Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік

Мақсаты: нарықтық механизмнің басты элементі – сұраныс пен ұсыныстың теориялық негіздерін, оларға әсер ететін факторларды қарастыру, икемділік ұғымын түсіне отырып олардың түрлері мен практикалық маңыздылығын айқындау. Нарықтық тепе-теңдіктің мәнін ашып оның негізгі үлгілерін талдау. Ол үшін дәріс жоспарында мына сұрақтар қарастырылу қажет.

Дәріс сабағының жоспары:

  1. Сұраныс. Сұраныс заңы.

  2. Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Сұраныс және ұсыныстағы өзгерістер. Сұраныс және ұсыныстың өзара әсерлесуі.

  3. Нарықтық тепе-теңдік. Тепе-теңдіктің орнау механизмі.

  4. Икемділік ұғымы. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің түрлері.

Негізгі ұғымдар: нарық; «көрінбейтін қол» қағидасы; сұраныс; сұраныс заңы; сұраныс бағасы; сұраныс көлемі; сұраныс факторлары; сұраныс қисығы; сұраныс функциясы; ұсыныс; ұсыныс заңы; ұсыныс бағасы; ұсыныс көлемі; ұсыныс факторлары; ұсыныс функциясы; нарықтық тепе-теңдік; тепе-теңдік баға; тепе-теңдік көлем; артықшылық; тапшылық; Вальрас бойынша тепе-теңдік; Маршалл бойынша тепе-теңдік; тепе-теңдіктің статикалық үлгісі; тепе-теңдіктің динамикалық үлгісі; «өрмекші торы тәріздес» үлгі; тұтынушының ұтымы; өндірушінің ұтымы; икемділік; сұраныс икемділігі; сұраныстың бағалық икемділігі; сұраныстың табысқа байланысты икемділігі; сұраныстың қиылысқан икемділігі; ұсыныс икемділігі; ұсыныстың бағалық икемділігі; т.б.

Тақырыптың қысқаша мазмұны.

Сұраныс және ұсыныс теориясы нарықтық бағалардың қалыптасу заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын зерттеуге жүгіне отырып нарықтың әрекет ету механизмін талдаудағы бағаның аса маңызды құрал болып табылатыныдығын біле аламыз.

Сұраныс сатып алушылардың өз табыстарының деңгейі мен игіліктің бағалары сияқты нақты қалыптасқан экономикалық жағдайларға байланысты берілген уақыттың бірлігінде сатып алуға дайын игіліктерінің максималды көлемін сипаттайды.

Сұраныс көлемі тұтынушылардың сол тауарды сатып алуға жұмсайтын ақша сомасымен өлшенеді, және ол сұранысқа әсер ететін бағалық (игіліктің бағасы) және бағалық емес (табыс және тұтынушылардың қалауы, алмастырушылардың және толықтырушылардың бағалары, күтім) факторлардан (детерминанттардан) функционалдық байланыста болады.

Сұраныс заңы игіліктің бағасына байланысты сұраныс көлемінің өзгеру тәуелділігін сипаттайды, және бағалық емес факторлардың өзгермеуі кезінде сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділікте болатынын дәлелдейді, яғни игіліктің бағасы өскенде соған деген сұраныс көлемі төмендейді, ал баға төмендегенде сұраныс көлемі артады.

Сұраныс көлемінің өзгерісін график түрінде сұраныс қисығы арқылы түсіндіруге болады, ол «баға - көлем» сияқты мүмкін болатын барлық жұптар үшін нүктелер жиынтығы болып табылады және сол нүктелерді қосады, ал сұраныс заңымен бейнеленетін тәуелділіктің көрінісі сұраныс қисығының теріс көлбеулігі бойынша қозғалыста табылады.

Сұраныстың бағалық емес факторларының өзгеруі сұраныстағы өзгерістерді тудырады, және осылардың салдарынан сұраныс қисығы толығымен өз орнын ауыстырып оңға немесе солға жылжиды.

Ұсыныс сатушылардың өздерінің өндіріс шығындарының деңгейі сияқты қалыптасқан экономикалық нақты жағдайларға байланысты берілген уақыт бірлігіне сәйкес нарыққа шығарып сатқысы келетін және сатуға дайын игіліктерінің максималды көлемін сипаттайды.

Ұсыныс функциясы сол ұсынысқа әсер ететін бағалық (игіліктің бағасы) және бағалық емес (өндірістік ресурстардың бағалары, салықтар деңгейі, технологиялар, уақыт және күтім) факторлардың (детерминанттардың) есебінен өндіршілердің нарыққа шығарғысы келетін игіліктерінің көлемін сипаттайды.

Ұсыныс заңы игіліктің бағасына байланысты ұсыныс көлемінің өзгеру тәуелділігін сипаттайды, және бағалық емес факторлардың өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің бағаға тура тәуелділікте болатынын дәлелдейді, яғни бағаның өсуінен ұсыныс көлемі артады, ал баға төмендегенде ұсыныс көлемі де төмендейді.

Ұсыныс көлемінің өзгеруін график түрінде ұсыныс қисығы арқылы көрсетуге болады, ол «баға - көлем» сияқты мүмкін болатын барлық жұптар үшін нүктелер жиынтығы болып табылады және сол нүктелерді қосады, ал ұсыныс заңымен көрсетілетін тәуелділік ұсыныс қисығының оң көлбеулігі бойынша қозғалыстан көрініс табады.

Ұсыныстың бағалық емес факторларының өзгеруі ұсыныстағы өзгерістерді тудырады, және осылардың салдарынан ұсыныс қисығы толығымен өз орнын ауыстырып оңға немесе солға жылжиды.

Нарықтық тепе-теңдік – бұл бағаның берілген деңгейінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің бір бірімен теңесуін көрсететін нарықтың қалыптасқан жағдайы, график түрінде ол сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысу нүктесіне сәйкес орындалады. Бұл нүктеге сәйкес тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлем пайда болады. Осы жерде бағалық емес факторлардың өзгеруінен сұраныс пен ұсыныс қисықтарының жылжуы тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемнің өзгеруіне алып келеді.

Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуына әрқашанда қол жеткізіле бермейді, тепе-теңдік нарықтың әрекет етуінің заңдылығын сипаттауына қарамастан, ол тепе-теңдік дербестілік (бір ғана тепе-теңдіктің орын алуы) жағдайда бола алмайды және осыған байланысты кей жағдайларда, тепе-теңдіктің бірнешеуі немесе көптілік жағдайлары да орын алып отырады.

Нарықтық механизмнің нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуын қамтамасыз ете алу қабілеттілігінің артықшылығы сондай, ол нарықтық айырбасқа қатысушылардың әл-ауқаттылығын арттыруға мүмкіндік береді, ал олардың әл-ауқаты алынған пайдалылық пен пайданың арасындағы айырмадан қалыптасады.

Тұтынушылардың алатын қосымша пайдалылығы олардың ұтымымен сипатталады, және ол ұтым сатып алушылардың тауардың тепе-теңдік көлемін тұтынудан алатын жалпы пайдалылығының және осы тауар көлемін тепе-теңдік баға бойынша сатып алуға жұмсаған шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Өндірушілердің алатын қосымша пайдасы олардың ұтымымен сипатталады, және олардың ұтымы тауардың тепе-теңдік көлемін тепе-теңдік бағамен сатудан түскен жалпы түсім мен осы тауарды өндіруге кеткен жалпы шығындарды салыстырудан байқалады.

Сұранысқа немесе ұсынысқа әсер ететін кез келген фактордың (тәуелсіз айнымалының) өзгеруі сұраныс пен ұсыныстың осы өзгеріске әртүрлі тұрғыда әсер ету реакциясының дәрежесін көрсетеді. Сұраныс пен ұсыныстың осындай өзгерістерге деген салыстырмалы сезімталдылығын сипаттайтын экономикалық көрсеткішті икемділік деп атайды, ол тәуелсіз айнымалының (аргументтің) өзгеруіне байланысты тәуелді айнымалының (функцияның) өзгеруінің салыстырмалы тәуелділігін сипаттайды.

Сұраныс икемділігі сұранысқа әсер ететін кез келген фактордың бір пайызға өзгеруі кезіндегі сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретіндігін көрсетеді. Сұраныс икемділігінің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Сұраныс көлемі бір пайыздан көбірек өзгерсе (икемділік мәні бірден үлкен болғанда), онда сұраныс икемді деген сөз, ал егер сұраныс көлемі бір пайыздан азырақ өзгерсе (икемділік мәні бірден кіші болғанда), онда сұраныс икемсіз болып табылады. Осыған байланысты, игілік бағасының сұраныс көлеміне әсерін сипаттайтын сұраныстың бағалық икемділігін, алмастырушы тауарлар мен толықтырушы тауарлар бағасының өзара әсерін сипаттайтын сұраныстың қиылысқан икемділігін, және де сұраныс көлеміне тұтынушының нақты табысының өзгеру әсерін сипаттайтын сұраныстың табыс бойынша икемділігін бөліп көрсетуге болады.

Ұсыныс икемділігі ұсыныс факторларының, ең алдымен тауар бағасының өзгеруіне орай сатушылардың жауап реакцияларының дәрежесін сипаттайтын тәуелділікті байқатады, бұл жерде ұсыныс икемділігінің мәні әрқашанда оң шамада болып табылады, яғни ұсыныс үшін тауар бағасы мен ұсыныс көлемі арасындағы тура тәуелділік тән.

Нарыққа қатысушылардың өзгеретін жағдайларға бейімделе алу мүмкіндіктері уақыт факторына негізделеді, сондықтанда сұраныс пен ұсыныс икемділігі әрқашанда берілген уақыт аралығы үшін анықталады, сұраныс пен ұсыныс икемділігінің сипаттамасы (аса икемді, аса икемді емес) қысқа және ұзақ мерзімдер үшін әртүрлі болып табылады.

Қорытынды

1. Сұраныс - тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. Ал, сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Сұраныс заңы – тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын, тауарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді.

2. Сұранысқа әсер ететін факторларды сұраныс детерминанттары деп атайды. Оларға баға, табыс, талғамдар мен қалаулар, күтімдер, алмастырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы, нарықтағы сатып алушылардың бағасы және басқа да факторлар жатады. Сұраныс көлеміне баға әсер еткенде сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алады, ал сұранысқа бағалық емес факторлар әсер еткенде сұраныс қисығы оңға немесе солға жылжиды, сондықтанда, сұраныстың өзгеруі мен сұраныс көлемінің өзгеруінің арасында айырмашылық бар екенін білуіміз керек.

3. Ұсыныс – сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе қызмет түрін берілген уақыт мезетінде белгілі бір бағамен сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті. Ұсыныс көлемі – бұл нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны. Ал ұсыныс бағасы – бұл сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы. Тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстанымды ұсыныс заңы деп атаймыз: баға жоғары болғанда (басқа факторлар тұрақты болғанда) сатушылар өз тауарын көбірек көлемде сатқысы немесе ұсынғысы келеді.

4. Ұсыныс детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар: а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары; б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ бағаны және тапшылықты күту; г) салықтар мен субсидиялардың көлемі; д) сатушылардың саны; т.б.

5. Нарықтық тепе-теңдік - берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты параметрлері болып, тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлем табылады. Тепе-теңдік баға – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Ал тепе-теңдік көлем – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы кезінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады.

6. Икемділік – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Икемділік коэффициенті - бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады.

7. Сұраныс икемділігінің үш түрі бар: 1) сұраныстың баға бойынша икемділігі – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент; 2) сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент; 3) сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті.

Дәріске арналған әдістемелік кеңестер.

Тақырыптың дәрісі мәселелі дәріс ретінде оқытылады. Сұраныс және ұсыныс теориялары микроэкономика курсының ең басты тақырыптарының біріне жатады. Тақырыпты терең меңгеру қажет. Студент тақырыптың негізгі сұрақтарын неғұрлым жетік игере алу арқылы келесі тақырыптарды жеңілірек оқуға мүмкіндік алады. Себебі, осы тақырыпты дұрыс оқымаған студентке басқа тақырыптарды оқуға тіпті қиынға соғады. Тақырыптың мына мәселелерін, яғни сұраныс заңын, сұранысқа әсер ететін факторларды, ұсыныс заңын, ұсынысқа әсер ететін факторларды, икемділік ұғымын, икемділіктің түрлері мен көрсеткіштерін, икемділіктің практикалық маңызын, нарықтық тепе-теңдікті және оның параметрлерін міндетті түрде білу қажет.

Бұл тақырыпта графиктер өте көп берілген. Сол себепті, осы тақырыптан бастап әріқарай студент қаралатын барлық мәселелерді график арқылы талдауды үйрене білу керек, мүмкіндігінше графиктермен көптеп жұмыс істеген жөн. Мәселен, барлық тақырыптарға қатысты графиктер № 2, 3-оқулықтарда өте жақсы сипатталған.

3-тақырып. Мәселелі дәріс