрде қанағаттандыру үшін:

А) шекті пайдалылық нөлге тең болу керек В) шекті пайдалылық максималды мәнге ие болу керек С) шекті пайдалылық минималды мәнге ие болу керек D) шекті пайдалылықтың мәні теріс болу керек Е) шығындарды үнемдеу қажет

  1. Тұтынушы табысының өзгеруінен берілген игілікке сұраныс өзгермеген болса, онда табыс әсері:

А) кемиді В) артады С) нөлге тең D) теріс мәнге ие болады Е) оң мәнге ие болады

  1. Талғамсыздық қисықтары - бұл:

А) бірдей пайдалылық әкелетін екі экономикалық игіліктің әртүрлі комбинациялары

В) пайдалылығы бірдей тұтынушылық жиынтықтар

С) бір игілікті екіншісімен ауыстырудың тиімді тәсілдері

D) тұтынушының талғамдары мен ұнамдылықтарын сипаттайды

Е) осы аталған тұжырымдардың барлығы дұрыс

  1. Көпшілікке ілесу әсері – тұтыну сұранысының бір түрі ретінде қалай сипатталды?

А) тұтынушының жалпы қабылданған нормаларды сақтай отырып, басқалары сатып алған сол тауарды сатып алумен байланысты тұтыну сұранысының өсу әсері

В) бұл жағдайда тұтынушы ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі

Е) болашақтағы сұраныс көлемі

  1. Пайдалылықты зерттеудегі кардиналистік теорияның ординалистік теориядан айырмашылығы, ол:

А) модельдерді қолданбайды В) субъективті қалауларды немесе ұнамдылықтарды қарастырмайды С) пайдалылықты өлшеудің сандық әдісін қолданады

D) пайдалылықты өлшеудің сапалық әдісін қолданады

Е) пайдалылықты табиғаттың заңдылықтары арқылы қарастырады

  1. Табыс әсері қалай туындайды?

А) тауар бағасының төмендеуі (басқа шарттар тұрақты болғанда) тұтынушының нақты табысын арттырады

В) тауар бағасының жоғарылауы тұтынушының номиналды табысын арттырады

С) бюджет сызығы талғамсыздық қисығымен жанаспалы болып келгенде

D) тауар бағасының төмендеуі (басқа шарттар тұрақты болғанда) тұтынушының нақты табысын төмендетеді

Е) табыс өскенде бюджет сызығы төмен жылжиды

  1. Табыс өскен кезде тауарға деген сұраныс өсті. Қандай тауар қарастырылып отыр?

А) қалыпты В) сапалы С) сапасы төмен D) жаңа тауар Е) Гиффен тауарлары

  1. А тауарының бағасы өскенде тұтынушылардың көбінің сол тауарға деген сұраныс мөлшері де өсті. Бұл жағдайда А тауарын қандай категорияға жатқызуға болады:

А) Гиффен тауарларына В) бірінші қажеттіліктегі тауарларға С) қымбат бағалы заттарға

D) мұндай жағдайдың орын алуы мүмкін емес Е) икемділігі 1- ге тең тауарларға

  1. А. Смиттің оғаштығын (парадоксын) қалай түсінуге болады?

А) көп еңбек жұмсалып өндірілген өнім қымбат болады

В) нарықтық баға жалпы пайдалылықпен емес, шекті пайдалылықпен анықталады

С) адам үшін тауар аса бағалы болса, онда оның нарықтық бағасы да жоғары болады

D) тұтынушылар әрқашанда тауардың құндылығын дұрыс анықтайды

Е) тұтынушылар тауардың құндылығын дұрыс анықтай алады

  1. Тиімсіз (рационалды емес) сұраныс – тұтыну сұранысының бір түрі ретінде қалай сипатталады?

А) қоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайды, яғни бағалардың келешектегі өсіп кету қаупі тұтынушылардың тауарларды қазіргі уақытта көбірек тұтыну (сауда-саттық жасау) ынтасын арттырады

В) бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі, яғни бұл сұраныстың түрі адамның ұтымды шешім қабылдау туралы алғышартын бұзады

Е) көпшілікке ілесу салдарынан пайда болатын сұраныс

  1. Мына тұжырымдардың ішінде біреуі дұрыс емес, ол қайсысы?

А) егер есірткі тасымалдауға жазалау шарасы күшейтілсе, онда есірткі нарығындағы ұсыныс қисығы солға жылжиды

В) егер есірткі бизнесін заңдастырып есірткі өндіруге жоғары салық салынса, онда бұл салықтың ауыртпашылығын негізінен нашақорлар көреді

С) мемлекет бағаны тағайындай отырып нарықтық бағаны белгілеуге белсенді түрде араласса, онда тауар тапшылығы орын алады

D) тұтынушының сұранысы өскенде қызыл уылдырыққа деген сұраныс қисығы оңға жылжиды

Е) берілген тұжырымдардың ешқайсысы дұрыс емес

  1. Тұтынушы қаржысының шектеулілігі қалай сипатталады:

А) изокванталардың көмегімен В) изокосталардың көмегімен С) бюджет сызығы арқылы

D) талғамсыздық қисықтары арқылы Е) алмастырудың шекті нормасы арқылы

  1. Мемлекет тарапынан өндірушілерге қосымша салық салынғаннан кейін:

А) тұтынушы ұтымы азаяды В) тұтынушы ұтымы көбейеді С) тұтынушы ұтымы өзгермейді D) өндіруші ұтымы көбейеді Е) өндіруші ұтымы өзгермейді

  1. Гиффен парадоксы – бұл:

А) сұраныс заңына қайшы келетін құбылыс В) ұсыныс заңына қайшы келетін құбылыс

С) алмастыру эффектісін сипаттайды D) табыс эффектісін сипаттайды

Е) бағаның төмендеу нәтижесінде табыстың өсуі

  1. Пайдалылық дегеніміз – бұл...:

А) тауардың объективтік қасиеті В) тұтынушының денсаулығына қажетті қасиеттердің жиынтығы С) субъективті құндылық D) тұтынушыға пайдасын тигізетін кез-келген заттар

Е) дұрыс жауабы жоқ

  1. Алмастырудың шекті нормасы - бұл:

А) талғамсыздық қисықтарының бұрыштық көлбеу тангенсі В) бір игілікті екіншісімен тиімді ауыстыру С) алмастыру коэффициентінің туындысы D) барлық тұжырымдар дұрыс

Е) барлық тұжырымдар дұрыс емес

  1. Егер екі тауар өзара алмастырушы тауарлар болса, онда біріншісінің қымбаттауы неге себеп болады?

А) екінші тауарға сұраныс азаяды В) бірінші тауарға сұраныс артады С) екінші тауарға ұсыныс көлемі қысқарады D) екінші тауарға сұраныс артады

Е) бірінші тауарға ұсыныс көлемі артады

  1. Өнімнің әрбір келесі бірлігін тұтыну - … туғызады.

А) оның шекті пайдалылығының азаюын В) шекті пайдалылығының артуын

С) қажеттіліктің қанағаттандырылуын D) осы өнімге деген сұраныстың артуын

Е) осы өнімге деген ұсыныстытың артуынан

  1. Айталық, тұтынушылар талғамының өзгеруіне байланысты бірқатар игіліктердің әрбір тұтыну бірлігінің пайдалылықтары өсті. Бұл жағдайда жеке сұраныс қисығы:

А) солға жылжиды В) аса тіктеу сызық болып келеді С) аса жатыңқы сызық болып келеді

D) оңға жылжиды Е) өзгермейді

  1. Жеке тұтынушы үшін талғамсыздық қисығының орналасуы мен көлбеулік бағыты қалай түсіндіріледі?

А) сатып алынатын тауарлардың бағалары арқылы В) оның ұнамдылықтарымен С) оның ұнамдылықтарымен және табыс мөлшерімен D) тауардың бағалары арқылы, ұнамдылықтары мен табыс мөлшері арқылы Е) тек табыс мөлшері арқылы

  1. Сіз күрте сатып алғыңыз келді және оған 10000 тг. жұмсауға шамаңыз бар. Күртенің тепе-теңдік бағасы 9000 тг. құрайды. Микроэкономикалық талдау тұрғысынан қарағанда сіз үшін 1000 тг. не болады?

А) табыс В) тұтынушы ұтымы С) шекті пайдалылық D) пайда Е) шығын

  1. Табыстың өсуіне байланысты тұтынушылар талғамының өзгеруін бейнелейтін қисық:

А) табыс – тұтыну В) баға-тұтыну С) баға-шығындар D) баға-көлемі Е) көлем-табыс

  1. Сұраныстың қиылысқан икемділігінің коэффициенті нөлге жақын. Бұл жерде қандай тауарлар қарастырылып отыр:

А) көлік пен бензин В) қалам мен карандаш С) нан мен қант D) кітап және мотоцикл

Е) компьютер мен оның үстелі

  1. Тұтынушы қай уақытта өз қажеттілігін максималды түрде қанағаттандыра алады?

А) шекті пайдалылық нөлге жеткенде

В) шекті пайдалылық орташа деңгейге жеткенде

С) жалпы пайдалылық пен шекті пайдалылықтың мәндері теңескенде

D) тұтынушының қаржысы толық жұмсалғанда

Е) шекті пайдалылық максималды деңгейге жеткенде

  1. Табыс өскен кезде қандай тауарларға сұраныс өседі?

А) қалыпты тауарларға В) сапалы тауарларға С) сапасы төмен тауарларға D) Гиффен тауарларына Е) монополист – фирмалардың тауарларына

  1. Ағашқа сұраныс өскенде шегелерге де сұраныс өседі. Ал сұраныс төмендесе шегелерге де сұраныс төмендейді. Мұндай жағдайда ағаш пен шегелерді қандай тауарларға жатқызуға болады:

А) комплементарлы тауарларға В) Гиффен тауарларына С) субститут тауарларға

D) беделді сұранысқа ие болатын тауарларға Е) икемсіз тауарларға

  1. Тұтынушы максималды пайдалылыққа жетеді, егер мынадай шарт орындалса:

А) MUx/Px = MUy/Py

В) MUx/ Px < MUy/ Py

С) MUx/ Px > MUy/ Py

D) Px/MUx = Py/MUy

Е) MUx/Py = MUy/Px

  1. Тұтынушының бір айлық табысы 10000 тенге . Тамақтың бағасы 500 тенге (Px=500), киімнің бағасы 2500 тенге (Py=2500). бюджет сызығының ОХ және ОУ осьтерімен қиылысатын нүктелерін анықтаңыз:

А) 20; 4 В) 1/20; ¼ С) 2; 40 D) 40; 2 Е) 20; 40

  1. А тауарының шекті пайдалылығы 100. А тауарының бағасы 10. В тауарының бағасы 5. В тауарының шекті пайдалылығы қаншаға тең?

А) 50 В) ½ С) 0 D) 20 Е) 10

  1. Әртүрлі баға деңгейіне сәйкес тұтынушының тепе-теңдігінің барлық нүктелерін байланыстыратын қисықты қалай атайды?

А) «баға – тұтыну» қисығы В) «баға - шығын» қисығы С) «баға – көлем» қисығы

D) «көлем - тұтыну» қисығы Е) «тұтыну» қисығы

  1. Егер тұтынушының табысы өссе, онда:

А) бюджет сызығы параллельді түрде жылжиды В) бюджет сызығы жылжиды, бірақ параллельді түрде емес С) бюджет сызығы өз бағытын өзгертпейді D) бюджет сызығының жаңа бағыты туралы біз ештеңе айта алмаймыз Е) бюджет сызығы координат басына жақындайды

  1. Тұтынушы салықты көп мөлшерде төлейді, егер:

А) сұраныс икемсіз болса В) сұраныс икемді болса С) сұраныс абсолютті икемді болса

D) ұсыныс икемсіз болса Е) тұтынушы тұтыну кезінде салық төлемейді

  1. Егер табыстың төмендеуi тауарға сұранысты арттырса, онда бұл тауар:

А) сапасы төмен тауар В) қажет емес әсемдiк бұйымы С) артық толықтырушы тауар

D) жақсы орын басушы тауар Е) сапалы тауарлар

  1. «Баға - тұтыну» қисығы:

А) екі игіліктің біреуінің бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушының тепе-теңдік шартын көрсетеді В) игілік бағасының бір уақытта өзгеруі нәтижесіндегі тұтынушының тепе-теңдік шартын көрсетеді С) тауарға деген сұраныстың функциясы D) тауар бағасының динамикасын көрсететін қисық Е) тұтыну мөлшерін көрсететін оң бағыттағы қисық

  1. Веблен әсерінің түсініктемесі:

А) қас-қағым сәтте пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі

В) басқа адамдардың берілген тауарларды тұтынғанда дәл осы тауарларға деген сұраныстың өзгеру эффектісі

С) тауар бағаларының өте жоғары болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею эффектісі

D) тауар бағаларының өте төмен болуымен байланысты ұсыныстың көбею әсері

Е) тауар бағаларының өте төмен болуымен байланысты ұсыныстың азаюы

  1. Талғамсыздық қисығы нені сипаттайды:

А) тұтынушының табыстарын

В) тауарлардың салыстырмалы бағаларын

С) пайдалылықтары бірдей баламалы тауарлардың жиынтығын

D) пайдалылықтары әртүрлі игіліктердің сандық мәндерін

Е) тұтынушылардың ұнамдылықтары мен табыстарын

  1. Сатып алынатын тауардың саны мен тұтынушының табыс көлемі арасындағы байланысты қандай қисық көрсетеді?

А) сынған сұраныс қисығы В) сынған ұсыныс қисығы С) табыс – тұтыну қисығы

D) Энгель қисығы Е) шекті табысты анықтау қисығы

  1. Теріс пайдалылыққа ие игіліктерді не деп атаймыз?

А) антиигіліктер В) Веблен игіліктері С) Гиффен тауарлары D) зиянды игіліктер

Е) тұтынуға кедергі келтіретін игіліктер

  1. Рационалды емес сұраныс дегеніміз не?

А) қоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайтын ағымдық сұраныстың қөбею әсері

В) тұтынушының көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға деген құштарлығын сипаттайтын тұтыну сұранысы

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған тұтыну сұранысының бір түрі

Е) белгілі бір тұтынушының басқа бір тұтынушы үшін таңдап қойған және сатып алған тауарларының жиынтығы

  1. Талғамсыздық қисықтарының авторы:

А) Дж. Хикс В) Ф. Эджуорт С) Е. Слуцкий D) А. Смит Е) А. Маршалл