Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

17. Ақпараттың өлшем бірліктері

Компьютер есептеу жұмыстарын есептеу мақсатында құрылғанымен онда ақпараттың түрлерін өңдеуге болатыны анықталды. Кез – келген ақпаратты сандық түрде беруге болады. Әр түрлі ақпаратты компьютерде өңдеу үшін ақпаратты сандық түрге айналдыратын және сандық түрден кері түрге айналдыратын құрылғы керек.

Сонымен компьютер сандық түрде ғана берілген ақпаратты ғана өңдей алады. Кез келген ақпаратты компьютерде өңдеу үшін сандық түрге келтіруі керек. Текстік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін әрбір әріп қандай да бір санмен кодталады. Экранға немесе принтерге шығарылғанда адамның қабылдауы үшін кодталған сандарға сәйкес әріптер шығарады. Берілген сандар мен әріптер арасындағы сәйкестік символдарды кодтау деп аталады.

Компьютер үшін пайдаланатын код 0 мен 1 цифрларынан тұратын тізбек. 0 мен 1 екілік санау жүйесінің цифрлары. Сандарды компьютерге енгізу және шығару өзімізге үйреншікті ондық санау жүйесінде орындалады. Қажетті басқа өңдеулердің барлығын компьютердегі программа орындайды. Есептеу техникасында ақпараттың өлшем бірлігі ретінде бит және байт алынған. Бір байтта бір символды кодтауға болады. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлшемдері де пайдаланылады.

1 байт = 8 бит

1 Кбайт = 1024 байт

1 Мбайт = 1024 Кбайт

1 Гбайт = 1024 Мбайт

1 Тбайт = 1024 Гбайт

18. Желілік техникалық құралдар

Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады :

Ақпараттық құралдар:

-кабельдер;

-серверлер;

-желілік интерфейс тақшалар(NIC,Network Neterface Card);

-концентраторлар;

-айиақтық тармақталңан желілер үшін бағдарлауыштар(маршуртизаторлар);

-аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;

-аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер;

Серверлер. Клиент\ сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютерлер болып табылады. Бұған қоса серверлерде желілік операциялық жүйе (NOS,Network Operating System) орнатылып, ол шеткері құрылғылард(принтерлер тәрізді) да басқара алады.

Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Nerwork Operatibg System)үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас жүру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.

Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор\демулятор» сөздерінің шыққан түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрленеді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]