Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Кітап қайдан келді?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға ілім, білімнің тек кітап арқылы келетінін, кітап – адамның құнды байлығы екенін түсіндіру. Кітапхана және кітапхана мәдениетімен таныстыру. Кітаптың шығу тарихымен таныстыру.

Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Татулыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Кітаптың көптеген адамның еңбегі арқылы болатынын түсіндіре отырып қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. Кітап тарихы туралы суреттер.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

«Кітап – асыл қазына», «Кітап – білім бұлағы» - мақалдарының мағыналық мазмұнын ашу.

Кітаптан біз - өз Отанымыз бен оның табиғатын, тамаша адамдар мен олардың еңбегін, халықтардың тарихы мен мәдениеті туралы оқып, білеміз.

Кітап бізді қоршаған ортаны жақсы түсінуге көмектеседі.

Кітап қайдан шығады?

Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

  1. Алғашқы кітаптар қандай болған және олар не нәрселерге жазылған?

Кітапты күтіп ұстау дегенді қалай түсінесің?

Жыртылған кітаптарды түптей білесің бе?

Мәтін соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс:

  1. Кітапты неден жасайды?

  2. Кітапты қалай жасайды?

  3. Кітап жасаумен қандай мамандар айналысыды?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Алдымен істі тындыр, содан соң қыдыр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды уақытты ұтымды пайдаланудың маңызды екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Татулыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Күн режимінің дұрыс құра отырып ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

  1. «Алдымен істі тындыр, содан соң қыдыр» нақыл

сөзінің мағынасын ұғындыру.

  1. Уақытты дұрыс пайдалану. тақырыптарында пікірлесу.

  2. Басты мақсат – оқу, тек қана оқу.

  3. Оқу бізге не береді?

Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Неліктен автор өз шығармасын «Алдымен істі тындыр, содан соң қыдыр. »деп атаған?

  2. Оның негізгі ойы неде?

  3. Осы шығарма бойынша көрініс құрастыру.

  4. Балақайдың «Жоқ, сәулелі күнім! Сабағам әлі біткен жоқ, қыдыратын уақыт жеткен жоқ» дегені нені білдіреді?

  5. «... Кітаптарын столдың үстіне қойды да, баққа секіріп түсті. Бар даусымен: «Қане, мені шақырған кім?!» деп айқайлап жіберді. Оған күн күлімдейді, оғанкішкене құс әндетіп сайрайды, оған қызыл шие сабағын иіп, жемісін ұсынады.» деген жолдардан не аңғардың?

  6. Балақай - өте жауапты, тиянақты, ұқыпты. Осы шешімге келісесің бе? Неліктен?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]