Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

34. Файлдық менеджерлер.

Файлдық Менеджер – дискідегі файлдармен каталогтарды басқаруға арналған программалық жасақтама. Ол операциялық жүйе жұмысын жеңілдету үшін құралған. Файлдармен каталогтар жұмыс жасауы Windows95 операциялық жүйеде сілтеуіш көмегімен жүзеге асады. Файлдық менеджер 2 тақтадан тұрады. Ең алғашқы файлдық менеджерді 1986ж. Питер Нортен негізін қалаған.Norton Commander программалық қабықшасы. Ол 2 вертикаль тақтадан тұрады. Экранның жоғарғы жағында меню қатары, төменгі жағында функционалдық пернелермен атқаратын қызмет пен анықталады. Қазір жиі қолданылатын файлдық менеджерлер: FAR, Total Commander, Frigate.

35.Дербес компьютердің негізгі құрылғылары.

Дербес компьютердің негізгі құрылғыларына жүйелік блок(жүйелік қорап), монитор, пернетақта, тышқан(тінтуір) жатады.

Жүйелік блок - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Жүйелік блок қорабын кейс (ағылшынша case) деп атайды және оны металл немесе пластмассадан жасайды. Жүйелік блок қорабының екі түрі бар: tower(тік) және desktop(жатық). Жүйелік блокта қоректендіру блогы, аналық тақша, желілік тақша, дыбыстық тақша, жедел жады, CD-DVD дискжетектері, иілгіш дискке арналған дискжетек, порттар, индикаторлар, желдеткіш және т.б. құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктағы Power батырмасы компьютерді іске қосуға және өшіруге арналса, Reset батырмасы компьютерді қайтадан жүктеуге арналған. Қоректендіру блогында желдеткіш орналасады. Ол қоректендіру блогын ғана емес, жүйелік блокта орналасқан барлық құрылғыларды салқындатады. Желдеткіштің екі түрі бар: айналу жылдамдығы тұрақты желдеткіштер және термореттеуші желдеткіштер. Үзбей қоректендіру көзі(UPS) – компьютерге қосылған және қоректендіру кернеуі болмай қалған жағдайда қолданылатын қоректендіру көзі. Оның құрамында батареялар бар. Қоректендіру көзінің ақаулары кезінде аккумуляторлық батереялар энергиясы қолданылып, белгілі бір уақыт аралығында компьютердің жұмыс жасау қабілеті сақталады Чипсет (Chipset) – ұқсас міндет атқаратын микросхемалар жиыны. Орталық процессордың шалғай құрылғылармен мәліметтер алмастыру жұмысын жасақтайтын, аналық тақшада орналасқан микросхемалар жиынтығы чипсет деп аталады.

Процессор дегеніміз көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын жүргізетін электрондық микросхема. Жартылай өткізгішті кристалл өте таза кремнийден жасалады. Оны жасауда вакуумдық бүрку, қоспаларды иондық түрде енгізу, фотолитография және т.б. жоғары сапалы технологиялар қолданылады. Процессордың түрлері: Intel 8088, 80286, 80386, 80486, Pentium, Pentium Pro, Pentium MMX, Pentium II, Pentium III, Pentium IV, Pentium D, Celeron, Intel Core Duo, AMD және т.б. Процессорлардың айырмашылығы бір тактіде өңделетін және алмасатын мәліметтердің санымен сипатталады. Процессордың тактілік жиілігі неғұрлым үлкен болса, оның жылдамдығы да үлкен. Процессорларды бірядролы және екіядролы деп бөледі. Екіядролы құрылым процессордың өнімділігін арттырады. Pentium III, Pentium IV – бірядролы, ал Pentium D, Intel Core Duo – екіядролы процессорлар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]