Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

29. Принтер. Принтердің түрлері

Принтер (Printer) - 1) баспа құрылғысы; 2) Windows NT жүйесінде — баспа құрылғысы мен қолданба арасындағы программалық интерфейс. Басып шығарғыш (принтер) – сызбалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Принтер (ағылыми prіnter) — мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай Принтерлер матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік, жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді. Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті, басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық П-лерде бұл шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады. Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте 600 — 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылған принтерлерден нашар.

30. Ms Access программасының негізгі объектілері:

Кестелер – МҚ-ның негізі болып табылады және бағандар мен жолдардан тұрады. Жолдар біртекті объектінің немесе процестің сипатамасын құрайды. Кестенің әрбір жолы жазба деп аталады. Жазба – белгілі бір ереже бойынша ұйымдасқан ақпараттық құрылым. Кестенің әрбір бағаны ақпараттың бір типінен тұрады, ол өріс деп аталынады.

Қалып – бір жазбадағы ақпаратты ыңғайлы бейнелеуге арналған.

Сұраныс – берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеп алуға арналған.

Есеп беру – мәліметтерді баспаға шығаруға арналған.

Макрос – арнайы макрокомандаларды теруден тұрады.

Модуль – Access Basic –те немесе VBA жазылған программа.

31.Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері

Файлды тасымалдау хаттамасы (FTP)

Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін ftp атаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады (file Transler Protocol – файлды тасымалдау хаттамасы).

Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.

FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Exploler терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы, ftp://ftp.relcom.ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.

FTP серверімен сеанс кезінде бірнеше бет құжат алған болсаңыз, аспаптар панелінің Кейін және Алға түймелерін пайдаланып, құжат бойынша әрі-бері жылжуға болады. Тоқтау түймесі шертілген кезде, FTP-серверімен байланыс үзіледі.

Егерде басқа FTP-серверге ауысқыңыз келесе, ІЕ терезесінің Адрес өрісіне оның адресін енгізіп, Енгізу пернесін басу жеткілікті. Не өрістің о ң жағына орналасқан тілсызық түймесін шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдап алуға болады.

Басып шығару түймесі арқылы не Файл-Басып шығару командасын беріп, экранда көрінген бетті басып шығу қиын емес. Егер беттің қарпін өзгерту қажет болса, оны Шрифт түймесі арқылы орындау керек. Тәсіл Word редакторындағы сияқты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]