Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

44. Компьютерлік вирустардан қорғану шаралары. Антивирустық программалар.

Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.

Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.

Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.

Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер.

Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер Ішкі модемдер деп аталады

Стример – қатқыл дискідегі мәліметтерді резервте сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон. Ол көлемі үлкен мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Стример ішк және сыртқы болып бөлінеді. Стримердің дискілерден айырмашылығы: оған мәліметтер тізбектей жазылады.

45. Клиент-сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі,мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға – клиенттерге пайдалануға бере алады.Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.

Бір деңгейдегі желілерде айырықша бөлінген сервер болмайды,мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер,әрі клиент болып қызмет атқара береді.Мұның ерекшелігі — әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.

Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады.Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы,олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.

Егер компьютерлер саны аз болып,олардың негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда,ең тиімді шешім – оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады.Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істей береді.

Мәліметтердің компьютерлерге тарылып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады.Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.

Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі – олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі.Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп,жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент,әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.

Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған – оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса,қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады.Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар,олар:желілік сервер,файлдық сервер,баспа сервер,пошталық сервер т.б.

Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады.Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады.Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс.Мына желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.

Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау,басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан.Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді.Сервер ол файлдардың мәтінінен,немесе графикалық бейнелерден,немесе электрондық кестеден тұратын білуге тиісті емес.Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады.Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі.Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да,керекті өзгерістерді жасап,нәтижесін қайтадан серверге қайтарады.Мұндай желі жұмысы – көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны біріге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады.Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін.

Баспа сервері желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы басқа желі құрылығыларынан тәуелсіз,күйде өзі жеке жұмыс жасайды.Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып,олардың мәліметтерін басып шығарады.Баспа сервері ретінде қуатты,жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады.

Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда,пошталық серверлер пайдаланылады.Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады.Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін Web-серверлер пайдаланылуы мүмкін.

46. Turbo Pascal программалау тілі: Кейінгі шартты қайталау операторы. Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық  құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады.   Цикл деп  программадағы қайталанатын  әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар:  арифметикалық цикл – FOR,  шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE , шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT операторлары.

            WHILE  операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады)  түйінді сөздері қолданылып аударылады.

            Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер True  (ақиқат) болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше   False  (жалған) болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.

            Егер, ең басында өрнектің мәні False (жалған) болса,  онда цикл бір ретте орындалмайды.

Мысалы:  y = 3x+1, мұндағы  х, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0,5 тең.

Program eseptey;

       Var x, y : real ;

Begin X:=-1;

While x<=2 Do

Begin Y:=3*x+1

Writeln (‘ x=’,x , ‘ ‘ , ‘y=’ , y) ;

            X: = x+0.5;

End;

End.

47.MS Excel дің математикалық функциялары

Кесте құжаттың мәтіннің кез-келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте→Кестені кірістіру (Таблица→Всавить таблицу) командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістірубатырмасын басу керек.

Кестені даярлаудың ең бір қарапайым жолы Кестені кірістіру батырмасын пайдалану. Мұнда бағаналар екі мәтін жолының толық ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден тағайындалады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгерте аласыз. Сонымен, алғаш рет кестені даярлау үшін төмендегі әрекеттер орындалады:

-Даярланатын кестенің сол жақ жоғарғы шетіне курсорды алып бару.

-тышқан тетігімен аспаптар тақтасындағы Кестені енгізу батырмасын басып, экранға шыққан кішкене кесте көрінісіндегі керекті торлар ұяларын тышқанмен белгілей отырып, оның батырмасын жібермей ұстап тұру керек.

-тышқан курсорын кестенің қажетті мөлшеріне дәл келетін оң жақ төменгі торына жылжытып апарыңыз. Егер курсорды оңға немесе төменге жылжытатын болсаңыз, ондаторлар саны да соған байланысты өсіп отырады.

-Керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жібереміз. Мәтіннің курсормен көрсетілген жерінде қажетті өлшемдегі кесте пайда болады.

48. Компьютердің қосымша құрылғылары Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына принтер, сканер, плоттер, модем, графикалық планшет және т.б. құрылғылар жатады. Принтер дегеніміз мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Принтердің түрлері: матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш, термографиктік, фотопринтер және т.б. Матрицалық принтер дегеніміз барлық бейнелерді нүктелерден тұрғызатын шертпелі принтер. Матрицалық (шертпелі) принтер бояғыш лента арқылы қағазды шерте отырып, символдарды немесе суреттерді басып шығарады. Инелер бір немесе екі қатарда орналасқан. Матрицалық принтерлер кез-келген символды матрица түрінде ұсынады. Сия бүріккіш принтер мәліметтерді қағазға басып шығару үшін тар түтікше арқылы сияны бүрку тетігін пайдаланады. Сия бүріккіш принтерде бір немесе екі картридж қолданылады. Екінші картридж түрлі-түсті сияға арналған. Принтерлерде екі түрлі сия қолданылады: суда ерігіш және пигменттік. Сия бүріккіш принтерлер матрицалық принтерлермен салыстырғанда сапалы әрі шуылсыз. Лазерлік принтер мәліметтерді қағазға басып шығаруды лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асырады. Лазерлік принтерлерде қолданылатын құрғақ ұнтақ тәрізді бояу тонер деп аталады. Термографиктік принтерлер - жылу арқылы жұмыс істейтін бастиегі бар, арнайы жылу сезгіш қағазға мәліметтер шығаратын, температуралық әрекеттестік принципінде жұмыс жасайтын басу құрылғысы. Графикалық принтер – принтер мен плоттердің біріктірілген түрі. Графикалық принтер механизмі горизонталь бағытта қозғалатын жазу элементінен және қағазды вертикаль бағытта жылжыту құрылғыларынан тұрады. Барлық жылжу амалдары компьютердің басқаруымен орындалады. Принтерлерді Hewlett Packard, Epson, Canon, Lexmark, Citizen және т.б. фирмалар жасап шығарады.

Сканер - қағазға жазылған ақпараттың кез-келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізетін құрылғы. Сканердің түрлері: қолмен басқарылатын, парақтық, планшеттік. Қолмен басқарылатын сканерді ұстап, оны парақтың үстімен жүргізіп өтеді. Оның кемшілігі: сканерді парақтың үстімен біркелкі жүргізіп өту керек. Парақтық сканер тек бір ғана парақты сканерлеуге арналған. Кітапты парақтық сканермен сканерлеу үшін оның әрбір парағын жеке-жеке сөгіп алып, сканерлейді. Планшеттік сканердің қызметі ксерокстік аппараттардың қызметіне ұқсас. Парақты немесе кітапты шынының үстіне қойып, сканер қақпағын жауып, сканерлейді. Планшеттік сканерлер өте ыңғайлы. Сканерленген парақ мәтінін айырып тану үшін арнайы программалар Fine Reader немесе Cunei Form қолданылады.

Плоттер (графиксалғыш) – графиктерді, күрделі графикалық кескіндерді, сызбаларды, суреттерді, карталарды түрлендіріп, қағазға сызып беретін график салу құрылғысы. Ол мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға шығарады.

Модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасу құрылғысы. Модемнің түрлері: ішкі модем және сыртқы модем. Ішкі модем аналық тақшада орналасады. Ішкі модемнің телефон желісімен қосатын сыртқы қосқыш тарақшасы болады. Сыртқы модем - компьютер қорабынан тысқары, бөлек блок түріндегі модем. Ол компьютердің тізбекті портына, телефон желісіне, телефонның өзіне және ток көзіне жалғануы тиіс. Флэш-жады - BIOS-ты сақтауға арналған, тұрақты сақтауыш құрылғыны алмастыратын энергия көзінен тәуелсіз жады. Мәліметтерді жазу USB-кабельдердің көмегімен жүзеге асады. Флэш-жады арнайы драйверді қажет етпейтін кішкентай, жылдам, сенімді және әмбебап құрылғы. Ең алғашқы флэш-жадылардың көлемі 128, 256, 512 Мбайт болатын, қазір 1, 2, 4, 8, 16 Гбайт флэш-жадылар кеңінен қолданылуда.

49. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері

1-ереже. Ондық санақ жүйесінде берілген бүтін санды екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды санақ жүйесінің негізіне, яғни 2-ге (8-ге немесе 16-ға) бөледі. Бөлуді негізден кіші сан шыққанға дейін жалғастырады. Алынған нәтижені соңынан бастап жазады.

2-ереже. Екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесінде берілген бүтін санды ондық санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санның цифрларын санақ жүйесі негізінің, яғни 2-нің (8-дің немесе 16-ның) дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосады.

3-ереже. Ондық санақ жүйесінде берілген бөлшек санды екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды санақ жүйесінің негізіне, яғни 2-ге (8-ге немесе 16-ға) көбейтеді. Көбейту нәтижесінде алынған бүтін сан үтірден кейінгі санды береді. Көбейту бөлшек бөлік нөлге айналғанға дейін жалғасады.

4-ереже. Екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесінде берілген бөлшек санды ондық санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санның цифрларын санақ жүйесі негізінің, яғни 2-нің (8-дің немесе 16-ның) теріс дәрежелеріне көбейтіп қосады.

50. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары:

Терезе - Windows жүйесіедегі ең негізгі ұғым болып саналады. Экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы,онда әртүрлі программалар орындалады,кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.

Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан,ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әртүрлі информация болады:орындалатын программа,өңделуге арналған мәліметтер,басқа кішігірім терезелер және т.б.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады. Информация көп болса терезеге сыймай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

толық экранды терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады.

Белгіше (пиктограмма) түрінде,яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.

Жұмыс столы-қазіргі барлық операциялық жүйелер(Windows, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS,SUN компьютерлеріндегі OS,т.б) интерфейсінің элементі болып табылады.

Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады.

Белгіше(Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файылды т.б бейнелеп тұруй мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді. Ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынандай белгішелер кездеседі:

қосымша қолданбалы программалар белгішесі;

белгілі бір топтар белгішесі;

функциялар белгішесі.

Жарлық(shortcut)- бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы,жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады,тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға,файлды жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі обьектілердің өздері (файлдар,каталогтар және т.б)өз орындарында еш өзгерусіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы,егер жұмыс столында файлдың(каталогтың) өзі орналастырылған болса,онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып, оны арнан өшірсе онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да,бастапқы файлдар ешбір қалаусыз қалады.

Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98 ) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылды. Мұның мағынасы мынада:каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданатын контейнер болып табылады. Бума -каталог, дирокторий ұғымының баламасы.Каталог – файлдарға арналған контейнер,программалық топ -жеке программаларға арналған контейнер,т.с.с

«Тышқан» Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады. Бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді.

Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы,кейде оң жақтағы батырмасы пайдаланылды.

Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция-экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы болып табылады.

Келесі операция -шерту(Click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін орындалады.

Күрделі операция тышқанның сол жақ батырмасын. Жылдам екі рет шерту.(Double-click) Келесі операция -тасымалдау (Drag & Drop). Ол терезелермен шертпелердің орнын ауыстырады,яғни басқа орынға тпсымалдайды,терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады.

Мәлімет алмастыру буфері

Өзінің жұмысістеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар мәліметтер алмасуға арналған комьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipboard) ретінде пайдаланады. Буфер (дәнекер жады) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады.

51 Microsoft Excel электрондық кестесі. Электрондық кесте дегеніміз жолдар мен бағаналардан тұратын кесте түрінде реттелген ақпаратты өңдеу программалары. Электрондық кесте функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізеді, түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттейді, тиімділеу мәселелерін шешеді, белгілі бір шартты қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алады, графиктер мен диаграммаларды тұрғызады, мәліметтерді статистикалық талдайды. Місrosoft фирмасының Ехсеl программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Ехсеl жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кез-келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың және өңдеудің арнайы моделі. Ехсеl программасы кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген ақпараттар негізінде әртүрлі диаграммалар құруға, мәліметтер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндіктер береді. 52. Жергілікті және аймақтық – таратылған желілер. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлермен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.Жергілікті желілер деп.-дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері ролін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді штекері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес комп’ютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп. аталады. Аймақтық – таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстар өте қашықта орналасқан бір компанія компьютерлері арасында атқра алады. Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Кез – келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама, интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі. Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды. Желілік техникалық құралдар- компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамассыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны. Желілік программалық құралдар – компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамссыз етеді. Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары. Протоколдар –желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатнас жасау ережелері. Функциональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модуль дер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады. 53. Желілік программалық кұралдар Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар: - желілік операциялық жүйеден, - желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.

Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) - желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows NT, UNIX, Масіntоsh немесе ОS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

Желілік операциялық жұйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жонелтіліп және олар басқа компьютерлерден езгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі белігі серверде орналасады да, қалған боліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.

Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бүған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу релін атқарып, каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows Server, Novell Netware, Ваnуаn VINES тәрізділер жатады.

54. Unix операциялық жүйесі – компьютер желілерінде кеңінен қолданылатын қуатты әрі көпміндетті ОЖ. Оның жұмыс істеуге ыңғайлы графикалық интерфейсі бар. Негізгі мақсаты: серверді басқару. Аталған ОЖ-ні орнату үшін процессор мүмкіндігі 300 МГц жоғары, жедел жады 128 Мбайт жоғары болуы қажет.

Linux сөзінің мағынасы ядро деген сөзді білдіреді. Оның ерекшеліктері: тегін таратылады және ашық код принципімен жұмыс жасайды. ОЖ-сінің дамуына бірқатар тәуеліз программистер өз үлестерін қосқан. Сондықтан, бүгінгі – ең жаңа, орнықты және тез дамушы ОЖ. Linux әртүрлі ажыратылған терминалдар хостымен жұмыс жасайтын қолданушыларға барлық жүйелік ресурстарды бере алады. ОЖ-сінің жүйелік жадысы 4 Кбайт көлемді бет түрінде ұйымдастырылған.

55. Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]