Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

2. Компьютер құрылғылары. Процессор құрылғысы

ЭЕМ архитектурасы. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларына жүйелік блок(жүйелік қорап), монитор, пернетақта, тышқан(тінтуір) жатады.

Жүйелік блок - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Жүйелік блокта қоректендіру блогы, аналық тақша, желілік тақша, дыбыстық тақша, жедел жады, CD-DVD дискжетектері, иілгіш дискке арналған дискжетек, порттар, индикаторлар, желдеткіш және т.б. құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктағы Power батырмасы компьютерді іске қосуға және өшіруге арналса, Reset батырмасы компьютерді қайтадан жүктеуге арналған.

Процессор дегеніміз көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын жүргізетін электрондық микросхема. Процессор разрядтылығы оның бір тактіде өз регистрлерінде қанша деректер битін қабылдап, өңдейтінін көрсетеді. Процессордың ең қарапайым элементар ішкі операцияларының орындалуы тактілік жиілікпен өлшенеді. Жиіліктің өлшем бірлігі – Герц.

Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.[1]

Микропроцессор бір мезгілде қатарынан 8, 16 немесе 32 биттік деректерді өңдей алады. 8 биттік процессор бір мезгілде небары бір бит дерекпен ғана жұмыс істей алады. 16 биттік процессор бір мезгілде 2 байт, ал 32 биттік процессор — 4 байт өңдейді.

Жалпы алғанда 16 биттік компьютер 8 биттік жүйеден жылдамдырақ жұмыс істейді, ал 32 биттік компьютер 8 және 16 биттік үлгілерден жылдамырақ. Микропроцессор, жады және периферия құрылғылардың арасында дерек беру үрдісі шина арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы процессорлардың көпшілігінде 32 биттік шина қолданылады, яғни бір мезетте 32 биттік дерек беруге болады. 64 биттік шиналы компьютер де болады, бірақ олар әлі кең тарай қойған жоқ.

Сопроцессор (Coprocessor) - 1) негізгі процессордың қызметтік мүмкіндігін толықтыратын микропроцессорлық элемент немесе мамандандырылған арнайы процессор. Олардың ішіндегі кең таралғандарына математикалық есептеулерді жылдам әрі дәл орындай алатын сопроцессорлар (math coprocessor) жатады. сопроцессорлардың өз программасы болмайды, ол негізгі процессор командалары жүйесі мен регистрлерін кеңітіп, сонымен бірігіп жұмыс атқарады; 2) арнайы өңдеу операцияларын (мысалы, математикалық есептеулер немесе бейнедисплейге кескін бейнелеу) орындайтын микропроцессор жұмысына қолдау жасайтын микросхема. Бұл жылжымалы нүктелі арифметикалық операцияларды орындауға арналған арифметикалық процессор. Орталық процессордан айырмашылығы — жүйені басқармайды, тек арифметикалық есептеу мен нәтижелер құрастыруды орындауға орталық процессордан команда күтеді. Көбейту және дәрежелеу сияқты арифметикалық операциялардың орындалу уақытын 80% және одан да жоғары қысқартуға мүмкіндік береді, ал қосу мен азайту операцияларының орындалу жылдамдығы өзгеріссіз қалады. Бейнесызбалық кескіндер өңдеу де тездетіледі.[1]

Монитор - компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты экранда көруге арналған құрылғы. Мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеуге арналған құрылғы дисплей деп аталады. Монитор экранының өлшем бірлігі: дюйм(1дюйм=2,54см). Дербес компьютерлердің мониторларының өлшемі 15 немесе 17 дюйм болады.

Пернетақта дегеніміз компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Стандартты пернетақтада 101 немесе 102 перне бар. Пернетақта пернелерін бірнеше топқа жіктеуге болады: әріптік-сандық, сандық, функционалдық(қызметтік), меңзерді басқару пернелері, қосымша пернелер.

Графикалық меңзермен басқарылатын енгізу құрылғысы тышқан деп аталады.

Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына принтер, сканер, плоттер, модем, графикалық планшет және т.б. құрылғылар жатады.

Принтер дегеніміз мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Принтердің түрлері: матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш, термографиктік, фотопринтер және т.б.

Сканер - қағазға жазылған ақпараттың кез-келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізетін құрылғы.

Сканердің түрлері: қолмен басқарылатын, парақтық, планшеттік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]