Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

22.Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі

Программалық жабдықтау - ол компьютерді "жандандырады".

Программалық жабдықтау жүйелік, қолданбалы және программалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады.

Операциялық жүйе - деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады, компьютер құрылғыларының бір - бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланыстарды ұйымдастырады. Сонымен қатар операциялық жүйе - әмбебап жүйе, оны әртүрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылатын қосымша құрылғыларға баптауға немесе жеке баптауға болады.

Компьютердің операциялық жүйесі төмендегі міндеттерді орындайды:

- компьютер қорларын: жадтың, процессорлардың, сыртқы құрылғыларының жұмысын басқарады:

- қолданбалы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- компьютер мен адам арасындағы қарым - қатынасты

ұйымдастырады.

Оперциялық жүйелер өте көп. Біздің қарастыратынымыз үйде және мектептерде пайдаланып жүрген компьютерлерге арналған операциялық жүйелер. Бұдан аз уақыт бұрын компьютерлер МS DOS операциялық жүйесін пайдаланған. Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйелер: Windows3.11, Windows'95, Windows'98, Windows'NT 4.0, Windows2000, Millenium, WindowsXP, OS/2, UNIX,Lunix және тағы басқалар.

Бұл жүйелердің және көптеген өте қажетті қолданбалы программалардың негізгі жасаушысы американың Microsoft фирмасы.

Компьютерде жұмыс атқаруды операциялық жүйе арқылы жұмыс атқару деп қарастыруға болады. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасында операциялық жүйе өте маңызды, түсінікті және достық қатынаста деп есептеуге болады. Адам мен компьютер арасындағы мұндай қатынасты интерфейс деп атайды. Дербес компьютерлерде интерфейстік қатынастарды командалық және терезелік деп екіге бөледі.

Командалық интерфейсте адам компьютермен операциялық жүйе командалары арқылы қатынас құра алады, олардың түрлері өте көп. Операциялық жүйенің командалық интерфейсіне операциялық жүйе MS DOS жатады.

Терезелік интерфейс - операциялық жүйеде компьютермен байланыс тек тышқанды пайдалану арқылы жүзеге асады. Компьютермен жұмыс атқару үшін графикалық бейне түрінде берілген амалдарды экранда таңдау арқылы тиімді қарым-қатынас жасауға болады. Графикалық бейнелерді, анықтамалық жүйені, интуитивтік нұсқауларды таңдау компьютермен қарым-қатынасты жеткілікті, әрі түсінікті етеді.

MS DOS жүйесіне қарағанда Windows операциялық жүйесі бір мезгілде бірнеше есептерді шешуге мүмкіндік береді.

Арнайы шарттардың: жүйелі блоктың амал орындау жылдамдығының, ішкі және сыртқы жад көлемінің артуының арқасында ғана Windows операциялық жүйесі MS DOS жүйесін алмастыра алды.

Жүйе қабықшасы - бұл негізгі программамен жұмысты оңайлататын программа (программалар комплексі). Олардың негізгі принципі "не көріп тұрмын - соны орындаймын". Мұндай программаларды қолданғанда әртүрлі командалардың синтаксисін, параметрлерін білу керек емес.

Драйверлер - бұл операциялық жүйелер мен перифириялық құрылғыларды басқаратын және олардың арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, құрылғылардан өтетін мәліметтер ағынын бақылап отыратын программалар.

Драйверлерді операциялық жүйенің бір бөлігі деп айтуға болады. Компьютерге қандай да бір жаңа құрылғыны қосу үшін, құрылғы жұмысын қамтамасыз ететін драйвер қажет.

Утилита (лат. сөзі Utilitas - пайда) - пайдаланушыға енгізу-шығару, ақпарат тасымалдауыш құрылғыларымен, қосымша жұмыстарды орындау мүмкіндігін беретін программалар. Ондай жұмыстарды операциялық жүйе командаларымен де орындауға болады, бірақ утилиттер мен пайдаланушылар арасында қосымша мәліметтер алмасып тұруға жақсы мүмкіндіктер бар.

Қолданбалы программалық жабдықтау тек мәліметтерді өңдеуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графиктік объектілер салуға, әр түрлі есептеулер жүргізуге, орындауға болады. Қолданбалы программаларды арнайы бағыттағы және әмбебап программалар деп екі топқа бөледі.

Арнайы мамандандырылған программаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын программалар жатады, мысалы, бухгалтерлік программалар, жобалаушылар қолданатын, дәрігерлер пайдаланатын және т.б. программалар.

әмбебап программаларға мәтіндік, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, электронды байланыс программалары және басқа да жиі пайдаланылатын программалар жатады. Бірнеше қолданбалы программаларды біріктіретін программалар да бар, оларды интегралданған программалар пакеті деп атайды. Оған мысал ретінде мәтіндік редакторларды, элетрондық кестелерді, деректер базасын басқару программаларын алуға болады.

Жүйелік программалардың жабдықтарына драйверлер де енеді. Бұл программалар компьютерге қосылған құрылғылармен бірге беріледі. Ол программаларда құрылғы жөніндегі барлық мәліметтер бар. Операциялық жүйе қосымша құрылғылар мен драйверлер арқылы қатынасады. Мысалы, операциялық жүйе қандай да бір деректерді оқуға команда береді. Ал драйвер қатты дискіге моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі орнына орналастыруға және одан оқуға команда береді. Операциялық жүйенің драйвер арқылы атқаратын міндеті жанай қосылатын құрылғыларды ауыстырады және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.

Программалар жүйесіне программалау тілдері және арнайы программалар да енеді, олар арқылы құрылған программалар компьютер жадына ендіріледі, қателері түзетіледі, тестіленеді және орындалады.

Жүйелік программаларды көбінесе программа құрушылар (программистер) пайдаланады.

Программалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Кобол, Пролог, Ассемблер, ПЛ-1 және тағы сол сияқтылар. Алгоритмдік тілдерде құрылған программалар арнайы жасалған жүйелік программалардың көмегімен жөнделеді, тексеріледі, машина тіліне көшіріледі де, орындауға болатын даяр программалар түріне енеді. Ондай жүйелік программаларды компиляторлар, интерпретаторлар немесе трансляторлар деп атайды.

Логикалық программалау енгізілетін мәліметтер мен логикалық шығару ережелері арасындағы жұмыстарды орындауға құрылған деклоративті түрге жатады. Ондай тілдерге Пролог программасы жатады.

Құрылымдық программалау принципі есепті бөліктерге бөліп, оларды жалпы құрылымға біріктіру болып табылады. Құрылымдық программалаудың типтік әдісі болып:

- проектілеу, кодтау және программаларды тестілеу;

- модульдік программалау;

- құрылымдық программалар табылады.

Объектілі-бағдарланған программалау мынаған негізделген:

- объектілер класын белгілеуге;

- объектілер қасиеті мен оларды өңдеу әдістерін орнату;

- объектілер қасиеті мен оларды өңдеу әдістеріне негізделген иерархиялық класс құру.

23. Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда, компьютерлік желі деп байланыс арналарының көмегімен ақпараттарды үлестіріп өңдеу талаптарын қанағаттандыратын, бірыңғай жүйеге біріктірілген компьютерлер мен терминалдардың жиынтығын айтады. Желілер құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер қорымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

24. MS Excel дің логикалық функциялары

Қандай да боласын бәр шартка тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шартты көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының `=`, `<`,`>`, `< >`, белгілері пайд-ды.

Если- фун-сы, фун-я аргументіндегі лог-лық өрнек (лог выражение) ақиқат мәнге йе болғанда, аргументтегі бірінші мәнді(значение-если-истина), ал қарсы жағдайда екінші мәнді(значение-если-ложь) береді.

Лог-выражение-бұл есепті шығарғанда Истина н/е Ложь мәндерін беретін кез келген мән н/е өрнек.

Истина- бұл мән. Егер шарт истина мәнін қабылдаса, онда сол мән шығады.

Ложь-бұл мән егер шарт ложь мәнін қабылдаса онда сол мәнді шыгарады.

И, Или фун-ры курделі шарттарды жазу үшін қолданылады.

И- Ақиқат мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше Ақиқат болса, ал қалған жағдайдың бәрінде жалған болады.

Или- Ақиқат мән қабылдайды егер ен болмағанда бір аргумент Ақиқат болса, ал қалған жағдайдың бәрінде жалған болады.

25. Алгоритм және программа ұғымдары

Алгоритм ұғымы математика мен есептеуіш техниканың негізгі ұғымы. Алға қойған кез-келген мәселені ЭЕМ-ның көмегімен шешу үшін ЭЕМ-ға түсінікті нұсқаулар тізбегін құру керек. Алгоритм – берілген есепті шешу үшін орындаушыға берілетін нұсқаулар тізбегі.

Алгоритмге қойылатын талаптар:

1. Анықталғандық - орындалатын нұсқаулар компьютерге “түсінікті” және осы нұсқаулардың саны шекті болуы керек;

2. Нәтижелілік – нақты бір қадамнан кейін есептің шешімі алынуы керек;

3. Жан-жақтылық – алгоритм тек бір ғана есепті шешуге емес, осыған ұқсас басқа есептерді шешуге да арналған болуы керек;

4. Тиімділік – есепті шешудің ең тиімді жолдары қарастырылуы керек.

Есептің алгоритмін құру - өте жауапты кезең. Тек тәжірибелі программист қана кішігірім есептерді шешкен кезде берілген есепті алдын-ала талдамай-ақ, компьютерлік программа құра алады. Әдетте ондай есептер сирек кездеседі. Сондықтан, алдымен, есептің алгоритмі құрылады да, соған сәйкес программа жазылады.

Алгоритмдер мынадай топтарға бөлінеді:

1. сызықтық құрылымды алгоритмдер

2. тармақталушы құрылымды алгоритмдер

3. қайталанушы алгоритмдер

Программа – алгоритмнің арнайы машиналық тілде жазылуы. Программаның негізгі сипаттамасы: алынған нәтиженің дұрыстығы, орындалу уақыты, жадыда алатын орны немесе көлемі. Кез-келген программанығ басты қызметі қызметі – берілгендерді өңдеу. Прграмманың орындалу барысында алғашқы берілгендер өңделіп, нәтижеге айналады.

26.Сілтеуіш программасы

Сілтеуіш - Windows ортасының жүйеге қызмет ету программасы немесе жүйелік бумасы. Ол дискілердегі (магниттік, лазерлік) файл жүйесінің бұтақ тәріздес құрылымын аралап көріп, ондағы мәліметтермен жұмыс істеуді және компьютер құрылғыларын тағайындау, орнату істерін жүзеге асырады. Сілтеуіш программасының Менің компъютерім программасы тәріздес өзіндік терезесі бар, ол арқылы дискілер мазмұнын көру, ішкі бумаларды ашу, файлдарды (бумаларды) көшіру, жою, жылжыту, олардың атын өзгерту және т.б. әрекеттер орындалады. Бұл программа Менің компъютерім программасы тәріздес жұмыс үстеліндегі белгіше арқылы емес, бас менюдегі іске қосу (Пуск) батырмасы арқылы жүктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]