Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

40. Microsoft Access - мәліметтер қорын басқару жүйесі.

Microsoft Access мәлiметтер қорын басқару жүйесi қарапайым екі өлшемді кесте –реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құру, мәліметтерді өңдеу, қандайда бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әр түрлі формалардың есеп беруін (отчет) құруды жүзеге асырады. Мәлiметтер қорын жасамас бұрын қатты дискiде каталог құрып, жасалынатын мәлiметтер қорының файлын сақтаймыз. Microsoft Access өңдеу объектiсi мәлiметтер қоры файлы болады, оның кез-келген аты және МДВ кеңейтiлуi бар. Бұл файлға Microsoft Access–тiң негiзгi объектiлерi: кесте, форма, сұрау, есеп беру, макрос, модул кiредi.

41.Turbo Pascal программалау тілі: Сызықтық құрылымды алгоритмдерді программалау.

Сызықтық құрылымды алгоритм дегеніміз барлық операторлары көрсетілген ретпен орындалатын алгоритм.

Амалдардың орындалуының осындай реті табиғи рет деп аталады. Сызықтық құрылымды алгоритмде ешқандай шарт болмайды және ондағы операторлар жазылу тізбегімен орындалады. Сызықтық құрылымды программаларды жазу үшін ақпараттарды енгізу, меншіктеу және есептеу нәтижесін шығару операторлары қажет.

Тәжірибеде келтірілген берілгендер немесе аралық нәтижелердің мәндеріне байланысты кейбір операторлары орындалатын, ал қалған операторлары орындалмайтын алгоритмдер кездеседі. Мұндай алгоритмдерді тармақталушы құрылымды алгоритмдер деп атайды. Басқаша айтқанда, алгоритмдік тілде қойылған шартқа байланысты екi немесе екiден де көп тармақтары бар алгоритмді тармақтақталушы құрылымды алгоритм деп атайды.

43. Turbo Pascal программалау тілі: Таңдау, шартты көшу және шартсыз көшу операторлары.

Таңдау операторы әрқайсысы селектор типті тұрақтылар түрінде берілген ерекше белгілерден тұратын операторлар тізімінен және өрнектен (селектор) тұрады. Селектор типі скалярлық болуы тиіс, бірақ нақты бола алмайды.

Таңдау операторы (нұсқа операторы) белгі селектордың ағымдық мәніне тең операторды орындау үшін таңдайды. Егер тізімде ондай белгі болмаса, онда else сөзінен кейін жазылған оператор орындалады, ал егер else тобы болмаса, онда тізімдегі бірде-бір оператор орындалмайды, және программаның орындалу кезегі таңдау операторынан кейін тұрған келесі операторға ауысады. Таңдалынған оператор орындалуы аяқталған соң программаның орындалу кезегі нұсқа операторының соңына ауысады.

Таңдау операторының жазылуы:

case өрнек of

1-белгі: 1-оператор;

2-белгі: 2-оператор;

……………………

n-белгі: n-оператор

else (n+1)-оператор;

end;

Шартты көшу операторы жағдайында таңдалынған оператор тек қайсыбір шарт ақиқат болса ғана орындалады. Егер шарт жалған болса, else сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Оператордың толық жазылуы:

if <шарт> then <1-оператор> else <2-оператор>

Шартсыз көшу операторы операторлардың орындау тәртібін өзгерту үшін пайдаланады. Бүл оператор бойынша, бүтін сан болып келетін әрбір белгі программа мәтінінде, белгі қолданылған бөлімде, алдын–ала хабарлануы, яғни енгізілуі қажет. Паскаль тілінде олар белгілерді сипаттау бөлімінде үтір арқылы көрсетіледі label 1,2,3.

Белгі - 1-ден 9999-ға дейінгі натурал сан. Ол белгілерді сипаттау бөлімінде сипатталуы қажет.

Шартсыз көшу операторының жалпы жазылуы:

GOTO белгi;

Бұл оператор бойынша, программаның орындалу реті бұзылып, басқару белгі көрсетілген операторға көшеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]