Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

27.Компьютер құрылғылары. Пернетақта және тышқан

Пернетақта (Клавиатура; keyboard) — 1) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады. Олар перненің жұмыс режімдері туралы хабар беріп отырады. Пернетақтада мыналар бар: а) жазба машиналарының стандартты цифлары бар пернелер, латын және орыс әріптері мен тыныс белгілері; ә) кішкене цифрлық пернетақта; б) редакциялайтын пернелер; в) меңзерді басқару пернесі; г) қызметтік пернелер; ғ) арнаулы пернелер. Әріптік-цифрлық пернелер негізінде операциялық жүйелердің командалары мен мәтіндерін енгізу үшін пайдаланылады. Кіші цифрлық пернетақталар негізгі пернетақталардағы цифрларды қайталайды және ол сандық мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы. Редакциялайтын пернелер мен меңзерді басқару пернелері экранға шыққан ақпараттармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Қызметтік пернелер есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін немесе жеке программаларды басқаруға арналған. Арнаулы пернелер компьютерлерді басқару және пернетақта режімдерін орындау үшін қажет; 2) түрлі операцияларды басқару және мәліметтерді енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын белгілі бір тәртіппен орналасқан пернелер жиынтығы. Компьютердің пернетақтасы — үлгіқалыпты қосқыш орны бар және жүйелік тақшамен байланысқан тізбекті интерфейсі бар біркелкіленген құрылғы. Оларда 83 (84), 101 (102), 104 (105) немесе 122 перне болады.

Тышқан (ағылш. mouse — тышқан) — бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.

Тінтуір – өзін тегіс бетке қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын монипулятор. Тінтуір компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, бекі үш батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап <Mouse> - <Тышқан> деп атағанымен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті. Тінтуірді үстел бетіне немесе басқада жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тітнуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады.

Тышқанның бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады.

Тышқанды қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тышқан батырмаларының бірін басып, тышқан нұқымын жасауы керек.

28. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер

Интернетпен жұмыс істейтін арнайы серверлерге ғылыми–техникалық жаңалықтар, бизнестік мәліметтер, файлдар (программалар, архивтер, анықтамалық құжаттар) енгізіліп қойылады. Серверлерге күнделікті жаңа мәліметтер де қосылып тұрады.

Интернет серверлері әртүрлі типті, яғни бір программалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп, оқуы үшін олар интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол жүйелік хаттама (протокол) деп аталатын TCP/IP (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol Тасымалдауды басқару протоколы) атаулы жіберу тілі(программасы). Яғни, TCP/IP - Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттамалар дегеніміз деректерді толық және қатесіз беруге келіскен және бекітілген ережелер.

IP дегеніміз желілік деңгейінің хаттамасы, ол ақпараттың қайда берілгенін анықтайды. TCP хаттамасы ақпараттың беруін басқаратын, мәліметтерді жөнелту ісін атқаратын транспорттық деңгей хаттамасы.

Хаттаманың қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған мәліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру және қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізу. Әрбір қызметші сервердің IP – адрес деп аталатын тұрақты адресі бар.

Интернет тек дүниежүзілік желі емес, оның жұмысы – ақпараттық кеңістікке түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет ақпарат алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны 1990 жылдардан бастап шыға бастаған. “Дүние жүзілік өрмек” - World Wide Web (WWW). Көбінесе оны қысқа түрде Web (Веб) деп атайды.

Веб–тің негізгі қызметі - қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер, Веб–беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы - оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML атаулы арнайы тіл пайдаланылады (Hyper Text Markup Language – гипермәтіндік белгілеу тілі). Яғни веб – беттер серверде ерекше HTML форматында сақталады.

Web-бет дегеніміз желідегі барлық ақпаратты сақтайтын құжат. Web-бет кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Мысалы, жоғарғы оқу орны үшін мынадай Web-беттерді дайындалуы мүмкін: Факультет атаулары, мамандықтар; Кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер; Әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.

Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеуі мүмкін. Экранда көрінген Web-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Web-бетті экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.

Интернеттің глобальды жүйесі 40-мыңнан аса әр түрлі локальды жүйелердің қосындысын құрайды. Әрбір локальды жүйе түйін немесе сайт деп, ал сайттың жұмысын қамтамасыз ететін заңды тұлға – провайдер. Сайт әдетте бірнеше компьютер – серверден тұрады. Олардың әрқайсысы ақпараттың анықталған түрін сақтауға арналған. Ақпаратты іздеу жүйесінің потенциалы (ИПС) (АІЖ) бүгінгі күнде жақсы дамыған. Қарапайым ортада кілттік сөз арқылы құжаттың арасынан ғана емес желілік адрес URL, серверлер атының арасынан, каталог және соңғы ақпараттық файлдар арасынан іздеуге мүмкіндік алуға болады.

World Wide Web жүйесін аралап көруді жүзеге асыратын арнайы программалық жабдықтамалар - web–броузерлер болады. Бүгінгі күнге дейін ең кең таралған браузерге Microsoft компаниясының Internet Explorer программасы жатады, ол Windows нұсқаларының кез келгенінің құрамында бар.

Web-беттерді көруге арналған программа броузер деп аталады. Браузер дегеніміз WWW қызметінің ресурстарын шолу бағдарламасы.

Броузермен жұмыс істеу өте қарапайым боп келеді, оның адрестік өрісіне web сайт немесе басты парақ адресін енгізіп, Enter пернесін басу жолымен Интернет арқылы сол адрестегі Web-бет мәліметі алынып, экранда бейнеленеді. Интернетке қосылу жылдамдығы мен web–сервермен байланысу сапасына және де парақ мәліметі көлеміне байланысты экранға керекті мәлімет бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады. Web парақтың кеңейтілуі: .htm.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]