Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Егіншілік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды егіншілік шаруашылығымен таныстыру.

Диқан еңбегі мен сол еңбектің жемісінің маңыздылығын

аңғарту. Еңбек қуанышын сезіндіру.

Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Кең байтақ Отанымыздың жер асты мен жер бетіндегі байлықтарымен таныстыра отырып мақтаныш сезімдерін ояту және Отанымыздың әр қадам жерін мақтан тұтуға, аялауға. сүюге, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы

түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. . Қазақстан картасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

  1. Оқушыларды егіншілік шаруашылығы.

  2. Диқан еңбегі мен сол еңбектің жемісінің маңыздылығы.

  3. Еңбек қуанышы.

Өсімдік шаруашылығы егіншілік көктемде жаздық бидай

1. Тамақ өнімдері. күздік бидай

2. Малға азық.

3. Өнеркәсіпке қажет өнімдер.

Нанның дастарқанға келуі. Диқан еңбегі.

Қазақстанның көптеген өңірлерінде бидайдың түрлері өсіріледі.

Сырдария бойында күріш өседі.т.б.

Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. «Егіншілік» сөзі нені білдіреді?

  2. Өсімдік шаруашылығы қажет пе?

  3. Қандай мәдени өсімдіктер өсіріледі?

  4. Өсімдік шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы байланысты айт.ъ

  5. Өсімдік шаруашылығымен кімдер айналысады?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]