Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

14. Мәліметтер қорын басқару жүйесі

Access программасы - мәліметтер қорын басқару жүйесінің танымал программаларының бірі. MS Access файлының кеңейпесі: .mdb. Басқа жүйелерге қарағанда, Microsoft Access пайдалануға жеңіл және ыңғайлы. Ол пайдаланушыға келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- Мәліметтер қорын құру және оған мәліметтер енгізу;

- Кестенің құрамын қарап шығу және оны редактрлеу;

- Кестелер арасында байланыс орнату;

- Мәліметтердің тұтастығын және құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету;

- Мәліметтерге әртүрлі сұраныстар жасау;

- Ақпаратты қалып және есеп түрінде көрсету;

- Қалыпқа және есепке суреттер және графиктер қою;

- Мәліметтерді импорттау және экспорттау;

- Интернеттің Web беттерінде мәліметтер қорын қолдану.

15. Ақпараттың қасиеттері

Ақпараттың негізгі қасиеттеріне тоқталайық.

Ақпараттың толықтығы - шешім қабылдауға қажетті ақпарат мөлшерін анықтайтын сипаттама. Ақпараттың толық болмауы көптеген қателіктерге жол береді, қосымша әдістерді қолдануды қажет етеді. Ақпарат көп мөлшерде берілсе, қосымша сұрыптау арқылы қажетті ақпаратты бөліп алу керек.

Ақпараттың ақиқаттығы қабылданған ақпараттың нақты жағдайға сәйкестігін анықтайды. Тiркелген кез-келген сигналға әрқашан әртүрлі дәрежедегі бөтен сигналдар (ақпараттық шуыл) қосылып кетедi. Ақпараттық шуыл дәрежесi жоғарыласа, ақпараттың шындыққа сәйкестiгi төмендейдi.

Ақпараттың құндылығы - оның адамның көздеген қызметінің алуан түрлі саласында пайдалануға жарамдылық қасиеті.

Ақпарат тұтастығы - ЭЕМ құралдарының кездейсоқ немесе әдей бұзылуы кезінде ақпараттың өзгермеуін қамтамасыз ету қабілеті.

Ақпараттың адекваттығы дегеніміз ақпараттың негізінде құрылған бейненің нақты объектінің, құбылыстың объективтi қалып-күйiне сәйкестік дәрежесі. Адекватты емес ақпарат толық емес немесе шындыққа сәйкес емес деректердi немесе әдiстердi пайдалану негiзiнде пайда болады.

Ақпараттың өзектілігі оның уақыт ағымына сәйкестігін анықтайды. Шындыққа сәйкес, адекватты, бірақ ескірген және керексіз ақпарат өзекті (актуальды) емес ақпаратқа айналады.

Ақпараттың түсініктілігі. Ақпарат пайдаланушыға түсінікті тілде жазылуы керек. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлейтін орта үшін қытай тіліндегі ақпаратты түсіну қиын.

16. Файл ұғымы және файл түрлері

Файл (ағылш. File) — дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

Файл компьютердің бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік береді. Мәтін жазылған немесе суреті бар кез келген қағаз құжат сияқты, файл дерек жинағы болып табылады, ондағы деректі бөліп алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға я болмаса басып шығарғыш немесе электрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғысына жіберуге болады. Файлдардың ішіндебағдарлама, бағдарламада қолданылатын деректер немесе пайдаланушы жасаған құжат болуы мүмкін.

Файл түрі (ағылш. File type) файл сипаттамасының белгісі. Файл түрі осы файлды ашу үшін пайдаланылатын бағдарламаны, мысалы, Microsoft Word бағдарламасын айқындайды. Файл түрлері файл атауының кеңейтімімен сәйкес келеді. Мысалы, .txtнемесе .log деген кеңейтімі бар файлдардың түрі «мәтіндік құжат» болады да, оларды кез келген мәтін өңдегішті пайдалану арқылы ашуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]