Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Етік қайдан пайда болды?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды етіктің дайындалу жолымен таныстыру.

Етікшілер еңбегі мен сол еңбектің жемісінің

адамдарға сыйлайтын қуанышын сезіндіру. Еңбек

адамдарының әр еңбегін бағалауға үйрету.

Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Кең байтақ Отанымыздың жер асты мен жер бетіндегі байлықтарымен таныстыра отырып мақтаныш сезімдерін ояту және Отанымыздың әр қадам жерін мақтан тұтуға, аялауға. сүюге, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы

түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. . Қазақстан картасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

  1. Оқушыларды етіктің дайындалу жолымен таныстыру.

2. Етік өндірушілер еңбегі мен сол еңбектің жемісінің адамдарға

сыйлайтын қуанышын сезіндіру.

  1. Еңбек адамдарының әр еңбегін бағалауға үйрету.

Пікірлесу.

Мамандық түрлері

Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сенің етігің неден тігілген? Оны қалай жасайды?

  2. Онда қандай мамандар жұмыс істейді?

  3. Аяқ киімді дайындауды ретімен айтып бер.

  4. Аяқ киімді қалай күту керек?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]