Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жануарларға да ауа керек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Ауаның жануар тіршілігіндегі маңызы туралы білімдерін кеңейту.Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Жануардың тіршілік иесі екенін және оларға қажетті жағдайлардың жануар тіршілігі үшін маңыздылығын ұғындыру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. «Жануарлар» топтамасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

су ауа

Жануар тіршілігіне

қажетті жағдайлар

жарық жылу

Қорек.

Жаңа сабақ.

  1. Ауа - жануар тіршілігіне қажет жағдай.

  2. Құрлықта тіршілік ететін жануарлар;

  3. Топырақ арасында тіршілік ететін жануар түрлері;

  4. Суда тіршілік ететін жануарлар

Балықтар желбезектері арқылы дем алады. Олар суда еріген оттегін пайдаланады. Ал керемет балық – кит жер бетіндегі жануарлар сияқты өкпесімен демалады. Кит су астында ұзақ бола алады. Тыныс алатын кезде ол су бетіне шығып ауа жұтады.

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жануарларға ауа қажет екенін қалай дәлелдеуге болады?

  2. Су астындағы жануарлар қалай тыныстайды?

  3. Топырақтағы ағзалалар немен тыныстайды?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]