Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

3. Санақ жүйесі.

Сандардың аталу және жазылу тәсiлдерiн санақ жүйесi деп атаймыз. Санақ жүйесiне кiретiн сандарды санақ жүйесiнiң алфавитi деп атаймыз. Санақ жүйесiнде кез келген санды жазу үшiн қолданылатын символдардың (цифрлардың) саны осы жүйенiң негiзi деп аталынады. Мысалы, ондық жүйеде 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрлары, сегiздiк жүйеде 0,1,2,3,4,5,6,7 цифрлары, он алтылық жүйеде 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,А,В,С,D,E,F символдары, екiлiк жүйеге 0 және 1 символдары қолданылады.

Санақ жүйесi позициялық және позициялық емес болып екiге бөлiнедi. Егер, санның тұрған орнына байланысты мағынасы өзгерсе, онда мұндай жүйе позициялық санақ жүйесi деп аталады. Мысалы, өзiмiзге таныс ондық жүйеде 111 саны берiлсiн. 1 сандары тұрған орнына байланысты оңнан солға қарай бiрлiктi, ондықты, жүздiктi көрсетедi. Сонда, бiр жүз он бiр саны шығады.

Позициялы емес санақ жүйесiнде керiсiнше, сан тұрған орнына байланысты мағынасын жоғалтпайды. Оған мысал ретiнде Римдiк санақ жүйесiн алсақ жеткiлiктi. Мысалы, Римдiк санақ жүйесiнде III үш бiр саны үш санын құрап тұр.

4. Мәтіндік процессор – мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Мұнда қатені тексеру, тезаурус (синоним сөздерді) табу, сөз тіркесін іздеп табу, оны басқаға өзгерту, қиып алу, бірнеше терезедегі мәтіндермен қатар жұмыс істеу сияқты көптеген қосымша әрекеттер орындалады. Қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі - Microsoft Word. Ол құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Онда құжаттар мен кестелерді безендіруге, дайын үлгілер мен стильдерді қолдануға, қарапайым суреттер салуға болады. Мәтін – компьютердегі алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі. Әріптерден, цифрлардан, тыныс белгілері, арнайы симвлдардан және графиктік объектілерден құрастырылған, мәтінді пішімдеу (форматтау) туралы басқарушы ақпараты бар файлды мәтіндік құжат деп атайды. Информатикада мәтіннің үш түрі кеңінен қолданылады: кәдімгі, кестелік және программалық мәтін. Сонымен қатар, енгізілген объектілер деп аталатын сурет, график, электрондық кесте, фотосуреттер, гипермәтін болуы мүмкін. Ең көп тараған мәтін - кәдімгі мәтін, оған кітап, мақала, техникалық құжат, хат, бұйрық және т.б. жатады. Негізгі объектілері: бет, абзац, жол, сөз, символ. Символ (таңба) дегеніміз әріптер, сандар және арнайы символдар. Символдардан сөз, сөздер тізбегінен жол құралады. Жолдар абзац құрайды. Абзац – мәтіннің жаңа жолынан басталып, келесі Enter пернесін басқан аралықпен шектелген бөлігі. Егер мәтіндік құжат өте үлкен болса, онда ол нөмірленген беттерге бөлінеді. Кестелік мәтіннің негізгі объектілері – ұяшық, бағана, жол. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысқан жері. Программалық мәтін алгоритмдік тілде жазылған программалар. Программалық мәтіннің объектілері – символдар, жолдар. Мәтiн пернетақта арқылы енгiзiледi. Бас әрiптер Shift пернесiмен әрiптi қатар басу немесе Caps Lock пернесiн қосу арқылы жазылады. Сөздер арасындағы аралық бос орын (пробел) пернесiн басу арқылы қойылады. Тыныс белгiлерi алдына бос орын қойылмайды, ал тыныс белгiсiнен кейiн мiндеттi түрде қойылады. Егер мәтiндi терген кезде қате жiберілсе, онда қате жiберген сөздiң алдына меңзерді қойып, Delete пернесiн басамыз. Егер меңзердің оң жағында орналасқан символды алып тастау қажет болса, онда Backspace (←) пернесiн басамыз. Қазақша, орысша және латынша әрiптердi енгiзу Shift және Ctrl пернелерiн бiруақытта басу арқылы орындалады. Сандарды енгiзу сандар орналасқан пернелердi басу немесе пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақтадағы сандарды басу арқылы жүзеге асырылады. Пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақта NumLock пернесiн басу арқылы іске қосылады.

5. Компьютерде файлдарды басқаруды ұйымдастыру үшін файлдық жүйе қолданылады.

Файлдық жүйе – операциялық жүйедегі файлдарды ұйымдастырудың көпсатылы иерархиялық құрылымын құру мен ұйымдастыру жүйесі, яғни файлдармен жұмыс істеудің жалпы құрылымы.

Файлдық жүйенің негізгі атқаратын функциялары:

файлдармен жұмыс істеу функциялары, яғни оларды құру, жою, атрибуттарын өзгерту, құрылымдарын анықтау, т.с.с.;

файлдарға қатынауды басқару функциялары;

файлдарда сақталған мәліметтермен жұмыс істеу функциялары, яғни оларды оқу, жазу, көшіру, іздеу және т.с.с.

Файлдық жүйе жұмысының жалпы үлгісі: файлға сұраныс; символдық сұраныс; негізгі деңгей; пайдалану құқығын тексеру деңгейі; логикалық деңгей; физикалық деңгей; мәлімет алмасу операциясын орындау.

Жиі кездесетін файл кеңейтулері:

.com, .exe, .bat - орындалатын файлдар;

.txt, .doc – мәтіндік файлдар;

.pas, .bas, .c, .for – белгілі бір программалау тілдеріндегі программа мәтіндері, сәйкес Паскаль, Бейсик, Си, Фортран;

.xls – электрондық кестелер файлы;

.dbf – мәліметтер қоры файлы, т.с.с.

6. MS Windows –тың стандартты программалары Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларына Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, блокнот, калькулятор және т.б. программалар жиыны кіреді. Стандартты программаларды жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар командалар тізбегі орындалады

Paint графикалық редакторы – Windows жүйесінің стандартты программалар құрамына кіретін нүктелік (растрлық) графикалық редактор. Графикалық редактор – графикалық кескіндермен жұмыс істеуге, оларды түзетуге, толықтыруға мүмкіндік беретін және графикалық ақпаратты редакциялайтын программа. «Paint» сөзі ағылшыннан аударғанда «сурет салу» деген мағынаны береді. Paint графикалық редакторын жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Paint командалар тізбегі орындалады. Paint графикалық редакторында бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: негізгі және фондық. Негізгі түс деп қарындаш түсін, ал фондық түс деп фонның түсін айтады. Терезенің жоғары сол жағында сурет салу аспаптары орналасқан. Қажетті аспапты таңдау үшін аспаптың белгісіне тышқан меңзерін апарып, оны шерту қажет. Нәтижесінде қажетті аспаптың белгісі айқын түспен ерекшеленеді. Paint графикалық редакторының интерфейсі өте қарапайым, мұндағы аспаптар тақтасы суретші аспаптарының жиынына ұқсас. Paint графикалық редакторында тіктөртбұрыш, эллипс, тұйық көпбұрыш сызатын арнайы аспаптар бар. Әдетте фигуралардың іші бос болады. Бірақ, оларды белгілі бір түспен бояуға болады. Жұмыс жасау барысында Paint графикалық редакторын меңгеру жеңіл. Сондықтан, бұл программамен қазіргі уақытта төменгі сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері жұмыс жасайды. Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды редакциялауды жасақтайтын редактор. Оның мәтіндік процессорларға қарағанда мүмкіндіктері төмен. WordPad мәтіндік редакторы көлемі шағын мәтіндер мен құжаттарды ашу, өңдеу, түзету және қағазға басып шығару жұмыстарын атқарады. Бірақ, мұндағы қаріп түрлері және оларды пішімдеу мүмкіндіктері шектеулі. WordPad мәтіндік редакторында мәтінді туралаудың үш түрі бар: оң жағынан, сол жағынан және ортасынан.

Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторларға қарағанда төмен. Оның басты ерекшелігі – қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадыда аз орын алады. Ол командалық файлдарды дайындау, түзету және модем арқылы жіберетін хатты дайындау кезінде қолданылады. Блокнот тек бір ғана қаріп түрін пайдаланады.

Калькулятор – арифметикалық амалдарды орындауға арналған, қарапайым есептеулер жүргізетін Windows операциялық жүйесінің сервистік программасы. Стандартты калькуляторда жадымен жұмыс жасауға арналған төрт перне бар. Олар: MC – жадыны тазалау, MR – жадыда сақталған санды индикаторға шығару, M+ – жадыдағы санға индикатордағы санды қосу, MS – индикатордағы санды жадыға жазу.

7. Архивтеу және архиваторлар Көптеген мәліметтердің көлемі артық болады. Құжаттарды сақтағанда, тасымалдағанда олардың көлемін қысып, кішірейтуге болды. Файлдарды қысуға архиваторлар қолданылады. Сығылатын мәліметтердің нысанға байланысты бөлінуі: файлдарды қысу (электронды желілердің арналары арқылы беру немесе көлемі аз жинақтауышпен тасымалдау үшін файл өлшемін азайту), бумаларды тығыздау (мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтау ушін архивтеу), дискілерді тығыздау (жұмыс кеңістігін қолданудың тиімділігін арттыру). Ақпаратты жоғалтып қысу әдістері тек қана мазмұнының бір бөлігі жоғалғанда оның қасиеттері төмендемейтін мәліметтер типтеріне қолданылады. Бұл мультимедиа мәліметтері. Осындай қысуды қасиетті форматтары сызбалық файлдар үшін *.JPG, бейнемәліметтер үшін *.MPG, дыбыс мәліметтері үшін *.MP3. Егер де мәліметтерді қысу кезінде тек қана олардың құрамы өзгерсе, онда нәтижелік шарттаңбадан бастапқы массивті қайтадан өңдеуге болады. Мұндай типтер кез-келген мәліметтер типтерін қысуға қолданылады. Ақпаратты жоғалтпай қысу сипаттамалы форматтар: графикалық файлдар үшін *.GIF, *.TIF, *.PCX; бейнемәліметтер үшін *.AVI; кез-келген мәліметтер типтері үшін *.ZIP, *.ARJ, *.RAR, *.LHA, *.CAB. Қысудың негізгі форматтары *.ZIP, *.ARJ, *.RAR болып табылады. Архивтерді құруға және оларға қызмет жасауға негізделген бағдарламалық құралдардың функционалдық мүмкіншіліктері өте көп. Көптеген архиваторлардың орындайтын базалық функциялары: архивтерден файлдарды шығару; жаңа архивтерді жасау; файлдарды архивтерге қосу; өздігінен ашылатын архивтерді жасау; таратылған архивтерді жасау; бұзылған архивтерді қайтадан өңдеу; архивтерді қараудан және рұқсатсыз өзгертуден сақтау. Компьютерлік желілерде қарапайым жергілікті бір жүйе ішінде орындалатын шабуылдардан басқа желілік ресурстар мен ақпараттың таратылуына байланысты алыстан шабуылдар жасалады. Коммерциялық мақсатпен ауқымды желілерді пайдалану, және де құпия ақпаратты тасымалдау ақпараттың тиімді қорғау жүйесін құруды талап етеді. Ішкі желілер үшін ең мұмкін болатын қауып-қатерлерден сақтауды желіаралық экрандар көмегімен орындауға болады. Желіаралық экрандардың компоненттерінің көбісін келесі үш категорияның біреуіне жатады деп есептеуге болады: сүзетін маршрутизаторлар, желілік деңгейдегі шлюздар, қолданбалы деңгейдегі шлюздар. Ақпаратты сақтау және қорғауын қамтамсыздандыру үшін вирустарға қарсы қорларын тұрақты жаңартып тұру қажет, резервті көшіруді орындап, қауіпсіздік саясатын сауатты қолдану керек. 8. Желілік топологиялар Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың түрлері: шиналық, жұлдыз тәрізді, сақиналық. Шиналық топология – ең қарапайым, тиімді топология. Мұнда жұмыс бекеттері желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Тасымалданатын ақпарат жөнелтуші бекеттен жұмыс бекеттерінің барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс бекеті қабылдайды. Жұлдыз тәрізді топология - түйіндері орталық түйінмен байланыстырылған топология. ортақтандырылған коммутациялық түйін — желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез-келген бір жұмыс бекетінің істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді. Сақиналық топологияда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс бекеттерін аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі - кез-келген бір жұмыс бекетінің істен шығуы жалпы байланысты бұзады. 9. Операциялық жүйелер Пайдаланушы мен компьютер арасында диалог орнатуды қамтамасыз етуге әрі әртүрлі амалдарды орындауға арналған программалар жиынын жүйелік программалар деп атайды. Бұл программалар жиынының ішіндегі ең бастысы компьютердің операциялық жүйесі деп есептеледі. Операциялық жүйе (operating sistem-операциялық система) дегеніміз-компьютердің барлық мүмкіншіліктерінбасқаруға арналған программалардың, деректердің және оларды пайдаланудың нұсқауларының жиыны. Ол компьютер мен адамның (пайдаланушы,программашы,оператор) арасындағы байланыстырушы (интерфейс). Операциялық жүйесіз компьютер жұмыс істей алмайды. Операциялық жүйе үш негізгі бөлімнен тұрады: Командалық интерпретатор немесе программалау тілінен машина кодына аударушы; Драйверлер- әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар; бұл топқа «жүйелік кітапханалар» деп аталынатын программалардың жиыны да енеді; Интерфейс- пайдаланушы қарымқатынас жасайтын ыңғайлы программалық қабықша. Операциялық жүйенің программалары компьютермен мен оның құрылғыларын электр жүйесіне қосқан сәттен бастап, өшіргенге дейін басқарады. Операциялық жүйелер бір есептік және көп есептік боп 2- ге бөлінеді. Бір есептік жүйелер(DOK-Disk Operating System) бір сәтке тек бір ғана тапсырманы орындайды,ал көп есептік операциялар жүйелер(мысалы,WINDOWS 98/ME) бір мезгілде бірнеше есептерді компьютердің мүмкіншіліктері мен қуатын бөлу арқылы орындайды. Бір мезгілде орындалатын есептердің саны процессордың қуаты мен оперативтік жадының көлеміне байланысты. Операциялық жүйелер бір ғана пайдаланушы (мысалы, WINDOWS 98/ME) және көпшілік пайдалана алатындай (WINDOWS 2000/2003/XP) болады. Соңғы кездерде көп пайдаланып жүрген операциялық жүйелердің барлық дерлік графикалық интерфейске негізделген. Солардың іішінде кең тарағаны WINDOWS XP жүйесі деп есептеледі. Әрбір операциялық жүйеге сай келетін техника болуы міндетті. Мысалы, WINDOWS XP үшін компьютердің келесі көрсеткіштері болуы тиіс: Процессорға қойылатын талап, оның такт жиілігі 800 МГц-тен тқмен болмауы керек. Кейбір авторлар одан әлсіз процессормен (300 МГц) де жұмыс істеуге болады деп тұжырымдауға болады. Оперативтік жадының көлемі 192 Мбайттан кем болмауы керек; кейде 128 Мбайт болғанда да жұмыс істеуге болатынын, бірақ аса тиімді вариант 256 Мбайттан жоғары болғанда ғана операциялық жүйенің толық мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға болады деп есептейді: Қатты дискіде(винчестерде) бос орын Гбайттан кем болмауы керек,себебі WINDOWS- тың өзі 2-2.5 Гбайт орын алады. WINDOWS- көмпьютер құрылғыларымен байланыс жасау үшін арнайы программаларды пайдаланады; оларды драйверлер (drivers)деп атайды. Ағылшын тілінен аударғанда ол сөз «жүргізушілер» деген ұғымды береді. Операциялық жүйенің- жұмысын басқаруға қажетті негізгі басқару элементтнрінің жүйесінін бірі- бас меню болып табылады. Оның көмегін операциялық жүйеде орналасқан немесе тіркелген барлық программаларды жіберуге, соңғы қолданылған құжаттарды ашуға, операциялық жүйені қалыптауға, анықтама жүйесін пайдалануға болады. 10. Өріс типтері және қасиеттері Access мәліметтер қорын басқару жүйесінде төмендегідей өріс типтері қолданылады: 1)Мәтіндік. Мәтіндік тип 255-ке дейінгі альфавитті-цифрлық мәліметтерді енгізу үшін қолданылады. Көбінесе қасиеті көрсетілмеген өрістерге көп қолданылатын қасиет ретінде беріледі. Мысалы: өріс аты «тегі және қызметі» болса; 2)MEMO өрісі. Ол 65535 символға дейінгі үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған өріс. Ол ашық өріс, онда ескертулер, түсініктемелер жазылады; 3)Сандық. Нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі. Мысалы: өріс аты «дәрі-дәрмектің саны» болса; 4)Күні/уақыты. Күн және уақытты көрсетуге арналған. Мысалы: өріс аты «туылған күні» болса; 5)Қаржылық. Қаржылық шаманы жазу үшін қолданылады. Мысалы: өріс аты «құны және бағасы» болса;

6) Санауыш – жазбаларды ретпен нөмірлеуге арналған. Ол автоматты түрде толтырылып отырылатын, нақты мағына бермейтін, кесте бастамасы ретінде қолданылатын өріс;

7) Логикалық. Логикалық мән (ақиқат немесе жалған) қабылдауға арналған тип.

8) OLE объектісі - объектілер орналастыруға болатын өріс. OLE объектісіне файл қоюға болады.

9) Гиперсілтеме. Гиперсілтеме өрісі интернеттің Web объектілерінің URL адрестерін сақтайтын арнайы өріс.

11. MS Excel: жұмыс кітабы, ұяшық, ұяшықты адрестеу түрлері Microsoft Excel – электрондық кесте, бұл кез-келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың және өңдеудің арнайы моделі. Ол кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген деректер негізінде әртүрлі диаграммаларды құруға, деректер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге, сандық эксперименттер т.б. орындауға мүмкіндік береді. Excel программасында әрбір файл бірнеше парақтардан тұратын кітап болып табылады. Бұл құрылым байланыстырылған кестелерді бір жерде сақтауға, қажет информацияны жылдам іздеуге мүмкіндік береді. Excel парақтарының қою әріптерімен жазылған таңбашалары бар. Excel жүктелгеннен кейін экранға екпінді болып “Лист 1” шығады, келесi парақтарды екпінді ету үшін сілтемені таңбашаға апарып, маустың сол жақ батырмасын басу қажет. Егер парақтың қажет таңбасы көрінбей тұрса, онда таңбалардың сол жағында орналасқан сілтемені маустың сол жақ батырмасымен басып шығарылады.Excel-де жұмыс аймағы жолдар мен бағанадан тұрады. Excel-де бағаналар саны – 256 тең, ал жолдар саны – 65536. Әрбір жол мен бағананың қиылысқан жері ұяшық немесе тор көзі деп аталады. Оған деректер енгізуге болады (текстер, сандар, формулалар). Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны 16777216 тең. Әрбір ұяшыққа 32000 таңбаға дейін енгізуге болады. Электрондық кестеде кестелік меңзер болады – ол ұяшықты ерекшелеп, екпінді ұяшық екенін көрсетеді. Меңзерді маус немесе пернелер тақтасы арқылы жылжытуға болады. Меңзер орналасқан ұяшық екпінді ұяшық деп аталады. Ұяшық пен блокты абсолюттік, салыстырмалы және аралас түрде адрестеуСалыстырмалы адрестеу. Ұяшықпен қатынас кезінде D3, A1:H9 және тағы басқа түрдегі қатынастарды қолдануға болады. Адрестеудің бұл түрі салыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестеу формулаларды ығыстыру кезінде өте қолайлы болып табылады. Формулалар көрсетілгендей адрестерді қолдану кезінде Excel ағымдағы ұяшықтың салыстырмалы орналасымын сақтайды. Мысалы: D4 ұяшығына “=D1+D2” формуласын енгізгенде, Excel формуланы келесі түрге келтіреді: Ұяшық құрамындағылардың қосындысын тауып, D4 ұяшығынан С4 ұяшығына “=D1+D2” формуласын көшірсеңіз, онда Excel интерпретаторы формуланы “Үш қатар жоғары орналасқан ұяшық құрамындағысын қосу” деп келтіреді. Осыған байланысты С4 ұяшығындағы формула “=С1+С2” түрінде өзгереді.Абсолюттік адрестеу. Егер формуланы көшіру барысында, нақты ұяшық сілтемесін сақтап қалғыңыз келсе, онда абсолюттік адрестерді қолданыңыз. Абсолюттік адрестеу “$” белгісі арқылы анықталады. $С$15 – түрінде берілсе, онда формуланы кестенің қай бөлігіне көшірсеңізде адрес өзгермейді. Осыған байланысты бағана мәндерін бекітіп, ал қатарлар мәнін ығысуға байланысты өзгертуге болады.

12.Компьютер құрылғылары. Жүйелік блок

Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді. Жүйелік блок (Системный блок; system block) - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жедел жад, дискілер жөне контроллерлер) мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Бұның құрамында сыртқы мәлімет жинақтауыш, кейде дисплей мен пернетақта да орналастырылады; компьютердің орталық құрауыштары (процессор, жедел жад, көмекші схемалар, қоректендіру көздері және қуыс-орындар) қондырылған аналық тақша орналасқан қорап. Артқы жағында әр түрлі шалғай құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар (порттар), ал алдыңғы бетінде жарық диодтық индикаторлар бар.

13. Аналық тақша (Плата материнская; motherboard) — орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Ӏшкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен үзілімдер арқылы әрекеттеседі. Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады.

Аналық тақтаға қойылған негiзгi компоненттер:

Орталық процессор chipset ағылшынша) жүйелiк логиканың жиыны - ОЗУға және шеттегi құрылымдардың контроллерлерiне Цпу қосу қамтамасыз ететiн микросхемалардың жиыны

Бейнекарта Видеокарта; video card) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді өңдеп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

Саундбластер (дыбыстық карта) (саундбластер (звуковая карта); sound blaster) - дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы (тақша); creative labs фирмасы 1989 жылы шығарған, кейіннен компьютерлердің дыбыстық тақшаларының стандартына айналған. Көптеген мультимедиалық программалар компьютерде осындай дыбыс тақшаларының болуын талап етеді.

Желілік карта ағылш. Network Interface Card, NIC) — компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы NIC) деп те аталады.Компьютерге орнатылған желілік тақта желіге қосылым орнатуға мүмкіндік береді. Басқа желілік тақталардың көмегімен басқа компьютерлермен арада бөлек, тұрақты жұмыс істейтін қосылым қамтамасыз етіледі. Желілік тақталардың көпшілігі желінің белгілі бір тұрпатына арналған, бірақ олардың кейбіреулері бірнеше желіге қызмет көрсете алады. Желінің ең кең тараған тұрпаты –Ethernet; бұл компьютерлердің өзара әрекеттесуінің желілік стандарты, онда коаксиалды сым немесе өрілген қос сым пайдаланылады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер қорын басқару жүйесі – мәліметтерді сақтау, қосу, жою, редакциялау үшін қолданылатын программалық жүйе.

Мәліметтер қорын басқару жүйелері: Access, Clipper, Oracle, Paradox, FoxPro, FoxBase.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]