Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

15­Тақырып. Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау теориясы. Экономикадағы мемлекеттің рөлі

2-сағат

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Отандық нарықтар фиаскосы және оның себептері;

  • Отандық экономикадағы мемлекеттің рөліне баға беру;

  • Қазақстандағы демократия және қоғамдық таңдау;

  • Бюрократия экономикасы және мемлекеттің сәтсіздіктері. Отандық коррупция;

  • Саясат және саяси бәсекелестік.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

  • Бюрократия экономикасы және коррупция (жемқорлық);

  • Ф. Хайектің Конституция моделі;

5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

  1. Қоғамдық игіліктер өндірісі:

А) жағымды сыртқы әсерлерді қалыптастырады В) жағымсыз сыртқы әсерлерді қалыптастырады С) сыртқы әсерлерді қалыптастырмайды

D) жағымды да, жағымсыз да сыртқы әсерлерді туындатады

Е) мұндай игіліктердің сыртқы әсерлерге мүлдем қатысы болмайды

  1. Келесі көрсетілгендердің қайсысы қоғамдық игілік бола алмайды?

А) қоғамдық көлік В) орта білім жүйесі С) ел қорғанысы D) қала көшелері мен алаңдарын көгалдандыру Е) таза ауа

  1. Таза қоғамдық игіліктің мысалы ретінде мыналардың қайсысын атауға болады:

А) қоғамдық көлік В) ұлттық қорғаныс С) қалалық жағажай D) білім беру жүйесі

Е) туристік орталықтар

  1. «Билетсіздер» немесе «қояндар» мәселесі дегеніміз не?

А) тұтынушылардың артық шығын жұмсай отырып таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі туралы мәселелер

В) тұтынушылардың ешқандай артық шығын жұмсамай таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі туралы мәселелер

С) тұтынушылардың төмен мөлшерде шығын жұмсап таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі туралы мәселелер

D) өндірушілердің шығын жұмсай отырып таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі туралы мәселелер

Е) бір адамның шығын жұмсай отырып таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі

  1. Таза қоғамдық игіліктерді өндіру кезінде қандай сыртқы әсерлер туындайды?

А) жағымды және жағымсыз В) шекті сыртқы әсерлер С) жағымды D) жағымсыз

Е) әлеуметтік шекті әсерлер туындайды

  1. Мыналардың қайсысы қоғамдық игілік болып табылмайды?

А) электроэнергия В) маяктар С) полиция D) қорғаныс Е) су шаюынан қорғау

  1. Саяси шешімдердің белгілі топтар үшін тиімді түрде қабылдануын талап ететін сол топтардың саяси билік өкілдеріне әсер ету тәсілдерін не деп атаймыз:

А) лоббизм В) логроллинг С) тікелей демократия D) бюрократия Е) саяси рентаны іздеу әдістері

  1. «Билетсіздер» - бұлар:

А) аз шығын жұмсай отырып немесе мүлдем жұмсамай қоғамдық игіліктің құндылығын төмендетеді

В) қоғамдық игіліктерді басқаларынан гөрі көбірек тұтынуға тырысады

С) басқаларды сол игілікті көбірек тұтынуға итермелейді немесе себепкер болады

D) басқаларды сол игіліктәі тұтынбауға көндіреді

Е) салық төлеуден қашпайды

  1. Сыртқы әсерлер мәселесі қандай экономикалық жүйеге тән:

А) нарықтық экономикаға В) әкімшіл-әміршіл жүйеге С) аралас экономикаға

D) кез-келген экономикаға Е) өтпелі экономикаға тән

  1. Таза қоғамдық игіліктерді өндірудің тиімді көлемін қалай анықтауға болады? Яғни:

А) оны тұтынуда ешкім шектелмеген болса

В) сол игіліктер ең аз шығынмен өндірілсе

С) сол игілікті өндірудің жеке шекті шығындары оны тұтынудың қоғамдық шекті пайдалылықтарына тең болса

D) сол игілікті өндірудің қоғамдық шекті шығындары оны тұтынудың қоғамдық шекті табыстарына тең болса

Е) қоғамдық шекті пайдалылықтың көлемі қоғамдық шекті шығындардың көлемінен көп болса

  1. Мына себептердің қайсысын мемлекеттің сәтсіздігіне (фиаскосына) жатқызуға

болмайды? А) мемлекеттік бюрократия В) уақыттың сәйкессіздігі С) ақпараттардың асимметриялылығы D) ақпарат алудағы теңсіздік Е) күтпеген жағдайлардың орын алуы

  1. Дауыс берумен саудаласуды немесе бір индивидтің (топтың, партияның) өз мүддесіне

байланысты белгілі бір мәселе бойынша басқа бір индивидті (топты, партияны) қолдаймын деп уәде беруін не деп атаймыз?

А) лоббизм В) логроллинг С) тікелей демократия D) бюрократия Е) саяси рентаны іздеу