Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

УДК 908 (084)

ББК 26.89 + 77я6

Э 41

Бас редакторы:

Ү.Д.Мұңалбаева – «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК директоры, педагогика ғылымдарының докторы

Э 41 Экскурсиялық текст: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің 10 жылдығына

арналады. / Құраст.: А.С.Шойбекова. – Астана: Қазақстан Картасы, 2011. – б.

ISBN 978-601-80174-7-6

Берілген экскурсиялық текст «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің макет жүзінде көрсетілген Қазақстанның әр облысы мен қалаларының көрнекті жерлерінің сурет жүзінде мағлұматтары жинақталған.

Экскурсиялық текстке облыстың, аймақтың архитектуралық және тарихи ескерткіштерінің тарихы мен аңыз-әңгімелер де енген. Экскурсиялық текстты дайындау барысында көптеген ғылыми, публицистикалық, көркемдік әдеби баспалар пайдаланылды.

Кітап көркемсуреттермен безендірілген және көпшілік оқырман қауымға арналған.

ISBN 978-601-80174-7-6 УДК 908 (084)

ББК 26.89 + 77я6

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК, 2011 жыл

«...Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне, адал қызмет етуге парыздармыз. Ол үшін әрбір азамат еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-тәнімен сезінуі керек.»

Н.Ә. Назарбаев

«АТАМЕКЕН» Қазақстан Картасы»

Көз салсаң өткен күнге, кешегіге,

Тарихтың көші баяу көшеді де.

Беймәлім талай сырға қанығасыз,

Келсеңіз «Атамекен» кешеніне.

Жерімнің бүтіндігі ел тілегі,

Желі кеп Сарыарқаның желпіп еді.

Байлығын еліміздің, әсемдігін,

Айнытпай көз алдыңа келтіреді.

Туған жер қасиетін ұққандайсың,

Шипалы ауасынан жұтқандайсың.

Қазақтың қасиетті кең даласын,

Аралап бір-ақ сәтте шыққандайсың.

Тілдесіп болашақтай тылсымменен,

Қадірін тәуелсіздік білсін деп ем.

Бетінде «Қазақстан Картасының»,

Жүрегі Отанымның дүрсілдеген.

Қонысбай Әбілов

Қазақстанның халық ақыны

Атамекен

«Атамекен» – ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған «кір жуып, кіндік кескен» аймақ, өңір. Түркі қауымына ортақ «Ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, «ата – бабалар ғұмыр кешкен, олардың ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіретін термин ретінде орныққан.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені

Қазақстанның «Атамекен» танымды-көркемдік кешені – мемлекеттің тарихымен, онда тұратын халықтардың мәдениетімен таныстырады. Сәнді таулар, қыраттар, қырлар, ормандар, көлдер, ірі қалалардың нышандық белгілері – осы мәдени орталықтың өзіндік ансамблін құрайды. “Атамекен” Қазақстан Картасының” ерекше бөлігі - Каспий теңізі. Этно-мемориалдық кешен көлемі - 1,7 га алады.

Картада 14 облыс және 2 қала - Астана және Алматы орналасқан.

Қазақстан Республикасы аумағының жалпы көлемі - 2,7 млн. шаршы шақырым.

Халқы - 16 518 000 адам (2011 жылдың 1 мамыр ағымдағы есебі бойынша).

Шекараның ұзындығы – 12 187 км.

Елордасы - Астана.

Қазақстан аумағында 140-тан астам ұлт және шағын халықтар тобы өмір сүреді.

Ең ірі таулы массив – Хан-Тәңірі шыңы – 6995 м.

Ең ірі теңіз – Каспий – 374 шаршы шақырым.

Ең ірі өзен – Ертіс – 4 248 км.

Мұңалбаева

Үмітхан

Дәуренбекқызы

«Атамекен» Қазақстан Картасы»

этно-мемориалдық кешенінің директоры,

педагогика ғылымдарының докторы

Қазақстан Республикасы

Елдің мемлекеттік тәуелсіздігі 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланған. Жер көлемі – 2724,9 мың шаршы шақырым. Халқы - 16 441 959 (2011 жылдың 1 қаңтары). Астанасы – Астана қаласы.

Қазақ елі ұлан-байтақ. Бір қиырынан бір қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылады. Кең байтақ жеріміз батысындағы Жайық өзенінен шығысындағы Алтай таулары мен Ертіс өзеніне дейін 3 мың шақырым, солтүстігіндегі Батыс Сібір ойпаты мен Есіл өзенінен оңтүстігіндегі асқақ Алатауға дейін 1600 шақырым, жалпы аумағы 2 724,9 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Жағрапия тілімен айтқанда, 55°,26' - 40°,56' солтүстік пен 45°,27' - 87°,18' шығыс бойлық арасына орналасқан. Қазақстан өзінің жер көлемі жөнінен әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарында тұр. Бұл көрсеткіш бойынша, ол Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орынды алады.

Қазақстан Республикасының шекарасы 12 мың шақырымнан асады. Оның 12 мың шақырымы құрлықпен, ал 1730 шақырымы су (Каспий және Арал теңіздері) бойымен өтеді. Батыс, солтүстік батыс және солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясы болса, оңтүстік-шығыс және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстағы шекараластарымыз Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы.

Қазақстан жерінде 100-ден аса ұлт пен ұлыстар тұрады. Жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.

Республика аумағында 4 750 түрлі өсімдік өседі. Ірі мұхиттардан тым шалғай жатқандықтан, Қазақстанның климаты, негізінен, құрғақтығымен ерекшеленеді. Тек Алтай мен Алатау маңында ғана ылғалдау ауаның басымдылығы сезіледі.

1. АСТАНА ҚАЛАСЫ

Астана қаласының аумағы – 710,2 мың шаршы шақырым.

Халқының саны – 725952 адам (2011 жылдың 1 маусым ағымдағы есебі бойынша).

1830 жылы Есіл өзенінің жағалауы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі, 1832 жылы Ақмола сыртқы округі құрылды. Ерте заманда осы жерде тайпалар ордалары орналасып, жазғы кездесулер өткізілген, маңызды мәселелер (әскери экономикалық жер иелену, Ұлы Сарыарқа арқылы қыстауларға өту) талқыланған.

Астана қаласы қазіргі атын 1998 жылы алды. 1961 жылға дейін қала – Акмолинск, 1961-1994 жылдар аралығында – Целиноград, 1994-1998 жылдары – Ақмола деп аталған.

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Астана қаласы тез қарқынмен дамып, көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналып, Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия  университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар салынды. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орналасқан. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шет елдерден келген қонақтарды таң қалдыруда.

Астана күннен-күнге өзгеріп, ажарланып келеді. Жас Астана тарихқа еніп, Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қалаға айналды.

1.1 АҚ ОРДА

Президент саябағының маңында мемлекет басшысының тұрақты орны, яғни ғимараты орналасқан. Оның биіктігі – 80 метр, 1-ші қабаттың биіктігі – 10 метр, ал қалғаны – 5 метрден. Ол 2 жерасты қабаты және 5 жерүсті қабаттан тұрады. Күмбезі көк түсті болу себебі Қазақстан Республикасының туының түсін білдіреді. Қазақстан Республикасының Президент Ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі 2004 жылы 24 желтоқсанда болды. Осы жерде Елбасымыз шетелден келген елшілерді, құрметті қонақтарды қарсы алып, марапаттайды. Сонымен қатар, жиналыстар мен көптеген салтанатты жиындар жүргізіледі.

1.2 БӘЙТЕРЕК

“Бәйтерек” тәуелсіздік монументі – биіктігі 97 метрден тұратын шар тәріздес құрылыс. Бұл жыл сайын терек ағашының ұшар басына сиқырлы жұмыртқа салатын Самұрық құс туралы көне қазақ аңызының символы іспеттес. Тәуелсіздік монументінің орасан зор құрылысы ендікте және меридианды осьта орналасқан. Монументтің оңтүстігінде Қорғаныс министрлігінің, ал солтүстігінде Сыртқы Істер Министрлігінің ғимараты салынған. Қаланың қай жерінен болсын көрініп тұратын бұл кешен Астананың ғана емес, жалпы тәуелсіз Қазақстанның рәмізіне айналып отыр.

1.3 ПАРЛАМЕНТТІҢ СЕНАТ ҒИМАРАТЫ

Сенат ғимараты – Есіл өзенінің сол жағалауында ең әдемі жерде, «Ақ Орда» Президент Резиденциясы, Үкімет үйі, Парламент, Жоғарғы Сот, шетел мемлекетерінің елшіліктері, т.б. салынған ауданда орналасқан. Ғимарат – жоғарғы (Сенат) және төменгі (Мәжіліс) ҚР парламент палаталарынан тұрады. 2006 жылы ТОО «Серік», ОАО « Алматыкульбытстрой» және ОАО «Алматыгипрогор – І» Сауд Арабия Патшалығының грантына, «Ахмат аль Решад алъ – Хумайт» компаниясының жобасы бойынша тұрғызылды. Ғимаратта Шығыс архитектурасы басым болып келеді.

1.4 ПАРЛАМЕНТТІҢ МӘЖІЛІС ҒИМАРАТЫ

Ғимарат 2005 жылы салынған, бас мердігері – «АХСЕЛЬ» түрік компаниясы. 22 қабатты ғимараттың жалпы көлемі – 26 мың ш.м. Кабинеттерде нәтижелі жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. 2 отырыс залы (150 және 400 орындық) қазіргі техникамен жабдықталған. Журналистерге арналған балконға 130 адам сияды.

1.5 ЖОҒАРҒЫ СОТ ҒИМАРАТЫ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай 2003 жылы 16 желтоқсанда ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Жоғарғы Сот ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 4 қабатты ғимараттың жалпы көлемі – 18853 ш.м. Әр кабинет заман талабына сай жасалынған. 300 орындық конференц-залы мен 160 ш.м. бөлмеде орналасқан “Қазақстан Республикасының құқық тарихының музейі” бар. ТОО «Джейлан Лимитед» (Түркия) пен Қазақстан архитекторларының (А.Тортаев, А.Чиканаев, Б.Тортаев) жобасымен салынған ғимарат.

1.6 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТ ҮЙІ ҒИМАРАТЫ

21 қабаттан тұратын жаңа ғимараттың бұрынғы ғимараттан анағұрлым айырмашылығы бар. Ғимараттың жалпы көлемі – 33 мың ш.м.-ден асады. Жаңа корпус 8 блоктан салынған, олардың әрқайсысының өз міндеті бар. Мұнда жұмыс кабинеттері, кеңес залдары, қабылдау залдары басым түседі. Автомобиль тұрақтары далада ғана емес, сонымен бірге ғимараттың ішінде де бар.

1.7 КИНОКОНЦЕРТТІК ЗАЛ

2004 жылы киноконцерт залының жобасына конкурс өткізілді, оған әлем деңгейіндегі атақты сәулетшілер қатысты. 6 жобаның ішінен комиссия сәулетші Николеттидің жұмысын таңдады. Белгілі дәрежеде бұл әлемдік сәулет өнеріне нық аяқ басу деген сөз.

1.8 МИНИСТРЛІКТЕР ҮЙІ

2007 жылы ОАО «Корпорация KUAT» арқылы салынып, тұрғызылған ғимарат. Архитекторы – Ш.Матайбеков. Жалпы ауданы – 228 мың шаршы метр. 20 блоктан құрылған. Ішінде 20 министрліктер орналастырылған. 4 конференц залы, 6 асхана және де мұрағат, мұражай мен емхана орналастырылған.

1.9 «ЕВРООРТАЛЫҚ» БИЗНЕС-ОРТАЛЫҒЫ

18 қабатты бизнес-орталығының көлемі – 22 мың шаршы метр. «Еуроорталық» - болашағы зор ауданда, Есіл өзенінің сол жағалауында жаңа әкімшілік орталығында орналасқан. Ғимараттың өзіндік тендесі жоқ сәулет өнері бар. Құрылыста жаңа заман талабына сай материалдар мен инженерлік технологияларды пайдаланған. Ғимарат келбетінің бай да қанық бояулары шынылауымен тамаша үйлесе отырып, оған көркемдік бере түседі. Бизнес-орталығына спорт-ойын-сауық кешені, мейрамханалар, барлар, бильярд, сән салоны, фитнес-клуб, жаттығу залдары, сквош, бассейн, моншалар; офистік бөлімдер – офистер, кездесулер мен келіссөз өткізетін залдар, конференц-зал; қонақ күту бөлімі – апартаменттер және пентхаустар кіреді. Бизнес-орталығы жаңа технологиямен жабдықталған.

1.10 МЕКТЕП

КСРО кезеңіндегі соғыс ардагері Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы. Бұл мектепте ағылшын тілін меңгеруге ерекше көңіл бөлінген. Оқушылардың білімін тереңдету мақсатында эстетикалық, лингвистикалық циклда балаларға білім беріледі.

1.11 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ

2003 жылы Қорғаныс министрлігінің ғимараты салынды. Бас сәулетшілер – Қапаров Әлібек Қапарұлы, Минский Юрий Олегович. Бас мердігерлік ұйымы «СФ Мотив-Акмола» ЖШС. Ғимараттың жалпы көлемі – 25300 ш.м.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 11 жыл толған күні 2003 жылы 7 мамырда ғимараттың салтанатты ашылуы болды. Ашылуында ҚР-сы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, ҚР-сы Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты.

6 қабатты әкімшілік ғимараты – классикалық сәулет стилінде орындалған. Жоспарда формасы – П әрпіне ұксас, касбетінде – екі деңгейлі колонналар, ғимараттың орталығында – пирамида тәріздес конус орналасқан. Әкімшілік ғимаратында Қорғаныс министрлігінің Бас Басқармасы мен департаменттері, Әскери басқару орталығы және Орталық командалық пункт, салтанатты іс-шаралар өткізетін рәсімдеу залы орналасқан.

Бірінші қабатта техникалық бөлмелер және қару-жарақтан көздеп атуға қолайланған нысана – тир орналасқан. Ғимараттың орталық кіреберісінде – атаулы күндері еліміздің рәмізі мемлекеттік байрақты көтеруге арналған биіктігі 15 метр тутұғыр (флагшток) орналасқан.

1.12 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ

2005 жылы 16 сәуірде Елбасының қатысуымен Сыртқы істер министрлігі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Сыртқы саяси мемлекеттік басқару мекемесінің бас ғимараты кез-келген елдің келбеті болып саналады. Өйткені, көбінесе дәл осы ғимарат шетел өкілдерінің жиі келіп тұратын орны. Алғаш көргендерінен алған әсерлерінен жалпы Республика туралы ой-пікір қалыптасады. Сыртқы істер министрлігінің жаңа ғимараты шетелдік қонақтарды өз келбетімен таң қалдырды десек, артық айтқан болмас едік. Оны басқа елдердегі осыған ұқсас офистермен салыстыра отырып, мынадай тұжырымға келеміз: Қазақстан тек ТМД елдерінің ғана емес, басқа да мемлекеттердің алдына шықты.

Объектіні 2 жарым жыл ішінде «Мабетекс» швейцарлық компаниясы салды. Ғимараттың іші де, сырты де үйлесімділігімен адамды қайран қалдырады, тамаша әсер береді. Жаңа ғимарат ескісінен екі есе үлкен, яғни 5 қабатты және көлемі – 20 мың шаршы метр. Тұрған орны да сәтті таңдалған – «Байтерекке» қарама-қарсы орналасқан. Жаңа объектіні ашып жатып, Нұрсұлтан Назарбаев жібек лентаны кесіп, Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевқа Мемлекеттік Туды табыс етті. Бұл – Астана тарихындағы ең маңызды күн екенін Президентіміз атап өтіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы саяси мемлекеттік басқару мекемесінде не бары 5 қызметкер және жұмыс орындарының Алматыдағы кішкентай жеке үй болғанын еске түсіріп өтті.

– Бізде сыртқы саясат болмады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Біз оны жаңадан құрдық. Қазіргі таңда бізде өзіміздің жоғары білікті дипломаттарымыз бар. Қазақстан әлемнің бүкіл елдеріне танылды, қарым-қатынас орнатты, сонымен бірге көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болды.

1.13 “ПЕКИН-ПАЛАС” ҚОНАҚ ҮЙІ

«Пекин-Палас» бизнес орталығы – бұл болашақтың үлгісі. Ғимарат Есіл өзенінің сол жағалауына салынған. Қазіргі заманның талаптарына сай сәулет үлгісінде салынған қонақ үй, офистер, бизнес қызметтерін атқаратын 5 жұлдызды разряды бар көп қызметті зәулім кешені. Ол – 25 қабаттан тұрады. Астында 2 қабаты бар. Жалпы көлемі – 42316 ш.м.

Берілген объектінің негізгі қызметтері: қонақ үй және офистер – 1-ден 8-ге дейінгі қабатта, 18-ден –21-ге дейін – қонақ үйі, 1-ші жерасты қабатында – паркинг, жүзетін бассейн, монша-сауна, қойма және басқа да орындар; 2-ші жерасты қабатында – жұмысшылар мен қызметкерлерге, техникалық жабдықтарға және қоймаларға арналған үй-жай орындары орналасқан.

Берілген объектіде қонақ үйі үшін 146 нөмір бар.

1.14 ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған тұрғын үй. Тұрғын үй ішіне фитнес-клуб, балалар алаңы, бизнес-орталық кіреді. Ол «Элистрой» компаниясының қолдауымен салынған. Жалпы ауданы – 100 мың шаршы метр.

1.15 «СЕВЕРНОЕ СИЯНИЕ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

«Северное сияние» тұрғын үй кешені – Сулы-Жасыл бульварда, Астана қаласының жаңа орталығында, Бәйтерекке жақын жерде орналасқан.

«Северное сияние» тұрғын үй кешені – «Хай-Тек» үлгісінде жасалған, сәулетшілер Одағының Халықаралық ассоциациясының сыйақысын алған ғимарат. Жоба – сәулет және дизайн, құрылыс және инженерлік жарақтандыру салаларында ең жоғары жетістіктерге жетті.

Зәулім үйлер – 32, 37 қабаттан 42 қабатқа дейін билеп жүрген үш ғажап – сұлулық, қуаныш, әсемдік – бұлтқа қарай ұшып бара жатқан үш ару секілді.

Тұрғын үй кешені теңдесі жоқ келбетімен ғана емес, сонымен бірге жеке инфроқұрылымымен, қауіпсіздік шараларын пайдалану қызметімен ерекшеленеді.

1.16 “ИЗУМРУДНЫЙ КВАРТАЛ” ТҰРҒЫН КЕШЕНІ

Ғимарат Есіл өзенінің сол жағалауында салынған. Құрылысты «Базис А» компаниясы жүргізді. «Изумрудный квартал» кешені келісімшарт бойынша 2011 жылдың 30 қарашасында толық пайдалануға берілді. Жоба жүзеге асырылған соң 112 мың шаршы метр коммерциялық жай, 750 паркинг экономикалық айналымға берілді. Кешендегі ғимараттың биіктігі – 181,97 метр, тұрғын үй қабаттарының саны – 45, жалпы ауданы – 112330 шаршы метр. Әкімшілік кешеннің құрылысында жаңа технологиялар пайдаланылған. Нысан сәулетінің көптеген бірегей ерекшелігі бар, мысалы, 32-ші қабаттан бастап әрбір келесі қабаттың ауданы артып отырады, ғимарат төбесі 15 метрге ауытқып асимметриялы болып шығады. Сонымен қатар, жаңа бизнес орталықта 15 мыңнан астам адам жұмыс істей алады.

1.17 ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНА

Ұлттық Академиялық кітапхананың тарихы Қазақстанның ақыл-парасат орталығы ретінде Астананың құрылуымен тығыз байланысты. Кітапхана – Астананың және жалпы елдің шығармашылық әлеуетін дамытуға тікелей жәрдемдесуге арналған.

2004 жылы 23 сәуірде ҚР-сы Үкіметінің Қаулысымен құрылған ҚР-ның Ұлттық Академиялық кітапханасының қызметі – Орталық Азия аймағының әмбебаптық ақпараттық қорларының пайда болуын қамтамасыз етеді. Бұл қорлар – ақпарат мөлшері және оны пайдалану мүмкіндігі жағынан басқа институттарды басып озады.

Ұлттық Академиялық кітапхананың алғашқы бас директоры – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері Бердігалиева Роза Амангалиевна.

5 қабатты жаңа кітапхананың жалпы көлемі – 15000 ш.м. Кітапхана оқырмандарына барлық жағдайлар жасалған. 500 мыңдай оқырманға 20 шақты оқу залы қызмет көрсетеді. Кітапхана мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы оқу залын әзірлеуде.

Кітапханада күшті серверлік кешенді 5 млн дана кітап қорына арналған сақтау орны бар. Кітапхана өз оқырмандарына электрондық онлайынды каталогтарды, электрондық журналдарды, энциклопедияларды пайдалану мүмкіндігін ұсынады.

Азаматтығына, әлеуметтік деңгейіне қарамастан кітапхана қызметін еліміздің кез-келген тұрғыны пайдалана алады. Ал виртуалды кітапхананың қызметін әлемнің кез-келген азаматы пайдаланады.

1.18 ЭТАЛОНДАР ОРТАЛЫҒЫ 

Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің тапсырысы бойынша эталондар орталығы ашылды. Өзіндік ерекше өрнекпен са­лынған бұл орталықтың сметалық құны 2,3 млрд теңге және ол толы­ғымен республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың есебінен салынған. Құрылыс жұмыстары 2004 жылы басталып, 2007 жылы қолдануға берілді. 8 қабатты ғимаратта 10 зертхана орналасып, эталондық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл – Орта­лық Азия ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде әлі болмаған, барлық халықаралық талаптарға сай келетін орталық. Қазір жаңа орталықта 76 эта­лондық бірлік пен эталондық жа­рақ бар. Эталондық база әлемдегі барлық 17 өлшем бірлігінің 13-ін қамтыған. Соның ішінде цезий стандартына сәйкес уақыттың, абсолютті қысымның, салмақтың, ұзындықтың, дәннің ылғалдылық бірлігінің, т.б. эталоны бар. Уақыт эталоны 5 млн жылда бір секундке ғана кеш қалуы мүмкін. Ор­талықты аралаған Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев осы бағдарламалы-аппаратты кешенде болып, негізгі мемлекеттік уақыт эталонын 16 сағат 27 минут 58 секундте салтанат­ты түрде іске қосты.

1.19 ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы - Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. Оның басты телекоммуникациясы Астананың сол жағында орналасқан. 1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақстан телекоммуникациясы” ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” телекоммуникациялардың барлық желісін – телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген. Астанада қалааралық коммутациялық орталықтың салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық қағидаттарына көшуге мүмкіндік берді. Барлық облыстардағы қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды.

1.20 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТЫ

Ғимарат – арнайы зертханаларда ҚР-ның ақпараттарын іріктеуге және материалдық бағалықтарды сақтауға арналған. Жалпы аумағы 12 725 шаршы метрді алып жатыр. Ғимарат екі блоктан тұрады. 1 блок – 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде). 2 блок – 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады. Бірнеше оқу залдары, синхронды аудармамен қамтылған конференц–зал, кино, көрме және интернет залдары, Ұлттық мұрағат қорларға арналған экспозициялық холлдар бар. Құжаттарды консервациялау, өңдеу, микрофильмдеу және көшірме жасау лабораториялары орналасқан. 2009 жылдың 25 қыркүйегіндегі есеп бойынша 79 мұрағаттық қор мемлекеттік сақтауда. Оның ішінде 74 қор – басқару құжаттары, 1 – ғылыми-техникалық құжаттама, 4 – жеке тұлғалар қоры. Барлығы – 59 мыңнан астам сақтау бірлігі бар.

1.21 ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ гуманитарлық заң университеті – республикадағы ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі. Жалпы ауданы – 32000 шаршы метр. Университетте 40 аудитория, 6 лексикалық амфитеатрлық зал, үлкен спорт зал, кітапхана, мұражай және асхана орналасқан. Қазақ мемлекеттік заң институты 1994 жылы 14 наурызда құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 қарашасындағы Қаулысымен Қазақ мемлекеттік заң университеті, 2000 жылдың 14 ақпанында – Қазақ мемлекеттік заң академиясы болып қайта құрылды. 2001 жылдың 24 қазанындағы №3158 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» Республикалық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Үкімет Қаулысымен Академия «Қазақ гуманитарлық заң университеті» ЖАҚ болып қайта құрылды. 2003 жылдың 16 қаңтарында «ҚазГЗУ» ЖАҚ-нан «ҚазГЗУ» ААҚ, 2004 жылдың 19 мамырында – «ҚазГЗУ» АҚ болып қайта құрылды. 2008 жылдың шілде айында жалпы аумағы 32 235,1 ш.м құрайтын ҚазГЗУ-дің жаңа оқу ғимараты ашылды.

1.22 “РИКСОС” ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОНАҚ ҮЙІ

2005 жылы шілдеде «Риксос» Президенттік отелі ашылды. Отель аты Афин королінің ұлы Ликостың құрметіне берілді. Бес жұлдызды отель – қаланың ең тамаша бөлігінде, Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында орналасқан.

«Риксос» қонақ үйі - «Риксос» тобындағы қонақ үйлердің ішіндегі ең теңдессіз тамаша сәулетімен, әсем де сәнді безендіруімен, мінсіз таза қызмет көрсетуімен белгілі болды. 168 нөмірлі қонақ үйдің әрбір бөлмелерінде, апартаменттерінде ауа тазартқыш кондиционерлер орнатылған. Сонымен бірге, әр нөмірдің жуынатын бөлмесінде теледидар, радиоқабылдағыш пен телефондар бар.

Отелдің жоғары кластық конференц-залдары ресми және жеке кездесулер өткізуге әрқашан дайын.

500 орындық би залы мен «Шанырақ» атты отырыстарға арналған дөңгелек залы бар. Қонақтар үшін СПА орталығы, жылытылатын жабық бассейн, түрік моншасы, сауна, бу бөлмесі, фитнес орталығымен жабдықталған.

1.23 “НҰР-АСТАНА” ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ

2005 жылы 22 наурыз күні, Наурыз мейрамында Астана қаласының орталық мешітін ашу рәсімі өтті. Мешітке «Нұр-Астана» деген ат берілді. Ислам мәдени орталығының ашылу рәсіміне ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысып, мешітке сый ретінде Сауд Аравиясы королінің баспаханасынан шыққан, Каабу мен Құранның сәні - Құран жазуы бар «жапқыш» ұсынды. Кешеннің құрылысы 2002 жылы Катар мемлекетінің қаржылай қолдауымен басталған болатын. Мешітті салуға грант қаржысынан 6 млн.840 мың АҚШ доллары жұмсалды. Жалпы мешіт құран оқу ғимаратынан (әйелдер және ерлер залы), 4 мұнарадан, екі су атқышы бар ашық ауладан және имам үйінен тұрады.

Мешіт ливан сәулетшісі Чарльз Хазифтің жобасымен салынды. Бас күмбездің биіктігі – 45 м. Ғимараттың жалпы көлемі - 3930 шаршы метр.

1.24 ДӨҢГЕЛЕК АЛАҢ

Дөңгелек алаң – Қабанбай батыр даңғылы мен жабық жаяу эспланаданың ендік осьінде орналасқан.

Дөңгелек алаңдағы жаяу адамдар қозғалысы көлік қозғалысынан бөлек. Терраса түріндегі жаяу адамдар қозғалысы төменгі деңгейде жүзеге асады. Көлік қозғалысы эстокадамен жүргізіледі. Эстакада ұзындығы 352 метр, ал ені 24 метрді құрайды. Террасаның жоғарғы қабатында периметр түрінде қызмет ету объектілері орналасқан, ал төменгі қабаты жақсы көгалдандырылған және шамдармен, төменгі белгіге дейін түсетін күрілдеуіктермен қоршалған. Дөңгелек алаңның батысында “ҚазТрансОйл”, “ҚазМұнайГаз” компаниялары мен Еуразия банкінің 7 және 20 қабатты ғимараттары салынған. Екі 20 қабатты терраса ғимараттарының 10-13 қабаттары галереямен қосылған.

Алаңның солтүстік-шығысында 34 қабатты, әсем үлгідегі Көлік Министрлігі мен Коммуникация ғимараты салынған. Ғимарат алтын тәріздес шынымен өңделгендіктен, қаланың әр шетінен айқын көрінеді. Жалпы биіктігі 155 метрге жетеді. Сулы-жасыл бульвар (жаяу эспланада) үш ауданды біріктіреді. Жаяу эспланада батыстан шығысқа қарай 2,5 км қашықтықты алып жатыр, ал оның ені 100 метрге дейін жетеді, жалпы 15 га алаңды алып жатыр.

1.25 ДИПЛОМАТ ҚАЛАШЫҒЫ