Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

36. Ақпараттық процесстер

Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.

Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.

Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру.

Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.

Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.

Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.

37. Turbo Pascal программалау тілі: Параметрлі қайталау операторы.

Қазіргі кезде кеңінен қолданалатын программалау жүйесінің бірі- Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылады. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А.Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай, қуатты программалау жүйесіне айналады. Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрлымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан, оқушылар мен студенттерге программалаудың қыр-сырын меңгертудің маңызы зор.

PASCAL тілінде қолданылатын негізгі белгілер:

1. Латын алфавитінің әріптері

2. Араб цифрлары 0 – 9

3. Арифметикалық амал белгілері

+ (қосу), - (айыру), ´ (көбейту), ⁄ (бөлу)

4. қатынас немесе шарт белгілері

<, >, =, <= (≤), >= (≥), <> (≠)

Көп жағдайларда аргументтердің әртүрлі мәндері үшін алгоритмнің белгілі бір бөліктерін немесе операторлар тобын бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай құрылымды алгоритмдерді ұйымдастыру үшін қайталанушы құрылымды алгоритмдер қолданылады.

Циклдiк құрылымды алгоритмдi программалауда, қайталанушы процесс бiр айнымалының мәнiне тәуелдi болса, For операторын қолданамыз. Параметрлі For операторында айнымалы тек бiр қадамға ғана өзгере отырып, циклдi басқарады. Бұл, айнымалы циклдiң параметрi делiнсе, For операторын параметрлi қайталану операторы деп атайды.

38. Turbo Pascal программалау тілі: Алдыңғы шартты қайталау операторы

Алдын-ала берілген шарт бойынща қайталау While операторы көп жағдайда қайталану саны белгісіз болған жағдайда пайдаланылады. Алдын-ала берілген шарт бойынша қайталау While операторының жалпы жағдайда жазылуы: while <өрнек> do <оператор>

Қайталанып отыратын өрнек булевтік типті болуы қажет, оның дұрыстығы әрбір итерация алдында тексеріледі.

Алдыңғы шартты циклде орындалатын оператор (бұл жағдайда құрама оператор) өрнек мәні жалған болғанша, яғни қажетті дәлдікке жеткенше қайталанады. Егер бұл өрнек әуел бастан жалған болса, онда оператор бірде-бір рет орындалмайды. Сондықтан алдыңғы шартты цикл операторын цикл денесінің түгел орындалуы алдын-ала тағайындалған жағдайда қолдануға болады.

Бұл оператор көп жағдайда қайталану саны белгісіз болған жағдайда пайдаланылады. Жалпы жағдайда жазылуы: repeat <оператор> ... until <шарт>;

Repeat және until қызметші сөздерінің аралығында орналасқан операторлар тізбегі кемінде бір рет орындалады.

Қайталау әрбір итерациядан кейін есептелетін булевтік өрнекпен бақыланып отырады. Циклдік есептеу өрнек ақиқат мән қабылдаған сәттен соң аяқталады. Цикл денесі басқа циклдік операторлар сияқты құрама оператордан емес, операторлар тізбегінен тұратынына көңіл бөлген жөн. Бұл until қызметші сөзі цикл денесінің соңын белгілейтінін түсіндіреді, ал алғышартты және параметрлі цикл операторларында цикл орындалуын аяқтау үшін құрама оператордың end операторлық жақшасы қолданылатын еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]