Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Капитал және жер нарықтары

Мақсаты: капитал нарығының ерекшіліктерін қарастыру арқылы пайыздың қалай құрылатындығын түсіндіру, инвестиция мен капиталдың бір-бірімен байланысын көрсету. Сонымен қатар, жер нарығын және жер рентасын жан-жақты талдау болып табылады. Ол үшін төмендегі сұрақтарды қарастырумыз керек.

Дәріс сабағының жоспары:

  1. Капитал нарығының құрылымы мен рөлі. Капитал нарығындағы тепе - теңдік. Пайыз және оның мөлшерлемесі.

  2. Инвестициялар. Қысқа және ұзақ мерзімдегі инвестициялар. Дисконталған құн. Пайыздың ставкасы.

  3. Жер нарығы. Экономикалық рента және түрлері. Жердің бағасы. Жалдау төлемі.

Негізгі ұғымдар: капитал; несиелік пайыз; инвестициялау; физикалық тозу; инвестиция өтімділігінің шекті мөлшері; инвестицияның шекті таза өтімділігі; негізгі капитал қызметінің пайдалы мерзімі; өтімділіктің ішкі мөлшері; ағымдағы құн; жер; жер рентасы; экологиялық рента; жердің бағасы; т.б.

Тақырыптың қысқаша мазмұны.

«Капитал» сөзі латын тілінен аударғанда «басты» (негізгі) дегенді білдіреді. Капитал – бұл: а) өндірісте пайдаланылатын жабдық, ғимарат және аяқталған құрылыстардың жиынтығы; ә) құрал-жабдық, ғимарат және аяқталған құрылыстарды сатып алуға бөлінген қаржылар; б) ақша, тауар, өндіргіш күштер түрлерінде болып келеді.

Құнды ауыстыру тәсілі бойынша капитал негізгі капитал және айналмалы капитал болып бөлінеді. Негізгі капитал өндірістік үрдіске ұзақ уақыт бойы қатысатын және өзінің құнын өндіріске біртіндеп жұмсайтын ғимараттар мен құрылыстар (зауыттар), құрал-жабдықтар, машиналар мен станоктар түріндегі өндіріс факторлары немесе еңбек құралдары ретінде сипатталады. Айналмалы капитал – бұл өндірістік үрдістің цикліне өзінің құнын бірден жұмсайтын немесе ауыстыратын шикізат, еңбектің негізгі және көмекші материалдары, жұмыс күші түріндегі капиталдың бір формасы.

«Адам капиталы» – бұл оқу немесе білім алу үрдісінде, тәжірибелік әрекеттер арқылы алынған және игерілген ақыл-ой қабілеттіліктері мен еңбек дағдылары түріндегі капитал. Адам капиталының мөлшері жұмыс күшіне құйылған және соған деп жүзеге асырылған инвестицияларға тәуелді болып табылады.

Меншіктік түрі жағынан капитал жеке меншіктік (жеке, жанұялық); корпоративтік-ұжымдық (АҚ-дар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, бірлестіктер); мемлекеттік (республикалық, коммуналдық); аралас және шетелдік капиталдар болып бөлінеді.

Капиталдың тозуы және өндірісті ұлғайтуға тырысу жеке немесе заңды тұлғалардың өндірістік тауарларды сатып алуларына қажеттіліктерін тудырады. Бұл үрдісті инвестициялау, ал дәл сол тауарларды сатып алуға белгіленген ақшаны – инвестиция деп атайды.

Капитал нарығының ерекшелігі мынада, яғни капиталдың ұсынысын жинақтар құрайды, жинақтар ағымдағы және болашақтағы табыстарды уақытаралық салыстыру негізінде қалыптасады. Ал капиталға деген сұраныс ағымдағы шығындар (инвестициялар) мен болашақта әкелетін табыстарды салыстыруға байланысты қалыптасады.

Инвестицияның көзі жинақтар болып табылады, ал жинақтардың инвестицияға айналу үрдісі дамыған қаржы нарықтары жағдайында қарыз пайызының мөлшерлемесі арқылы реттеледі. Пайыз мөлшерлемесі жоғары болған сайын, басқа да шарттар тұрақты болған жағдайда, капиталға берілетін жинақтардың көлемі де артып отырады.

Капиталдың бағасы, яғни пайыз мөлшерлемесі капиталға деген нарықтық сұраныс пен оның ұсынысы арасындағы тепе-теңдіктің нәтижесі ретінде қалыптасады.

Капиталға деген нарықтық сұраныс инвестициялық өтеудің шекті нормасы қисығымен сипатталады, ал капиталдың нарықтық ұсынысы қарыз пайызы мөлшерлемесінің деңгейі әсерінен қалыптасатын, жеке жинақтар қисықтарының сомасы ретінде анықталады.

Жер нарығының ерекшелігі мынада, яғни табиғи ресурстарға баға қалыптастырудың ерекшеліктері жер көлемінің абсолютті шектеулілігімен және сол жер ресурсының өндірушілік қабілетінің қалпына келу мүмкіндігімен тығыз байланысты болып табылады.

Ұдайы өндірілу қасиетіне ие ресурстың (жердің) бағасы оның әкелетін ренталық табысы мен қарыз пайызы мөлшерлемесінің арақатынасы ретінде анықталады. Ұдайы өндіріле алмайтын ресурстың (пайдалы қазбалардың) бағасы пропорционалды түрде нақты пайыз мөлшерлемесі өскен кезде өсіп отырады.

Қорытынды

1. Капитал – тауарлар мен қызметтерді өндіруді арттыру мақсатында адамдардың қолымен жасалған барлық өндіріс құрал-жабдықтарының түрлері. Капитал түсінігі кең мағынада қарастырылғанда, оны экономикалық игіліктерді көп мөлшерде өндірумен байланысты және сол мақсатта құрылатын кез-кезген ресурс деп атауға болады. Капиталға машиналар, ғимараттар, құрылыстар, станоктар, құрал-жабдықтар, қозғалғыш заттар, құрал-саймандар, шикізат қорлары, жартылай фабрикаттар, патенттер, «ноу-хаулар» және тағы басқалары жатады.

2. Капитал жинақтар есебінен құралады, ал олар болса ағымдағы тұтынуды салыстырмалы түрде қысқарту арқылы болашақтағы кезеңдерде тұтынудың мүмкіндіктерін арттырады. Осыған байланысты индивидтер жинақтауды жүзеге асыра отырып ағымдағы тұтынуды болашақтағы тұтынумен салыстырады.

3. Жер – аса маңызды экономикалық ресурс және оның басты ерекшелігі – шектеулілігі, сондықтан жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады. Жердің ұсынысына әсер ететін факторлар – оның құнарлығы мен орналасу орны. Жер ұсынысының тұрақтылығы ұсыныс қисығының абсолютті икемсіз сипатта болуын көрсетеді

Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар.

Біріншіден, капитал нарығында ақшалай капиталға қалыптасатын сұраныс пен ұсыныстың ерекшелігін білу қажет, екіншіден, капиталдың түрлерін ажырата білу қажет, үшіншіден, капиталды ұзақ мерзімде қолдану кезінде дисконталған құн көрсеткішін есептей білу қажет. Тақырыпты толық меңгеру үшін негізгі әдебиеттерді міндетті түрде игеру қажет.

12-тақырып. Дәріс