Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

  1. Экономикалық шығындар нені көрсетедi:

А) фирмадан тыс қолданылған ресурстардың көлемiн

В) фирманың меншiгi болып табылатын өндiрiс факторларының құнын

С) айқын және айқын емес шығындардың қосындысын

D) барлық айтылғандар дұрыс

Е) барлық айтылғандар дұрыс емес

  1. Салада 1000 фирма жұмыс iстейдi, олардың әрқайсысы 5 дана өнiм шығарғанда шектi шығындары - 2 тг болады, ал 6 дана болғанда – 3 тг, 7 дана болғанда – 5 тг. Егер осы өндiрiлетiн өнiмнiң нарықтағы бағасы 3тг болса, онда осы салада айына қанша өнiм шығарылады:

А) 5000 данадан кем В) 5000 дана С) 6000 дана D) 7000 дана Е) 10000 дана

  1. Егер фирманың 20 дана өнім шығарудағы жалпы табысы 240 теңгеге тең болса, онда орташа табыс қаншаға тең:

А) 12 В) 120 С) 10 D) 220 Е) 22

  1. Егер орташа айнымалы шығындар 60, ал өнім көлемі 20 тең болса, онда айнымалы шығындар нешеге тең болады?

А) 520 В) 2500 С) 1200 D) 3 Е) 20

  1. Егер орташа жалпы шығындар 50, ал өнім көлемі 2 тең болса, онда жалпы шығындар нешеге тең болады?

А) 25 В) 100 С) 50 D) 0,1 Е) 2

  1. Өндірілген өнім көлеміне тәуелді шығындар:

А) тұрақты В) өзгермелі С) шекті D) бухгалтерлік Е) трансакциондық

  1. Шекті табыс қалай есептеледі?

А) ΔTR / ΔQ В) ΔQ / ΔTR С) TR / Q D) Q / TR Е) Q *TR

  1. Егер түсімі 40 мың теңгеге тең болып, ал шығындар 35 мың теңгені құрса, онда фирманың пайдасы қандай?

А) 5 В) 35 С) 40 D) 75 Е) 0

  1. Фирманың түсімі қалай анықталады?

А) R=PQ В) R=P+Q С) R=Q-P D) R=P-Q Е) R=Q/P

  1. Егер жалпы шығындар 1200-ге тең болса, ал нөлдік өндіріс көлеміндегі шығындар 400-ге тең болса, онда өзгермелі шығындар қаншаға тең:

А) 1600 В) 800 С) 3 D) 400 Е) 777

  1. Фирма қысқа мерзімді кезеңде 500 бірлік өнім өндіреді. Орташа өзгермелі шығындар – 2 тг., орташа тұрақты шығындар – 0,5 тг, онда жалпы шығындар қаншаға тең:

А) 2,5 теңге В) 1250 теңге С) 750 теңге D) 1100 теңге Е) 1850 теңге

  1. Шекті шығындар қисығы:

А) орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі нүктелерін қиып өтеді

В) орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең жоғарғы нүктелерін қиып өтеді

С) орташа жалпы шығындардың ең төменгі нүктесін және орташа өзгермелі шығындардың ең жоғарғы нүктесін қиып өтеді

D) орташа жалпы шығындардың ең жоғарғы нүктесін және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі нүктесін қиып өтеді

Е) тек шекті табыс қисығымен ғана қиылыспайды

  1. Бухгалтерлік шығындар:

А) экономикалық және айқын емес шығындардың айырмасына тең В) айқын шығындарға тең С) қолданылатын ресурстарға төленетін төлемдерге тең D) әрқашанда экономикалық шығындардан кіші болып келеді Е) барлық жауаптар дұрыс

  1. Өнім көлемі жоғарылағанда орташа тұрақты шығындар:

А) максималды мәнге ие болады В) өседі С) қысқарады D) тұрақты болады Е) минималды мәнге ие болады

  1. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген:

А) экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындардан үнемі кіші болып келеді

В) бухгалтерлік шығындарға айқын емес шығындар жатады

С) өзгермелі шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде пайда болады

D) орташа табыс жалпы табыстың өнім көлеміне қосындысы ретінде анықталады

Е) тұрақты шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде де орын алады

  1. Нан зауыты нан өндiруге 3 тг. орташа тұрақты шығындарын жұмсайды. Егер 100 нан өндiруге кеткен жалпы шығындар 900 тг. болса, онда орташа айнымалы шығындар қаншаға тең:

А) 5 В) 6 С) 7 D) 10 Е) 17

  1. Тұрақты шығындар:

А) нөлдік өндіріс көлеміндегі шығындарға тең В) өндіріс көлеміне қатысты емес шығындар С) жалпы және өзгермелі шығындардың айырмасына тең D) тек қысқа мерзімде ғана қарастырылатын шығындар Е) барлық жауаптар дұрыс

  1. Орташа жалпы шығындар дегеніміз өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалатын:

А) тұрақты және өзгермелі шығындар В) тұрақты шығындар С) өзгермелі шығындар

D) шекті шығындар Е) орташа өзгермелі шығындар

  1. Шекті шығындар қай формуламен анықталады?

А) MC=∆Q/TC В) MC=∆TC/∆Q С) MC=TC-FC D) MC=TC-Q Е) MC=TC/Q

  1. Изокостадағы нүктелер нені сипаттайды:

А) фирманың әртүрлі шығындарын В) өндіріс факторларының әртүрлі жиынтықтарын қолданудағы бірдей шығындардың жұмсалуын С) көлемі бірдей өнімдердің шығарылуын

D) өндірушінің тепе-теңдікке ұмтылуын сипаттайды Е) тұтынушының тепе-теңдікке ұмтылуын

  1. Егер өнімнің соңғы екі бірлігін өткізу кезінде жалпы табыс 70 теңгеге өссе, онда шекті табыс қаншаға тең болады:

А) 140 В) 70 С) 35 D) -35 Е) 68

  1. Өзгермелі шығындар:

А) өндіріс көлемімен бірге өзгереді

В) жалпы және тұрақты шығындардың айырмасына тең

С) шикізатқа, материалдарға, жалақыға жұмсалатын шығындардан құралады

D) нөлдік өндіріс көлемі кезінде орын алмайды

Е) барлық жауаптар дұрыс

  1. Егер фирма 12 дана өнімді 5 теңгеден сатса, ал келесі 10 дана өнімді 6 теңгеден сатса, онда оның жалпы табысы қаншаға тең болады:

А) 120 В) 100 С) 60 D) 33 Е) 16

  1. Өнім көлемі 4-тен 5-ке өскенде, жалпы шығындар 27 теңгеден 33 теңгеге өседі, яғни шекті шығындар қаншаға тең болады:

А) 27 теңгеге В) 7 теңгеге С) 33 теңгеге D) 6 теңгеге Е) -6 теңгеге

  1. Егер өндіріс көлемі 3 бірлікке өзгерсе, онда шекті шығындар 15 бірлікті құрайды. Бұл жерде жалпы шығындар қаншаға өседі:

А) 15 В) 45 С) 18 D) 5 Е) 12

  1. Изокостаның көлбеу бұрышы неге тең?

А) ресурстар бағаларының қатынасына В) шығындар мен капитал бағасының қатынасына

С) шығындар мен еңбек бағасының қатынасына D) еңбек шығындарының капитал бағасының қатынасына Е) еңбек пен капитал бағасының қосындысына

  1. Студент университетте оқып 200 теңге стипендия алады. Ол оқуын тастап коммерциялық агент болып жұмыс істеп 1000 теңге таба алады. Оның университетте білім алуының альтернативтік шығындарын анықтаңыз:

А) 200 тг В) 1000 тг С) 800 тг D) 1200 тг Е) 1500 тг

  1. Егер түсім 400 мың теңгеге тең болып, ал шығындар 350 мың теңгені құрса, онда фирманың пайдасы қандай?

А) 50 В) 75 С) 40 D) 1400 Е) 1000

  1. Орташа жалпы шағын (АТС), орташа тұрақты шығын (АFС) мен орташа айнымалы шығындардың (АVС) қатынастарының қайсысы дұрыс?

А) АVС = АТС + АFС

В) АТС = АVС + АFС

С) АТС = АVС - АFС

D) АТС = АVС / АFС

Е) АТС = АVС *АFС

  1. Тұрақты және өзгермелі шығындар фирма қызметінің қандай мерзімінде орын алады?

А) тек қысқа мерзімде

В) тек ұзақ мерзімде

С) олигополист фирманың ұзақ мерзімді қызметінде

D) монополист фирманың қысқа мерзімді қызметінде

Е) жетілген бәсекелес фирманың қысқа және ұзақ мерзімді қызметінде

  1. Егер фирманың өндіріс көлемі – 1000 дана, тауардың бағасы – 80 теңге, тауардың әр бірлігіне кеткен орташа шығындар – 30 теңге болса, онда фирманың жалпы шығыны қаншаға тең?

А) 50 000 теңге В) 30 000 теңге С) 80 000 теңге D) 10 000 теңге Е) 1 000 теңге

  1. Егер фирманың өндіріс көлемі – 1000 дана, тауардың бағасы – 80 теңге, тауардың әр бірлігіне кеткен орташа шығындар – 30 теңге болса, онда фирманың жалпы табысы қаншаға тең?

А) 80 000 теңге В) 50 000 теңге С) 15 000 теңге D) 800 теңге Е) 30 000 теңге

  1. Егер фирманың 40 дана өнім шығарудағы жалпы табысы 560 теңгеге тең болса, онда орташа табыс қаншаға тең:

А) 15 В) 14 С) 600 D) 520 Е) 6000

  1. Егер өндіріс көлемі 5 бірлікке өзгерсе, онда шекті шығындар 15 бірлікті құрайды. Бұл жерде жалпы шығындар қаншаға өседі:

А) 10 В) 45 С) 3 D) 75 Е) 20

  1. Экономикалық шығындар нені сипаттайды:

А) фирма қызметінен тыс жерде қолданылған ресурстардың көлемiн

В) тауардың сапасын және басқа да қасиеттерін зерттеуге байланысты кететін шығындарды

С) айқын және айқын емес шығындардың қосындысын

D) бухгалтерлік және әлеуметтік шығындардың қосындысын

Е) тұтынушының әлеуметтік шығындарын

  1. Баламалы шығындар ненiң құны болып табылады:

А) жанұяның минималды тұтыну бюджетiнiң В) ақшаға шаққандағы тауарлар мен қызметтердiң С) тұтынушының жасырын шығындарының D) таңдаудағы қолдауға ие болмаған тиiмдi баламаның Е) таңдауға ие болған ең жақсы баламаның

  1. Изокванта мен изокоста қисықтарының жанасқан нүктесі:

А) изокванта мен изокоста қисықтары жанаспайды, олар қиылысады

В) өндіріс шығындарының артуын көрсетеді

С) тұтынушының максималды пайдалылыққа жетуін сипаттайды

D) өндіріс ауқымының тұрақтылығын көрсетеді

Е) өндірушінің тепе-теңдігін көрсетеді

  1. Экономикалық шығындар нені сипаттайды:

А) фирмадан тыс қолданылатын ресурстар шығындарының сомасын

В) фирма үшін қажетсіз ақпараттардан арылу жолындағы пайда болатын шығындарды

С) айқын және айқын емес шығындардың қосындысын

D) айқын және айқын емес шығындардың айырмасын

Е) тек қана фирманың айқын шығындарын

  1. Шекті табыс қалай есептеледі?

А) ΔQ / ΔTR В) ΔTR / ΔQ С) TR / Q D) Q / TR Е) TR + Q

  1. Ұзақ мерзімді кезеңде:

А) барлық шығындар тұрақты В) барлық шығындар өзгермелі С) өзгермелі шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі D) тұрақты шығындар өзгермелі шығындарға қарағанда тез өседі Е) пайданың мәні үнемі теріс болады

  1. Фирманың табысы қандай формуламен анықталады?

А) МR = МP + Q В) МR = МP * Q С) R = Q – МP D) R = P – (1+ Q) Е) R = P * Q

  1. Фирма қысқа мерзімді кезеңде 1000 бірлік өнім өндіреді. Орташа өзгермелі шығындар – 5 тг., орташа тұрақты шығындар – 1 тг, онда жалпы шығындар қаншаға тең:

А) 6 теңге В) 166,6 теңге С) 1000 теңге D) 6000 теңге Е) 5000 теңге

  1. Шекті шығындар қисығы ұзақ мерзімде қандай шығындармен қиылысады:

А) орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі нүктелерін қиып өтеді

В) орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең жоғарғы нүктелерін қиып өтеді

С) орташа жалпы шығындардың ең төменгі нүктесін және орташа өзгермелі шығындардың ең жоғарғы нүктесін қиып өтеді

D) орташа жалпы шығындардың ең жоғарғы нүктесін және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі нүктесін қиып өтеді

Е) ұзақ мерзімде тек шекті табыс қисығының ең жоғарғы нүктесін қиып өтеді

  1. Изокостадағы нүктелер нені білдіреді:

А) фирманың әртүрлі шығындарын В) өндіріс факторларының әртүрлі жиынтықтарын қолданудағы бірдей шығындардың жұмсалуын С) көлемі бірдей өнімдердің шығарылуын

D) өндірушінің тепе-теңдікке ұмтылуын сипаттайды Е) көлемі әр түрлі өнімдердің шығарылуын

  1. Егер өнімнің соңғы екі бірлігін өткізу кезінде жалпы табыс 70 теңгеге өссе, онда шекті табыс қаншаға тең болады:

А) 140 В) 70 С) 35 D) -35 Е) 105

  1. Шекті шығындар қай формуламен анықталады ?

А) MC=∆TC/∆Q В) MC=∆Q/TC С) MC=TC-FC D) MC=TC-Q Е) MC=∆TC-Q

  1. Фирманың пайдасы = табыс - ...:

А) баға В) құн С) шығын D) айнымалы шығын Е) тұрақты шығын

6-тақырып. Нарықтық құрылымдар. Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс және пайданы мейлінше арттыру мәселесі

2-сағат

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Қазақстандағы экономикалық салалар және нарықтық құрылымдар.

  • Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы бәсеке және оның түрлері.

  • Қазақстандағы жетілген бәсекелес нарықтар және олардың тиімділігі.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

  • Фирманың теориялық бағыттары;

  • Фирманың негізгі типтері;

  • Келісімдер және олардың типтері.